Жарияланған хабарландыру мазмұнына
персоналды басқару қызметі жауапты
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-R-4 санаты үшін: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы |
|
|
min |
max |
|
|
С-О-5 |
108306 |
146177 |
|
C-R-4 |
95210 |
128834 |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті, 080000, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 55, анықтама үшін телефон: 8 (7262) 43-35-76, факс: 43-35-76, электрондық мекенжай: a.alzhanbayeva@adilet.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері:
Салық органдарына тапсырылатын есепті дер кезінде дайындау, мемориалдық ордерді жүргізу, айлық төлемақыны есептеу, бас кітапты жинақтау.
Кредит және дебит қарызын жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу бойынша ай сайынғы есебін (форма 1ГЗ) сапалы жүргізіп, Әділет Министрлігіне веб-портал арқылы есебін жолдау, барлық ашық конкурстар (тендерлер) мен ағымдағы баға ұсынысын қатаң түрде жүргізу, құндылықтарды алыс-берісіне байланысты сенімхат қағазын толтыру, баға ұсынысы бойынша келісім шарттарын дайындау, баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша мемлекеттік сатып алу есебін қорытындылау, мемлекеттік сатып алу кезіндегі Қазақстандық мазмұны, көлемі туралы есебін жүргізу, банкпен жүргізілетін барлық төлем тапсырмаларын Қазынашылық департаментіне күнделікті өткізу-қабылдау.
Департаменттің бюджеттік бағдарламаларын құрастыруға қатысады, сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің ұсынған еңбекке жарамсыздық парақтарының және жұмыс уақытын есепке алу табелдерінің дұрыстығын тексереді, еңбек демалысын, еңбек ақы және басқа есептеулерді жүргізеді және белгіленген тәртіпте ұсталатын төлем сомаларын ұстайды, барлық аударылған қаражат бойынша төлем шотын дайындайды, мемлекеттік бюджетке түсетін төлемдердің, әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің дұрыс есептелуін және уақтылы аударылуын қамтамасыз етеді, департамент қызметкерлеріне жалақының есептелуі мен басқа да төлемдер және олардан ұсталатын сомалар туралы анықтама береді, ай сайын №5 «Еңбек ақы бойынша есептесу» мемориалдық ордерін 1С бухгалтерлік бағдарламада қалыптастырады, еңбек ақы, зейнетақы қоры және әлеуметтік есептеулер бойынша айналым ведомосын рәсімдейді, штат тәртібін сақтайды, еңбек демалысы кестесінің орындалуына бақылау жасайды, сыйақы төлемдерін үлестіру жұмысын жүргізеді, Департамент бойынша штат кестесін дайындайды, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияларды қалыптастырып, электронды түрде өткізеді, жұмыс және қызмет көрсетуші, тауар жеткізушілермен салыстырмалы акті жасайды, бухгалтерлік құжаттарды мұрағатқа өткізуді рәсімдейді, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, лауазымдық міндеттемелер шегінде басқа да жұмыстарды орындайды.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі.
Кәсіби біліктілігі: «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Әділет органдары туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: Облыс территориясында орналасқан заңды тұлғалар, оның филиалдары мен өкілдіктерінің электрондық бірыңғай дерекқор базасын қалыптастыру, компьютерлік бағдарламалардың және дерекқор базасының және заңды тұлғалардың жетілуін іске асыру; мемлекеттік (есептік) тіркеу бұйрығының жобасын дайындау, азаматтардың өтініштерін және заңды тұлғалардың сұрауларын қарау, ауданаралық Әділет басқармаларының жұмыстарына талдау жасау, сондай-ақ келіп-түскен ақпараттарды жинақтап Әділет Министрлігіне жолдау, бөлімнің атқарылған жұмысы туралы тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерін дайындау, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептерді дайындау, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің бақылау тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, ұйымдастыру, жоспарлау және болжау қабілетінің болуы, басқармаларға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету, олардың қызметіне тексеру жүргізу.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысады.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Білімі: Құқық саласындағы (жалпы) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Кәсіби біліктілігі: «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: Жекеше нотариустардың, адвокаттардың, бағалаушылардың қызметтеріне тексерулер жүргізу, оларға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ағымдағы заңдылықты түсіндіру. Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқықтарына үміткерлерді аттестациялау. Жекеше нотариустардың есепті тіркелуін жүргізу, нотариалдық палатамен, адвокаттар алқасымен қарым-қатынас орнату, сотта мүдделерін қорғау, ақпараттық-аналитикалық жұмыстың әдістемесі мен нысандарын білуі.
Нотариаттық палатаға жекеше нотариусты жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды;
Халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
Құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысады.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Білімі: Құқық саласындағы (жалпы) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Кәсіби біліктілігі: Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексін, «Авторлық және сабақтас құқық туралы», «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалдық міндеттері: Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеуін жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды, жеке сот орындаушыларының іс қағаздарды жүргізу қағидаларын сақтауын тексереді, жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, өз өкілеттігі шегінде басқа да тапсырмаларды орындайды.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсынысты Министрлікке жолдауды қамтамасыз етеді;
Тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс жолдайды;
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер және тағылымдамадан өткен адамдарды аттестаттаудан өткізеді;
Жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарын жүргізеді.
Құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысады.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Білімі: Құқық саласындағы (жалпы) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Кәсіби біліктілігі: «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5.Жамбыл облысының әділет департаментінің Талас ауданаралық әділет басқармасының, уақытша негізгі қызметкер бала күтімі жөніндегі демалысынан шыққанға дейінгі (2022 жылдың 14 маусымына дейін) бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Әділет департаментіне айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерді әзірлеп, тапсыру, азаматтардың қабылдауын жүзеге асыру, мұрағаттың жұмысына жауап беру, ауылдық округтерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу және таратуды жүзеге асырады, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларын толтыру, әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкісіне қозғалған әкімшілік өндірістер бойынша ақпараттарды енгізеді, басқа мемлекеттік органдарға зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі сұрақтар бойынша әдістемелік көмек көрсету. Әкімшілік өндіріс қозғау. Құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысады.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Білімі: Құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Кәсіби біліктілігі: «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Жер Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Авторлық және сабақтас құқықтары туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешімімен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
|
|
|
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
|
|
__________________________ |
|
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені __________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы: ______________________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________________
e-maіl: ___________________________________________________________
ЖСН: ___________________________________________________________
_________ ___________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))