
Әділет министрлігі Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайту мақсатында халықаралық аренадағы қызметін құқықтық қамтамасыз етуге қатысады.
Негізгі міндет Әділет министрлігінің құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын жасауға дайындау және заңдық сараптама, экономикалық интеграция мәселелерін қоспағанда, екіжақты және көпжақты сипаттағы халықаралық шарттарды жасасу, орындау және тоқтату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына заңдық сараптама жасау болып табылады.
Әділет министрлігі Мемлекеттік органдардың Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ кеңесінің Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде ұсынымдарын және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің ратификацияланған адам құқықтары туралы халықаралық пактіні орындау жөніндегі ұсынымдарын іске асыруды үйлестіреді.
Халықаралық интеграциялық ынтымақтастық
Әділет министрлігінің міндеттерінің бірі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) шеңберіндегі Халықаралық экономикалық интеграция мәселелері бойынша Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық қамтамасыз ету және интеграциялық процестерде ұлттық мүдделерді құқықтық қорғау, халықаралық шарттар жобаларына, ЕАЭО органдары актілерінің жобаларына заңдық сараптама жүргізу болып табылады
Халықаралық шарттардың жобалары, ЕАЭО органдары актілерінің жобалары және Әділет министрлігінің құзыретіне жататын Халықаралық экономикалық интеграция мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобалары әзірленеді.
Әділет министрлігі ЕАЭО мүше-мемлекеттердің Премьер-министрлері орынбасарларының деңгейінде ЕАЭО комиссиясы кеңесінің, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің Премьер-министрлері деңгейінде ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің және ЕАЭО мүше-мемлекеттердің басшылары деңгейінде ЕАЭО Жоғары Кеңесінің отырыстарына көзбе-көз қатысады.