Меню

Страницы

Статья

Жеке сот орындаушы лицензиясын қалай алуға болады?

Жеке сот орындаушы лицензиясын қалай алуға болады?

Жеке сот орындаушысының лицензиясын алу үшін тұрғылықты жері бойынша өңірлік палата тағайындайтын жеке сот орындаушысынан тағылымдамадан өту қажет.

Тағылымдамадан өту туралы қорытынды алғаннан кейін аттестаттаудан өту үшін құжаттарды Әділет департаментіне тапсыру қажет.

Аттестаттаудан сәтті өткен жағдайда Egov.kz арқылы мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртекті қоса бере отырып, ЖСО қызметімен айналысу құқығына лицензия беруге өтініш беруге болады.

Тағылымдамадан және аттестаттаудан өтпей-ақ жеке сот орындаушысының лицензиясын келесі тұлғалар ала алады:

- Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан сәтті өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған;

- судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судьяның өкілеттігін тоқтатқан адамдар;

- прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген;

- мемлекеттік органдарда атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында кемінде екі жыл жұмыс істегендер.

Дата публикации
26 ноября 2025
Дата обновления
26 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 декабря 2025
2026 жылға арналған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімі.
25 декабря 2025
2026 жылға арналған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын ниет білдірген Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарының тізімі.
Ақпарат
26 ноября 2025
Жеке сот орындаушы лицензиясын қалай алуға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы