Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2025 жылғы «29» мамыр
№ 175н бұйрығына
10-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Жамбыл облысының Әділет департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
Егер Департаментке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
құқықтары мен міндеттері
1) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру;
2) заң көмегін, құқықтық насихатты ұйымдастыру және көрсету;
3) зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметтік мемлекеттік реттеу;
5) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша
іс жүргізуді жүзеге асыру;
6) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Департамент өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
2) өздеріне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің
56-бабында белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап қойып жүгінуге;
4) заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, істерді қарауға, өз құзыреті шегінде әкімшілік жазалар қолдануға;
5) Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес нотариустардың, нотариаттық палатаның және заң консультанттары палаталарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
- мемлекеттік тіркеу саласында:
1) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру;
2) бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметіне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жіберу;
- заңгерлік көмек көрсету және ұйымдастыру, құқықтық насихат саласында:
6) тағылымдамадан өткен және нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу;
7) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастыру;
8) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндіру материалдарымен қамтамасыз ету;
9) Министрліктің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі - ТҚжЗҚКҰК) нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және оның күшін тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;
10) Нотариаттық палатамен бірлесіп тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың мөрін жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда оны лицензиарға беру үшін лицензияны алып қою жөнінде шаралар қабылдау;
11) жеке нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныстар енгізу;
12) жекеше нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарған және жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жеке нотариустарға шаралар қолдану;
13) нотариустармен халыққа заң қызметтері саласында заңдылықты қамтамасыз ету;
14) адвокаттардың, нотариустардың және заң консультанттардың жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылау;
15) ТҚжЗҚКҰК-ке адвокат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы ұсыныс енгізу;
16) ТҚжЗҚКҰК-ке аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын бекіту туралы ұсыныс енгізу;
17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әділет органдары мен өзге де әділет органдарынан және сол аумақтың нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
18) нотариустың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
19) жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
20) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету субъектілерінің қызметін үйлестіру, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
21) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы халықты құқықтық ағартуды және құқықтық хабардар етуді қамтамасыз ету;
22) 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенциялар шеңберінде құқықтық көмекті ұйымдастыру;
23) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың және заң консультанттарының тізімін өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
24) құқықтық насихатты үйлестіруді жүзеге асыру, заңнаманы түсіндіруге қатысу;
25) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші органның қызметін мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады;
26) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету;
27) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында:
28) Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасын сақталуын тексеру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
29) зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорыту;
30) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету және жүргізу, осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар ету;
31) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезіндегі жүйелік қателерді анықтау бойынша талдау жүргізу;
32) мемлекет басшысының, Президен Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Департаменттің құзыретіне кіртеін сұрақтар бойынша тапсырмалараын орындауды жүзеге асыру;
33) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру;
34) өзіне жүктелен міндеттерді шешу барысында орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, соның ішінде құқық қорғау және бақылау және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынас;
- атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласында:
35) атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету (ұйымдық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, талдау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
36) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу;
37) Министрлікке жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату не одан айыру туралы ұсыным енгізу;
38) жеке сот орындаушысын жауапкершілікке тарту туралы тәртіптік комиссияға ұсыным енгізу;
39) Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жасалатын атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын, жеке сот орындаушыларының іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
40) тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу;
41) алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталатын республикалық бюджет қаражатынан ақы төлеуді жүргізу;
42) өндіріп алушылардың, лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының пайдасына өндіріліп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығару;
43) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
44) жеке сот орындаушыларының жұмыс тәжірибесін қорыту;
45) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабы 2-тармағының
1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асыру;
46) Әділет департаментінің қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
47) жасалатын атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығына және мемлекеттік сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
48) Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысу;
49) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, олардағы сын-ескертпелерді талдау және қорыту, жұмысты жетілдіру әрі жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын тудыратын себептерді жою мақсатында қоғамдық пікірді зерделеу;
50) басқа мемлекеттік органдар берген қорғауды қамтамасыз ету және ұйымдардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ . олар құпиялаған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;
51) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
52) Департамент қызметін цифрландыру бойынша міндеттерді іске асыру;
53) Әділет департаменттері жанындағы Жергілікті мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің үйлестіру кеңесін тоқсан сайын ұйымдастыру және өткізу;
54) құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысу;
55) 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» конвенциялар шеңберінде мәжбүрлеп орындату аясында заң көмегін ұйымдастыру;
56) әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтыру және мәжбүрлеп орындату мәселелері бойынша әкімшілік істерді қарастыру;
57) заңнама талаптарына сәйкес оңайтылған іс жүргізуді жүзеге асыру;
58) оңайлатылған іс жүргізумен байланысты мәселелері бойынша жолданымдарды уақытылы және сапалы қарастыру;
59) Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару.
1) құзыретінің шегінде Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) Департаменттің және сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің қызметкерлерін, басшысы орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
3) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департаменттің қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) Департаменттің сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
6) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Департамент мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Департамент қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізімі