Жамбыл облысының Әділет департаменті және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметтерді стандарттарға сәйкес көрсетеді, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 876 құрайды.
Оның ішінде:
- электрондық форматта– 674,
- қағаз форматында – 202.
2024 жылдың 1 тоқсанында бас тартылды - 67.
Көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген.
Мемлекеттік қызметтер бөлінісінде:
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;
- Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру;
- Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру;
- Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу;
- Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару;
- Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету);
- Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу;
- Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау;
- Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
- Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау;
- Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу.
- Нотариустардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және мөрлерін беру.
2021 жылғы 15 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізіліп, нотариаттық әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды әділет органдарынан аумақтық нотариаттық палатаға берілген. (норма 2021 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілді).
Жамбыл облысының Әділет департаменті тұрақты түрде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы мақалалар жарияланады.