«Құқықтық білім беру және құқықтық насихат»

«Құқықтық білім беру және құқықтық насихат»

2023 жылдың 22 қыркүйегінде, 2030   жылға   дейін «Қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар қабылдау, атап айтқанда, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру   ұйымдарында   студенттер   арасында   құқықтық   мәдениет  негізін қалыптастыру бойынша жүйелі және өзара байланысты жұмыс жүргізу туралы» бірлескен бұйрығын іске асыру бойынша Тараз қаласының білім бөлімінің № 1, №7, №13 мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: құқықтық сауаттылықты арттыру мен отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ш.Ж.Айнақұлов, бас мамандар А.Асқарбекұлы, Л.А.Абишова, А.М.Елдекенов Жамбыл облысы Полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға-инспекторы Д.А.Кинжеханова, Жамбыл облысы  ҚАЖД кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы – психолог әділет капитаны А.А.Дмитриенко тренинг, әңгімелесу, түсіндіру және сұрақтарға жауап қайтару жұмысын жүргізді.