Меню

Страницы

Статья

Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады. Жеке сот орындаушысының лицензиясын алу үшін Әділет министрлігінің аумақтық бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметті өту қажет. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұдан әрі - аттестация) күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды. Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу; 2) білімді ауызша әңгімелесу түрінде тексеру. Көрсетілетін қызметті алушы өз таңдауы бойынша аттестаттауды қазақ немесе орыс тілінде тапсырады. Егер сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың саны 70 және одан көп болса, көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өткен болып саналады және екінші кезеңге жіберіледі. Тестілеуді тапсыру нәтижелері екі данада басып шығарылады және тестілеу аяқталғаннан кейін жеке қол қою арқылы көрсетілетін қызметті алушыға танысу үшін ұсынылады. Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, екіншісі Комиссияға беріледі. Ауызша әңгімелесу кезінде, Комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушыға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін оларды білуі қажет құқықтық пәндер тақырыбына қатысты кемінде үш сұрақ қояды. Аттестаттаудың қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері көпшілік дауспен тиісті шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді. Мыналар аттестаттаудан және тағылымдамадан өтуден босатылады: 1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар; 2) судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдар; 3) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар; 4) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар.

Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.

Жеке сот орындаушысының лицензиясын алу үшін Әділет министрлігінің аумақтық бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметті өту қажет.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұдан әрі - аттестация) күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.  

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу;

      2) білімді ауызша әңгімелесу түрінде тексеру.

Көрсетілетін қызметті алушы өз таңдауы бойынша аттестаттауды қазақ немесе орыс тілінде тапсырады.

Егер сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың саны 70 және одан көп болса, көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өткен болып саналады және екінші кезеңге жіберіледі.

Тестілеуді тапсыру нәтижелері екі данада басып шығарылады және тестілеу аяқталғаннан кейін жеке қол қою арқылы көрсетілетін қызметті алушыға танысу үшін ұсынылады. Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, екіншісі Комиссияға беріледі.

      Ауызша әңгімелесу кезінде, Комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушыға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін оларды білуі қажет құқықтық пәндер тақырыбына қатысты кемінде үш сұрақ қояды.

Аттестаттаудың қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері көпшілік дауспен тиісті шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді.

Мыналар аттестаттаудан және тағылымдамадан өтуден босатылады:

      1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;

       2) судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдар;

      3) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар;

4) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар.

Дата публикации
07 сентября 2020
Дата обновления
15 октября 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

25 декабря 2025
2026 жылға арналған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімі.
25 декабря 2025
2026 жылға арналған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын ниет білдірген Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарының тізімі.
Ақпарат
26 ноября 2025
Жеке сот орындаушы лицензиясын қалай алуға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы