Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы туралы ереже

Жалпы ережелер

1. Филиал Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысының Әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) кұрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент атауы: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Департамент мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, пошталық индексі 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле бидаңғылы, 55.

Департамент тіркеу деректері: БСН000240001946, тіркеу нөмірі 480-1919-01-ММ.

2.Филиал қызметкерлерінің қызметі тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледі.

3. Филиал өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазакстан Республикасы Әділет министрлігі туралы Ережеге, Жамбыл облысы әділет департаменті туралы Ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Филиалдың құрылымын және қызметкерлерінің штаттык санын Департамент басшысы бекітеді.

5. Филиалдың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,пошталық индексі 080900, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық округі, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 63А үй.

6. Филиалдың толық атауы - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы.

«Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы туралы ереже
Дата публикации
13 сентября 2024