Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтауға қолайлы жағдай жасау, контрафактілік өнімдерді таратуға қарсы күресті насихаттау және танымал ету, сондай-ақ контрафактілік өнімдерді тарату проблемасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында «Антиконтрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлауда.
Аталған акция шеңберінде келесі байқаулар ұйымдастырылады:
1) 2024 жылғы1-10сәуірі аралығында өткізілетін «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы 10 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған үздік сурет байқауы.
Байқау екі кезеңде өткізіледі:
бірінші кезең – аймақтық, Жамбыл облысы Әділет департаментінде (әрі қарай-Департамент). Департамент құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 2024 жылдың 12 сәуірінде байқаулық жұмыстарды комиссиялық қарауды ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша бір үздік жұмысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жібереді;
екінші кезең – республикалық, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде. Жеңімпаздарды іріктеу бойынша қорытынды кезең 2024 жылдың 19сәуірінде өткізіледі. Байқаулық комиссия үздік жұмысты іріктейді.
Қатысушылар өтінімге сурет пен баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін қоса а.ж. 10 сәуірінен кешіктермейТараз қ., Төле би даңғылы, 55 мекен-жайында орналасқан Әділет департаментіне тапсыру қажет немесе электрондық түрде g.kuatbekov@adilet.gov.kz, ye.baimoldayev@adilet.gov.kz электрондық мекен-жайларына ұсынуға болады.
2)2024 жылдың 1-15 сәуірі аралағында «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы ақпараттық ресурстар арасында үздік ақпараттық материал байқауы.
Өтінімдерді қабылдауӘділет министрлігімен жүзеге асырылады.Жұмысқа қойылатын талаптар:
- Instagram желісінде #АкцияАнтиконтрафакт2024@adiletgovkzжазба қалдыру керек.
- Қатысушылар конкурстық жұмыстарын b.satzhanova@adilet.gov.kz электрондық поштасына жібереді.
- Байқауға қатысуға өтінім мен материал 15 сәуірден кешіктірілмей ұсынылуы қажет;
- Жұмыс көлемі 3 беттен аспауы керек.
- Әрбір қатысушы конкурсқа 1-ден артық емес жұмыс ұсына алады.
Байқау жеңімпаздары а.ж. 26 сәуірінде ҚР Әділет министрлігімен жарияланатын болады.
Барлық сұрақтар бойынша 8/7262/43-12-20, 8/701/ 737 91 71, 8/702/ 788 22 88 нөмеріне жүгіне аласыздар.