Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Талас ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы туралы ереже

Жалпы ережелер

1. Филиал Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысы әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) кұрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент атауы: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі.

Департамент мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, пошталық индексі 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 55.

Департамент тіркеу деректері: БСН000240001946, тіркеу нөмірі 480-1919-01-ММ.

2.Филиал қызметкерлерінің қызметі тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледі.

3. Филиал өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазакстан Республикасы Әділет министрлігі туралы Ережеге, Жамбыл облысы әділет департаменті туралы Ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Филиалдың құрылымын және қызметкерлерінің штаттық санын Департамент басшысы бекітеді.

5. Филиалдың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,пошталық индексі 080800, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 49 үй.

6. Филиалдың толық атауы - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысы әділет департаментінің «Талас ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы.

«Талас ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы туралы ереже
Дата публикации
13 сентября 2024