Тіркеу қызметінің негізгі міндеттері мен функциялары:
- коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді жүзеге асыру;
- мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және тiзiлiмiн жүргiзу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
- жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк реттеуді жүзеге асыру;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
- азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.