Меню

Страницы

Статья

Робот сот орындаушысының пайдасы

      2024 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен жеке тұлғаларға қатысты 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар негізінде атқарушылық іс жүргізу қозғалатын "Оңайлатылған іс жүргізу (робот сот орындаушысы)" жобасы іске қосылды.
     Робот сот орындаушысы ерекшелігінің бірі – оның қызметі үшін ақы алынбайды. Жеке сот орындаушысы өз қызметі үшін белгілі бір пайыздық төлем талап етсе, ал робот жүйеде бұл шығындар жойылады. Бұл халықтың атқарушылық құжаттарды орындау процесін қаржылық тұрғыдан қолжетімді етеді.
     Мысалы, Жамбыл облысында 2025 жылдың 7-ай қорытындысы бойынша робот сот орындаушысының өндірісінде жеке тұлғалардан 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу бойынша барлығы 1 103 421 876 теңгені құрайтын 51 776 атқарушылық іс жүргізу орындауда болған.
Оның ішінде 319 849 757 теңгені құрайтын 15 982 атқарушылық іс жүргізу айыппұлдың төленуіне байланысты қысқартылған.
Яғни, робот сот орындаушысы арқылы жеке тұлғалар жеке сот орындаушысының қызметінің ақысына төленетін 79 962 439 теңгені үнемдеп отыр.
       Бұл цифрлық технология 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауды айтарлықтай жеңілдетеді және робот сот орындаушысы жылдам, тиімді, ашық және ақысыз қызмет көрсету арқылы халыққа пайдасы зор.

 

Дата публикации
26 ноября 2025
Дата обновления
26 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 декабря 2025
2026 жылға арналған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімі.
25 декабря 2025
2026 жылға арналған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын ниет білдірген Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарының тізімі.
Ақпарат
26 ноября 2025
Жеке сот орындаушы лицензиясын қалай алуға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы