Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің

күші жойылды деп тану туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

         Қазақстан Республикасының

                    Премьер-Министрі                                                               А. Мамин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

20__ жылғы «      » _________

№ ___ қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған

кейбір шешімдерінің  тізбесі

 

  1. «КСРО-ның қорғаушы құжаттарымен қорғалған өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар белгiлерi мен қызмет көрсету белгiлерiне Қазақстан Республикасының қорғаушы құжаттарын беру тәртiбiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 11 қарашадағы № 949 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 44,
    647-құжат).
  2. «Қазақстан Республикасында жасалған қызметтiк өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсiп үлгiлерi жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 тамыздағы № 896 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 35,
    379-құжат).
  3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 тамыздағы
    № 987 қаулысының 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
    1994 ж., № 35, 379-құжат).

 

Дата публикации
08 декабря 2020