Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Жамбыл облысы Әділет департаментімен Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, Жамбыл облысының және Тараз қаласының прокуратурасының, Жамбыл облысы Полиция департаментінің және Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерімен «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жеке сот орындаушыларымен қозғалған атқару өндірістері бойынша борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жолданған ұсыныстарын қарау кезіндегі туындайтын өзекті мәселелерге арналған.