GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
Азаматтарды жеке қабылдау

2026 жылдың 22 қазан Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысы Мейіржан Нұржанұлы Исабеков халықпен кері байланыс орнату мақсатында, «Азаматтардың қабылдау орталығы» ғимаратында азаматтарды жеке қабылдады..
Қабылдау барысында азаматтардың құқықтық мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетіліп, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы Әділет департаментінің қызметі мен өзекті жаңалықтарын «Instagram>>> және «Facebook» әлеуметтік ресми парақшаларынан білуге болады.

23 октября 2026
Тараз қаласы «Парасат» жоғары колледжінің студенттерімен Республика күніне орай дөңгелек үстел
 

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Жамбыл облысының Әділет департаменті Тараз қаласы «Парасат» жоғары колледжінің студенттерімен Республика күніне орай дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында баяндамалар оқылып, студенттермен сұрақ- жауап алмасты.

22 октября 2026
Республика күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай дөңгелек үстел

2026 жылдың 21 қазанында Жамбыл облысының Әділет департаменті қызметкері Ж.Салиева, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттерімен Республика күнін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын мерекелеуге қатысты дөңгелек үстел өткізді. Іс шара аясында баяндамалар оқылып, студенттермен сұрақ-жауап алмасты.

 

22 октября 2026
Заң мен тәртіп

   

   Мемлекеттік кіріс, әкімшілік айыппұлдар бойынша сомаларды өндіру туралы жұмысты тиімділігін арттыру мақсатында, 2026 жылдың қазан айының 20-да, Т.Рысқұлов ауданының аумағында «Борышкер» іс-шарасы өткізілді.
   Іс-шараға полиция бөлімі, мемлекеттік сот орындаушы, жеке сот орындаушысы және салық басқармасының қызметкерлері қатысты.

19 октября 2026
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында өз аумағын көркейту мен тазалығын сақтау акциясы өткізілді

2026жылдың 17 қазанында Жамбыл облысы Әділет департаментінің қызметкерлері, Республика күні ұлттық мерекесін өткізуге арналған іс- шаралар жоспарының 3 тармағын орындау мақсатында «Таза Қазақстан» жобасы аясында өз аумағын көркейту мен тазалығын сақтау акциясын өткізді.

19 октября 2026
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №67 мекемесіне барып, мекеменің жұмыс барысымен, ішкі тәртіп талаптарымен, қамауда ұсталып отырған азаматтармен кездесу

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аппарат басшысының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №435 бұйрығымен бекітілген 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша іс-шаралар жоспарының 16-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы әділет департаментінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №67 мекемесіне барып, мекеменің жұмыс барысымен, ішкі тәртіп талаптарымен, қамауда ұсталып отырған азаматтармен кездесіп, олардың қамақтағы жағдайымен таныстырылды

 

19 октября 2026
Жамбыл облысы Талас ауданындағы құқық кабинеттері

Жамбыл облысында 150 құқықтық кабинет жұмыс істейді. 2026 жылдың 14 қазанында Әділет департаментінің қызметкері Ж.Салиева Талас ауданындағы ауылдық округтерде орналасқан құқықтық кабинеттерге барып, олардың қызметімен танысып, халықпен кездесу жұмыстарын жүргізді.

19 октября 2026
«Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы Талас ауданында азаматтарды жеке қабылдау акциясы өткізілді

Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру мақсатында, Жамбыл облысының прокуратурасы, әкімдігі және полиция органдары өкілдерінің, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының, адвокаттың және нотариустың қатысуымен Жамбыл облысы Талас ауданында азаматтарды жеке қабылдау акциясы өткізілді.

19 октября 2026
Жамбыл облысындағы Сарысу ауданындағы құқық кабинеттері

Жамбыл облысында 150 құқықтық кабинет жұмыс істейді. 2026 жылдың 14 қазанында Әділет департаментінің қызметкері Ж.Салиева Сарысу ауданындағы ауылдық округтерде орналасқан құқықтық кабинеттерге барып, олардың қызметімен танысып, халықпен кездесу жұмыстарын жүргізді.

19 октября 2026
«Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы Сарысу ауданында азаматтарды жеке қабылдау акциясы өткізілді

 Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары А. Маткаримовтың «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру мақсатында, Жамбыл облысының прокуратурасы, әкімдігі және полиция органдары өкілдерінің, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының, адвокаттың және нотариустың қатысуымен Жамбыл облысы Сарысу ауданында азаматтарды жеке қабылдау акциясы өткізілді.

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы