Әкімшілік-құқықтық бөлімі бойынша
Жамбыл облысы Әділет департаментінде (әрі қарай - Департамент) 2022 жылдың 6 айында жалпы штат саны 58 бірлікті құраса(2021жылы-58), нақты жұмыс істеп отырған қызметкерлер саны –50 (2021жылы-55), еңбек келісім шарты негізінде штат саны–49(2021жылы-60), шын мәнінде – 44 (2021жылы-61).
Аумақтық бөлімшелер саны – 9, (4 ауданаралық ӘБ, 5 аумақтық бөлім), құрылымдық бөлім саны – 6 (2021жылы-7).
Есепті кезеңнің аяғына 8 бос лауазым болды, оның ауданаралық әділет басқармаларында-8, оның 6 тұрақты, 2 уақытша бос.
Ауысушылық бойынша:
2022 жылдың 9 айында 1 мемлекеттік қызметшінің таза ауысымы болған.
Ауысу тәртібімен 4 қызметкер тағайындалды (Т.Рыскулбекова, Р.Норматова, Л. Бейсенбинова, А. Токтаев)(2021жылы-3).
Әділет министрлігініңконкурс арқылы өтуіне байланысты 1 қызметкер жұмыстан шығарылды(Байузакова А.)(2021жылы-4).
Конкурс бойынша:
Есепті кезеңді бос лауазым бойынша мемлекеттік орган ішінде 1 ішкі, 3 жалпы конкурс өткізілді, конкурс нәтижесі бойынша 4 бос лауазым толтырылды (Б.Байузаков, Г.Агайдаров, А.Халыкова, А.Асқарбекұлы),(2021жылы 4 бос лауазымға 3 ішкі конкурс, 1 жалпы конкурс жарияланып 4 лауазым жабылды).
Біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан 22 қызметкер өту жоспарланып, есепті кезенде 21 қызметкер оқу курстарынан өтті, оның ішінде біліктілігін арттырудан 20 қызметкер (2021жылы біліктілігін арттырудан - 11 қызметкер), қайта даярлаудан курсынан 1 қызметкер өтті (2021жылы-1).
Тәртіптік комиссия отырысы:
2022 жылдың 9 айында заңдыбұзушылықтарға жол бергені үшін 10 қызметкергеқатысты тәртіптік жаза қолданылды (А.Суширова, К.Сагиндикова, Е.Кенбаев,Б.Серікбаев, Е.Кенбаев, А.Абдрасулова, Ш.Айнакулов, Ш.Туткушова, А.Токтаев, А.Нурмаханбетова )(2021жылы-16).
Оның ішінде 6 қызметкерге қатысты кінәларын мойындағанына сай қызметтік тексеру жүргізілмей тәртіптік жаза қолданылды сөгіс (Е.Кенбаев, А.Суширова, Е.Кенбаев, А.Токтаев, А.Нурмаханбетова) ескерту (Ш.Туткушева) (2021жылы-9).
4 қызметкерге жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіптік жаза қолданылды, олар: 3 – ескерту (К.Сагиндикова, А.Абдрасулова, Ш.Айнакулов) 1 – сөгіс (Б.Серікбаев) (2021жылы-7).
Жауапкершілікке тартылғандар басшылық лауазымында –5 (2021жылы-5), басшы емес – 5 (2021жылы-11), мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар саны – 6 (2021жылы-12).
Көтермелеу бойынша:
Сыйақы беру мәселесі бойынша 3 отырыс өткізіліп, және Сыйақы беру мәселесі бойынша 1 отырыс өткізіліп, 43 мемлекеттік қызметкерлерге ақшалай сыйақы берілді.
Материалдық көмек көрсету бойынша 2 комиссия отырысы өткізіліп (2021жылы-1), 5 өтініш қаралды (2021жылы-1), оның ішінде: 1 қызметкерге туыстары қайтыс болуына байланысты, 4 қызметкерге денсаулық жағдайына байланысты.
Есепті кезенде департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілері тіркелмеген.
Еңбек өтілін есептеу бойынша Жамбыл облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметкерлерінің лауазымдық айлықақы алуға құқық беретін еңбек өтілін анықтау туралы 9 комиссия отырыстары және Жамбыл облысы Әділет департаментінің штаттан тыс қызметкерлерінің лауазымдық айлықақы алуға құқық беретін еңбек өтілін анықтау туралы 9 комиссия отырысы өткізілді.
Әкімшілік құқықбұзушылық жасау фактілері
Мониторинг нәтижесінде Департаменттің 3 қызметкері әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген (А.Нурханова, Г.Джурабаева, Д.Имантаев)(жол жүру ережелерін бұзу)(2021жылы-6).
Жоспарлар мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша
Департаменті басшысымен есепті кезеңіде 26(2021 жылы-3) жедел кеңес отырыстары өткізіліп, хаттамалар дайындалып, берілген тапсырмалар орындалған.
Департаментін 2022 жылдың 9 айында арналған жоспарында 45 тармақ көрсетілген, 45 іс-шара орындалды.
Департаменттің кеңесші органдары туралы
3 алқа отырысы өткізілді(2021 жылы -3).
1) Әділет департаментінің 2021 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысын қарастыру және 2022 жылға арналған басым міндеттерді белгілеу бойынша алқа отырысы.
2) «2022 жылдың 1 тоқсанында азаматтардың өтініштерін қарау жағдайы және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуы жөніндегі қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелерін қарау».
3) Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының қорытындысын қарастыру және 2022 жылдың 2-ші жартыжылдығына міндеттерді белгілеу бойынша алқа отырысы өтті.
Жамбыл облысының Әділет департаменті өзара түсіністік және ынтымақтастықты арттыру мақсатында басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен жұмыс бағыттары бойынша қол қойылған 6 меморандум бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстары туралы
2022 жылдың 9 айында Департаменттің бөлімдері мен ауданаралық аумақтық бөлімдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 49 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 19 семинар, 5 дөнгелек үстел, 11 дәріс оқылып, 14 мақала жарияланды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 1 ішкі талдау жүргізілді.
Этикалық нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстары туралы:
Департамент басшысымен жыл сайын Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспары бекітіліп және ҚР Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру жөніндегі 2022 жылға арналған Жоспардың орындау мақсатында, а.ж. 9 айында барлығы 93 (2021жылы-91) іс шара өткізілді, оның ішінде:
-Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында,Әдеп жөніндегі уәкіліменжалпы 15 (2021жылы-7) іс-шара ұйымдастырылды: Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Дайрабаевпен «ADEP» диалог алаңында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп түсіндіружұмыстары жүргізілді (1бейнесюжет), 10 семинар-кеңес (2021жылы-4) ұйымдастырылды, интернет-ресустарында 3 мақала жарық көріп (2021жылы-1),2 радиодан түсіндірме сөз сөйленді (2021жылы-2), Әдеп жөніндегі уәкілімен 22 азамат қабылданды (2021жылы-17).
Сонымен қатар, Департаментің қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің талаптарын орындалуына үнемі сауалнамалар алынуда -35 (2021 жылы-48).
-Департаменттің бөлімдерінің, ауданаралық әділет басқармасының, қалалық/ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім қызметкерлерімен жалпы 78 іс-шара ұйымдастырылды(2021жылы-82),оның ішінде, 10 дәріс оқылды (2021жылы-6), 31 семинар-кеңес ұйымдастырылды (2021жылы-40), бұқаралық ақпарат құралдарында 27 мақала (2021жылы-24),(оның ішінде электронды түрде-23, газетте-7) жарық көріп, бейнесюжет 1, 9 радиодан түсіндірме сөз сөйленді (2021жылы-12).
|
№ |
|
Мақала /оның ішінде электрондық түрде/ |
Семинар-кеңес |
Дәріс |
Радио |
Бейнесюжет |
Барлығы |
|
1 |
Әділет департаменті |
20 |
28 |
1 |
11 |
1 |
61 |
|
2 |
Жамбыл ауданаралық ӘБ |
2 |
3 |
6 |
|
|
11 |
|
3 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
3 |
2 |
2 |
|
|
7 |
|
4 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
1 |
2 |
|
|
|
3 |
|
5 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
|
2 |
1 |
|
|
3 |
|
6 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
2 |
2 |
|
|
|
4 |
|
7 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
2 |
2 |
|
|
|
4 |
|
|
Барлығы |
30 |
41 |
10 |
11 |
1 |
93 |
Сонымен қатар, Департаментінің қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің талаптарын орындалуына үнемі сауалнамалар алынуда.
«ADALDYQ ALAŃY»:
Есеп кезінде, ел аумағында халыққа заңгерлік кеңес беру мақсатында, «Адал көмек» жобасы аясында Жамбыл облысы Әділет департаментімен барлығы 50 (2021ж.-45) іс-шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Адал көмек» акция аясында ҚР Әділет министрлігінің «ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің Жамбыл облысы бойынша бөлімшесінде 18 (2021ж.-21) азаматтар қабылданды. Оның ішінде, заңды тұлғаларды тіркеу сұрақ бойынша – 9(Ш.Туткушева, Ж.Асанбаев, Ж.Досмырзаева), сот актілерді орындау туралы - 5(Ш.Айнакулов, Е.Кенбаев), адвокаттардың, нотариаттық қызметіне байланысты сұрақ бойынша 2 (Ш.Айнақұлов, А.Калдыбекова), зияткерлік меншік құқығы сұрақ бойынша 5 (Е.Баймолдаев).
Мәселелері заң шеңберінде оң шешімін тапты. Ақпараттары Департаментінің әлеуметтік желіндерде жарияланды.
Мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы құқықтық насихат жұмыстары туралы
2022 жылы «Тіл туралы» заңнаманы насихаттау мақсатында 6 семинар-дөңгелек үстел (2021ж.-11), 32 дәрістер(2021ж.-46), 8 БАҚ-на шықты(2021ж.-22).
Құжат айналымындағы тілдердің қолданылуының сандық көрсеткіштері және сипаты туралы
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінен келіп түскен барлық тапсырмалар өз мерзімінде орындалған.
2022 жылы құжат айналымының көрсеткіштері жалпы кіріс саны – 12966 (100%)(2021 жылы 10145 (100%)) келіп түссе, оның ішінде қазақшасы – 12571 (97%) (2021 жылы - 8212 (80,9%)),ал орысшасы – 395 (3%) (2021 жылы 1897 (18,7%).
Жалпы шығыс саны – 9439 (99,4%) (2021 жылы 7532 (100%)) жіберілген болса, оның ішінде 0,6% орыс тілінде жіберілген.
Жамбыл облысы Әділет департаментімен ауданаралық әділет басқармалары, сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдері басшылары мен жеке қабылдау жүргізілген кестесі:
|
№ |
Мекеменің атауы |
2022 жылдың 9 айында |
|
Жеке қабылдау |
||
|
1 |
Әділет департаменті |
53 |
|
2 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
35 |
|
3 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
13 |
|
4 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
24 |
|
5 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
4 |
|
6 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
12 |
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
141 |
Есепті кезеңде Департаментке және оның аумақтық бөлімдеріне өтініштердің түскен жалпы саны барлығы: 2330 өтініш «Документолог»(2021 жылы 2708), 2330 өтініш «Е-Өтініш» қабылданып, ақпараттық жүйелеріне есепке қойылған.
Оның ішінде: жеке тұлғалардан 1836 (2021 жылы 1720), заңды тұлғалардан –494 (2021 жылы 988), оның шағым –14 (2021 жылы 2), ұжымдық –19 өтініштер түскен (2021 жылы 0).
Әділет департаментіне барлығы: 1738 өтініштер келіп түскен(2021 жылы 1907), «Электронды үкімет» порталы арқылы келіп түскен өтініштердің саны: 189 (2021 жылы 403), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арқылы: 182 (2021 жылы 104) ,«Е-Өтініш» жүйесі арқылы: 758 (2021 жылы 0), қолма қол арқылы: 351 (2021 жылы 602), пошта арқылы 48 (2021 жылы 51).
Түскен өтініштер төмендегі бағыттар бойынша:
- сот актілерін орындау саласы бойынша - 1011 (2021 жылы 1169);
- құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету саласы бойынша – 159 (2021 жылы 167);
- заңды тұлғаларды тіркеу, АХАТ және жылмымайтын мүлікке құқытарды тіркеу саласы бойынша-503 (2021 жылы 524);
- зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша -11 (2021 жылы 4);
- әкімшілік-құқықтық бөлімі бойынша -46(2021 жылы 40);
- қаржы және материалдық-техниқалық бөліміне – 1 (2021 жылы 3);
- Е-Лицензирование ақпараттық жүйесі арқылы – 124.
Жоғарыдағы статистиакалық мәліметтерге қарағанда, шағымдардың басым көпшілігі сот актілерінің ұзақ уақыт немесе мүлдем орындалмауы бойынша, жеке және мемлекеттік сот орындаушылардың іс әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты.
Департамент қызметіне қатысты негізделген шағымдар жоқ.
10.03.2022 жылы Н.Құлманова Әділет департаменті басшылығының Әдеп кодексінің нормаларын бұзу, сондай-ақ сыйақы беру тәртібін бұзу, атап айтқанда қызметкерлерге сыйақы беру туралы тиісті бұйрықтармен тиісінше таныспау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне өтініш жіберді.
Осы өтінішті қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өтініште көрсетілген дәлелдерді растамады.
Әділет департаментінің мүлкін қабылдау-тапсыру актісін жасамай әкету мәселесі бойынша қызметтік тексеру тағайындалып, уәждері расталмады.
Департаментке және оның аумақтық бөлімдеріне өтініштердің түскен келіп түскен өтініштердің қима көрсеткіші келесідей:
|
№№ |
Мекеменің атауы |
2022 жылдың 9айында |
|
|
Жеке тұлғалар |
Заңды тұлғалар |
||
|
1 |
Әділет департаменті |
1356 |
382 |
|
2 |
Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы |
19 |
1 |
|
3 |
Талас ауданаралық әділет басқармасы |
1 |
- |
|
4 |
Т. Рысқұлов ауданаралық әділет басқармасы |
3 |
- |
|
5 |
Шу ауданаралық әділет басқармасы |
4
|
1 |
|
6 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
343 |
97 |
|
7 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
42 |
6 |
|
8 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
42 |
1 |
|
9 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
10 |
3 |
|
10 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
16 |
3 |
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
1836 |
494 |
Департаментке және оның аумақтық бөлімдерінекеліп түскен кіріс және шығыс электрондық құжатайналым бойынша нысандық ақпарат:
|
№№ |
Мекеменің атауы |
2022 жылдың 9айында |
||
|
Кіріс құжаттар |
Шығыс құжаттар |
Мемлекеттік қызмет қөрсету аясында түскен өтініштер |
||
|
11 |
Әділет департаменті |
15286 |
8346 |
|
|
22 |
Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы |
146 |
185 |
|
|
33 |
Талас ауданаралық әділет басқармасы |
19 |
11 |
|
|
44 |
Т. Рысқұлов ауданаралық әділет басқармасы |
7 |
|
|
|
55 |
Шу ауданаралық әділет басқармасы |
55 |
50 |
|
|
66 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
1796 |
2435 |
|
|
77 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
468 |
452 |
|
|
88 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
382 |
241 |
|
|
99 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
332 |
458 |
|
|
110 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
318 |
315 |
|
|
1 |
БАРЛЫҒЫ: |
18809 |
12493 |
|
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бағыты бойынша
2022 жылдың 9 айында жартыжылдығында нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі - НҚА) тіркеу жұмысы жөніндегі мәліметтер төмендегідей болады:
НҚА мемлекеттік тіркеу бойынша:
- 2 НҚА тіркеуге түсті;
- 2 НҚА тіркелді;
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша
Есепті кезенде прокуратура органдарынан 3 наразылық түсті.
Департамент тарапынан жергілікті өкілді және атқарушы органдарына ұсыныс пен ақпараттық хаттар уақытылы жолданғанына қарамастан, прокуратура органдарымен осы актілерге наразылықтар жолданған. Атап айтқанда:
1) «Жамбыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы(Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2020 жылғы 20 қазандағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4770 болып енгізілген) №517 қаулысына, Жамбыл ауданының прокуратурасынан 2022 жылғы 17 қаңтардағы №2-0703-22-00014 ұсынуы түскен.
Алайда, департаментпен 2021 жылғы 6 желтоқсанда №1-1-24/2016-И шығыс ақпараттық хат жолданған.
Қазіргі таңда, Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімінің 2022 жылғы 05 қаңтардағы №2 хатына сәйкес, заңнамаға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
2) «Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп - ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде №2199 болып тіркелген) №22-9 шешіміне,Жамбыл облыстық прокуратурасының 2022 жылдың 27 қаңтарында №2-07-22-00613 наразылығы келіп түскен.
Алайда, департаментпен 2021 жылғы 4 қазанында №1-1-24/1564-И шығыс Заңды бұзуды жою туралы ұсыныс енгізілген.
Қазіргі таңда, заңнамаға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылдың 9 айында сот арқылы заңсыз деп танылған, мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілері болған жоқ.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (әрі қарай-Қағида) сәйкес Департаментпен салыстыру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы, өкілді органдарымен 2022 жылдың 9 айлығында қабылданған актілердің тізбелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу нәтижесінде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілер анықталған жоқ.
Мониторинг жүргізу нәтижесінде
Департаментте мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруді қажет ететін барлығы 4 НҚА анықталып, тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органдарына аталған актілерді қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестендіру туралы 4 НҚА қатысты 4 ұсыныс жолданды.
1) «Сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеудің мәселелері туралы»Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы№316 қаулысына қатысты(Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3592 болып енгізілген);
2) «Шу ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы»Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №102 қаулысына қатысты(Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3423 болып енгізілген);
3) «Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы»Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйегіндегі№38-9 шешіміне қатысты(Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қазанда №4352 тіркелген);
4) «Сауда қызметін реттеудің мәселелері туралы»Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы №125 қаулысына қатысты(Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2999 болып енгізілген).
Қазіргі таңда, жоғарыдағы аталған шешімдер мен қаулылар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілген.
Сонымен қатар, Әділет департментімен 8 НҚА қатысты 2 ақпараттық хаттар жолданды атап айтқанда: Жамбыл облысы Әкімінің аппаратына және Жамбыл облыстық прокуратурасына 30.06.2022 ж. №1-1-24/1434-И 6 НҚА бойынша 1 ақпараттық хаты жолданды. Олар:
1) «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралыЖамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №254 қаулысы(Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда №3630 болып тіркелді);
2) «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қарашадағы №262 қаулысы(Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 қарашада № 4408 болып тіркелді);
3) «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы №216 қаулысы(Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қазанда №2785 болып тіркелді);
4) «Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 шілдедегі№150 қаулысы бекітілген(Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 шілдеде № 4277 болып тіркелді);
5) «Жамбыл облысы бойынша субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы»Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі№85 қаулысы(Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 4200 болып тіркелді);
6)«Жамбыл облысының әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қазандағы (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қазанда № 4756 болып тіркелді) №224 қаулысы.
Жамбыл аудандық мәслихатына және Жамбыл аудандық прокуратурасына 2022 жылы 31 тамызда №1-1-24/1897И2 НҚА бойынша 1 ақпараттық хаты жолданды. Олар:
7) «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 қарашадағы №19-3 шешімі (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада №3605 болып тіркелген);
8) «Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №31-3 шешімі (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 4044 болып тіркелген).
Әділет департаментінің веб-сайтына 6 ақпарат жолданды, 1–семинар өткізілді, 6 – лекция, 12 – тікелей эфир өткізілді және 11 мақала жарияланды (электронды сайтқа).
Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша
Жамбыл облысы Әділет Департаментінің 2022 жылдың 9 айындағы жағдайы бойынша бюджет есебінен бөлінген қаражаты 99,2 пайызға игерілді. Атап айтқанда, бюджеттен бөлінген 360 957,4 мың теңге қаржыдан игеру деңгейі 358 115,8 мын теңгені (2021 жылы- 407949,8 м.т. 99,3 %) құрады.
001 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 286 048,4 мың теңге қаржының 283 210,8 мың теңге сомасы немесе 99,0 пайызы (2021 жылы- 321021,7 м.т. 99,2 %) игерілді. Оның ішінде:
100 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша есепті кезеңге бөлінген 51 098,0 мың теңге қаражаттан 49 475,4 мың теңге сомасы, яғни 96,8 пайызға игерілді. (.2021 жылы – 37050,0 мың тг. 99,6 %).
102 Жеке сот орындаушылар істерінің әлеуметтік маңызды санаттары бар проблемалық атқарылу құжаттары бойынша кепілді заң көмегін көрсету кіші бағдарламасы бойынша есепті кезеңге бөлінген 4 332,4 мың теңге қаржыдан игеру деңгейі 4320,6 мың теңгені немесе 99,7 пайызды (2021 жылы- 7849,8 м.т. 99,7 %) құрады.
104 «Ақпараттық жүйелердің қызмет етуін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша есепті кезеңге бөлінген 1 882,0 мың теңге қаржыдан игеру деңгейі 1 872,5 мын теңге немесе 99,5 пайызы (2021 жылы-3376,4 м.т.98,9 %) игерілді.
123 «Ағымдағы әкімшілік шығындары» кіші бағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 228 736,0 мың теңге қаржының 227 542,3 мың теңгеге немесе 99,5 пайызы (2021 жылы-248977,3 м.т.99,0 %) игерілді.
005 «Адвокаттардың сотта заңгерлік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 74 235,0 мың теңге қаржының 74 231,6 мың теңге қаражаты немесе 100,0 пайызы (2021 жылы- 86227,1 м.т. 99,5 %) игерілді.
138 «Мемлекеттік қызметкерлерге біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 674,0 мың теңге қаржының 673,4 мың теңге қаражаты немесе 99,9 пайызы (2021 жылы- 701,0 м.т. 100,0 % игерілді).
Дебеторлық және кредиторлық берешек жоқ.
Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бойынша
Заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстары
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының мәліметтеріне сай, облыс бойынша тіркеуге барлығы 823 (2021 жылы – 1 227) өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы келіп түскен.
Қаралған және тіркеу жүргізілген құжаттар:
823 (2021 жылы – 1227) құжат қаралды, олардың қолданыстағы заңға сәйкестігіне қарау қорытындысы бойынша 609 (2021 жылы – 834) тіркеуден өтті, 86 (2021 жылы – 178) бас тарту, 128 (2021 жылы – 215) құжат бойынша тіркеу мерзімін үзу туралы бұйрықтары шығарылды.
609 құжаттың тіркелуі түрлері бойынша келесідей болды:
Алғашқы тіркеу – 143;
Қайта тіркеу -91;
Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу- 327;
Қызметін тоқтату- 48.
Есепті уақытта мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы фактісі болған жоқ.
Әкімшілік іс тәжірибесі:
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 466-бабы бойынша 2(2021 жылы – 0) әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, заңды тұлғаға «Ескерту» түрінде шара қолданылған.
Азаматтық істер:
Осы есепті кезеңде заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша азаматтық істер қозғалмаған (2021жылы - 0).
Азаматтық хал актілерін тіркеу бағыты бойынша
Облыстың тіркеуші органдарымен 2022 ж. 9 айында барлығы 31691(2021 жылы – 37886) бастапқы акт жазбалары тіркелді.
|
Уақыт кезеңі |
туу туралы |
қайтыс болу |
неке қию |
неке бұзу |
ТАӘ ауыстыру |
|
2022 ж. |
19953 |
5515 |
5209 |
667 |
347 |
|
2021ж |
22953 |
8147 |
5701 |
753 |
332 |
|
+(-) |
-3000 |
-2632 |
-492 |
-86 |
+15 |
Есептік мерзім кезінде ресми құжаттарға апостиль қою бойынша барлығы 5408 (2021жылы - 4614) құжат келіп түсті, орындалғаны 5120(2021жылы - 4477) мемлекеттік қызмет, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы 3292 құжат келіп түсті (2021жылы - 4587), орындалғаны 3251(2021ж.ылы- 4467), электронды түрде –2116 (2021жылы - 27) құжат келіп түсті, орындалғаны 1869 (2021жылы - 10).Сыртқы істер министрлігі арқылы орындауға 49 құжат келіп түсті (2021жылы - 49). Көрсетілген қызметтің жалпы санынан 288-нен орындаудан бас тартылды(2021жылы - 137).
АХАТ бағыты бойынша 2022 жылдың 9 айында облыстағы жергілікті атқарушы органдарының азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру бойынша жасалған жұмысына талдау жасалынды. Азаматтық хал актілерін тіркеу заңдылығына бақылау жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп, оның нәтижесі облыстағы қалалық және аудандық әкімдерінің мекен жайына жіберілді.
Ресми құжаттарға апостиль қою бойынша жұмыс тәжірибесіне қорытынды-талдама дайындалды.
Ресми құжаттарға апостиль қою, сондай-ақ, осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті уақытылы және сапалы көрсету мәселесі бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен 5 семинар өткізілді.
АХАТ бағыты бойынша АХАТ мамандарымен 1085 сұраныстар мен өтініштер орындалды, оның ішінде халықаралық Конвенциялар бойынша да бар.
Есептік мерзім кезінде Банкнот фабрикасынан 30 000 елтаңбалы куәлік бланкілері алынды. Бланкілер қажеттілігіне орай аймақтарға бөлінді.
Бланкілердің бүліну, жоғалу фактілеріне жол берілген жоқ.
Осы есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету фактілері орын алмаған, барлық өтінімдер заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралып, орындалған.
Заңгерлік қызмет көрсету бойынша
Адвокаттық қызмет
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде облыс адвокаттарының жалпы саны 240 (2021 ж. - 230) құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 10 адвокатқа жоғарылау байқалады.
1 аумақтық адвокаттар алқасы, заң консультациялары – 10 және адвокаттық кеңселер – 6 жұмыс істейді, осыған ұқсас 2021 жылы.
Облыс адвокаттарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) 37 шағым және өтініш келіп түсті (2021 ж. – 16), оның ішінде 2 өтініш негізді деп танылып, тәртіптік жауапкершілікке 2 адвокат /С.Ж.Умралиев, Т.суйменбаев/ тартылды, қалған өтініштер бойынша өтініш берушіге жазбаша түсініктемелер берілді
Есептік кезеңде лицензиялары тоқтатылған 3 (2021ж. - 1), уақытша тоқтата тұрылған - 0 (2021ж. -1).
Адвокаттарға қатысты 2021 жылдың қорытындысы бойынша қозғалған қылмыстық істер саны 1 (Дүйсенғали М.) (2021 ж. - 0).
Облыс соттары адвокаттарға қатысты 1 жеке ұйғарым шығарды (2021 ж. – 0).
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша
Департамент 151 адвокатпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету туралы келісім жасады (2021 ж.-155).
005 "адвокаттармен заң көмегін көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша 153 049 000 (2021ж. – 107 700 000) теңге бөлінді, оның ішінде игерілді – 74 235 000 теңге.
"005" бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде соттар, тергеу және анықтау органдары 4787 (2021 ж. – 5984) қаулы шығарды, оның ішінде: қылмыстық істер бойынша - 4638 (2021 ж. – 5754), азаматтық істер бойынша - 107 (2021 ж. – 83), әкімшілік 42 (2021 ж. - 147), консультациялар - 1280 (2021 ж. – 84).
Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны-6067 (2021 ж. - 6103).
2022 жылы Әділет департаментімен Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының мүшелері арасында «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы 151 адвокатпен электронды келісім шарт жасалған.
2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 30 қыркүйегі аралығында Жамбыл облысы бойынша «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындауға құқық қорғау органдарынан 750 сұраныс келіп түскен, 693 сұраныс бойынша адвокат тағайындалған.
Нотариаттық қызмет
Облыс нотариустарының жалпы саны – 191 (2021ж. - 183), бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 нотариусқа артық.
Жыл басынан бері нотариустардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) 46 (2021 жылы - 27) шағым келіп түсті, оның ішінде негізделген 5 өтініш (Е.В.Локтеваның нотариус О.Н.Пьянковаға, Н.Вильмицкинаның нотариус Т.Момыновқа, Б.Кудайбергенованың нотариус Л.Т.Жанасоваға қатысты, К.Рысбаевтың нотариус Т.Байлинаға қатысты Н.Нусипбековтың нотариус Д.Калабаевқа қатысты). Негізделген шағымдар бойынша нотариустарға қатысты нотариаттық палатаға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 4 ұсыныс жолданды /нотариус Т.Момынов «қатаң сөгіс», нотариус Т.Байлинаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 1 ұсыныс қарау сатысында, 1 ұсыныс нотариустың іс-әрекеттеріндегі заң бұзушылықтың шамалы болуына байланысты қысқартылған/. 1 нотариусқа қатысты ҚР Әділет министрлігіне нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы ұсыныс жолданды. ҚР Әділет Вице-Министрінің бұйрығымен нотариус Л.Жанасованың нотариаттық қызметепен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы алты ай мерзімгі тоқтатылды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап нотариустардың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру 2 фактісі орын алды (2021 ж. - 1).
Нотариаттық қызметпен айналысуға 3 нотариустың (қайтыс болуына байланысты/ лицензияның қолданылуы тоқтатылды. (2021 ж. – 1).
Есептік кезеңде жасалатын нотариаттық іс - әрекеттердің заңдылығы және нотариаттық іс жүргізу қағидаларының сақталуы тұрғысынан 15 (2021 ж. - 6) тексеру жүргізілді, оның ішінде жоспарлы 7 (2021 ж. - 4), арыз-шағымдар бойынша жоспардан тыс 8 (2021 ж. - 2).
Жоспарлы тексеріс нәтижелері бойынша Жамбыл облысы нотариаттық палатасына 7 нотариусқа қатысты ұсыныс енгізілді.
4 жеке нотариус тәртіптік жауапкершілікке сөгіс түрінде, 1 ұсыныс бойынша қозғалған тәртіптік іс нотариустың іс-әрекеттеріндегі заң бұзушылықтың шамалы болуына байланысты қысқартылған, 2 нотариусқа қатысты нотариаттық палатаға жолданған ұсыныс қарау сатысында.
Облыс соттары 2022 жылы облыс нотариустарына қатысты 2 жеке ұйғарым шығарды (Т.Момынов, З.Азимова) (2021 ж. - 4). 1 нотариусқа / Т.Момынов/ қатысты "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік шара қолданылған, /З.Азимоваға қатысты ұсыныс қаралуда/.
Соттарға нотариаттық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 21 (2021 ж. - 17) талап арыз келіп түсті, оның ішінде нотариустың кінәсінен қанағаттандырылғаны – 1 (2021 ж. - 0).
Мемлекеттік қызметтер
2022 жылдың 9 айында аттестаттау комиссиясының 6 (2021 жылы – 6) отырысы өткізілді, оның ішінде - 3 (2021 жылы –3) адвокаттық қызметпен айналысуға және 3 (2021 жылы - 3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына.
Адвокаттық қызметпен айналысуға барлығы 63 (2021 жылы –60) өтініш берілді, 58 (2021 жылы –44) үміткер қатысты, 49 (2021 жылы – 38) үміткер аттестаттаудан өтпеді, 9 (2021 жылы - 19) аттестатталды.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 22 (2021 жылы – 27) өтініш берілді, 20 (2021 жылы – 19) үміткер қатысты, оның 5 (2021 жылы – 11) аттестаттаудан өтпеді және 15 (2021 жылы – 8) аттестаттаудан өтті.
Әкімшілік тәжірибе
2022 жылдың 9 айында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 668-бабымен (адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі жасау, олардың кәсіби міндеттерін жүзеге асыру үшін талап етілетін қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді жазбаша сұрау салу бойынша заңнамада белгіленген мерзімде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрінген) әкімшілік іс қозғау туралы 9 арыз-шағым келіп түскен:
- 1 шағым бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қанағаттандырудан бас тартылған;
- 1 шағым жеке тұлғаға қатысты, 1 шағым заң консультантымен берілуіне байланысты түсіндірме беріліп, бас тартылған;
- 3 шағым ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 32-бабына сәйкес құқық қорғау органдарына жолданды;
- 3 шағым бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, Т.Рысқұлов аудандық сотына және Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына қарау үшін жолданды. Нәтижесі бойынша Т.Рысқұлов аудандық білім бөліміне және Т.Рысқұлов ауданының Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебіне қатысты әкімшілік айыппұлдар салынды. 1 материал қаралу сатысында.
Есептік кезеңде сотқа жолданған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шешімдерге қатысты дау айту фактілері орын алмады.
Заң консультанттарының қызметі
Жамбыл облысының аумағында 1 палата Жамбыл облысы заң консультанттарының палатасы қызметін жүзеге асырады.
"Жамбыл облысы заң консультанттарының палатасы" төраағасы Исабеков Шамсат Жаксылыкович, орналасқан жері, Тараз қаласы, Сулейманов көшесі, 17 А. Палатада ұсынылған тізімге сәйкес 201 заң консультанты, 2021 жылғы 14 шілдеден бастап Палата Республикалық заң консультанттары алқасының мүшесі болып табылады.
2022 жылдың 30 қыркүйегі жағдайы бойынша заң консультанттарына қатысты барлығы 10 өтініш келіп түсті, 2 өтініш тиістілігіне қарай басқа департаменттерге жолданды, 2 өтініш бойынша шағым негізді деп танылып, 2 заң консультанты сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2022 жылдың 9 айында заң консультанттарына қатысты 1 жеке ұйғарым шығарылды /Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудындық сотымен заң консультанты Т.Мукушевке қатысты, қарастырылу нәтижесі бойынша заң консультанты «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды/.
Құқықтық түсіндіру жұмыстары:
Әділет департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері, халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту және өз құқықтары бойынша ақпараттандырылған азаматтардың саңын арттыру мақсатында, 2022 жылдың 9 айында - 526 (2021 ж. - 765) іс - шара ұйымдастырды, оның ішінде:
-БАҚ баспа, электронды басылымдарында - 72 (2021 ж. - 191) мақала жарияланды;
Телеарнадан сөз сөйлеу, сұхбат беру – 4 (2021 ж. – 3);
Радио - 11 (2021 ж.-14);
Мемлекеттік органның интернет-ресурстарында - 239 (2021 ж. – 125) жарияланым;
-«Дөңгелек үстел» - 17 (2020 ж. - 43)
-Дәріс оқу, семинар, тренингтер ұйымдастыру – 133 (2020 ж. – 326);
-Баспасөз конференциялар, брифингтер - 1 (2020 ж.– 2);
Ақпараттық топтардың шығуы - 6 (2020 ж.– 47);
Әділет органдары қызметінің негізгі Ережелерін түсіндіру бойынша "Ашық есік күндері" - 43 (2021 ж.– 14)
Сонымен қатар, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, Әділет департаменттің басшысы мен орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.
Зияткерлік меншік құқығы бойынша:
Ағымдағы жылдың 9 айында Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөліміне заңды және жеке тұлғалардан 14 (2021 жылы – 6) өтініш, экономикалық тергеп-тексеру департаментінен – 12 (2021жылы-6) және мемлекеттік кірістер органдарынан - 179 (2021 жылы-36) материал келіп түсті.
Барлық өтініштерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, негiзделген және уәжделген, қабылданған шешiмге шағым беру құқықтары түсiндiріле жауаптар қайтарылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізілген.
Ағымдағы жылы Департаментпен тауар белгілерін пайдалануға қатысты заң талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізілген жоқ.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен және Қордай, Меркі, Жамбыл аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан тексеру барысында анықталған тауарларға қатысты шешім қабылдау үшін жолданылған 179 материалдар бойынша, 177 материалдар уақытылы қаралып, тиісті жауаптар берілді, 2 материал ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 192-бабының 3-1 тармағына сәйкес ҚР ҚК 222-бабында көзделген алдын ала тергеуді Экономикалық тергеу қызметі органдары жүргізуіне байланысты, ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексінің 65-бабының 1-тармағына сәйкес, құзіреттілігіне қарай жолданды.
Қырғызстан Республикасынан - Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын, яғни транзиттік жүк болғандықтан жоспардан тыс тексеру тағайындау мүмкін емес.
Құқықтық түсіндіру жұмыстары:
Қоғамда контрафактілік өнімдерге және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы қатынасын қалыптастыру мақсатында халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Есепті кезеңде облыс бойынша 12 (2021 жылы-11) семинар, 19 (2021 жылы-17) «дөңгелек үстел және кездесулер», 23 (2021 жылы-27) дәрістер оқылды. Мемлекеттік органның интернет-ресурстарында (әлеуметтік желілерде) 465 (2021 жылы-21) жарияланымдар жасалды, оның 420-сы "Pixel Cinema" кинотеатрының кинозалдарында көркем фильмдер сеанстары басталар алдында "Контрафактілік өнім – өзіне және ел экономикасына зиян" ақпараттық-насихаттық бейнеролигін көрсету.
Бұқаралық ақпараттар құралдарында атқарылған жұмыстың оң нәтижесін көрсету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, облыстық (республикалық, аудандық, қалалық) баспасөз беттерінде 7 (2021 жылы-6) мақала жарияланды, облыстық радиодан 5 (2021жылы-5) сұхбат берілді.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен, өзінің қызметінде зияткерлік меншік нысандарын қолданатын кәсіпкерлерге, контрафактілік өнімді пайдаланудағы зардабы және одан бас тарту себептері, бөтен тауар таңбасын және авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдаланғандағы жауапкершілік және басқада өзекті сұрақтарға жауабы бар жадынамалыр тұрақты негізде таратылады.
Іс-шара барысында азаматтарға қызығушылық туғызған мәселелері бойынша кеңестер мен қойылған сұрақтарына жауаптар беріледі.
2022 жылдың 9 наурызында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жасалған меморандум щеңберінде Жамбыл облысы Әділет департаменті Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Zoom платформасы арқылы «Интернетте зияткерлік меншік құқығын қорғау және контрафактпен күрес» тақырыбында мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеп-тексеру органдары, полиция департаментінің және кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты – интернетте зияткерлік меншікті қорғаудағы және контрафактімен бірлесе күресудің тиімді жолдарын, оның алдын алу, анықтау, жолын кесу мәселелерін жетілдіру, кәсіпкерлер мен халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында құқықтық насихат жұмыстарын одан әрі жүргізу.
2022 жылдың 27 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының алаңында Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің ұйымдастыруымен, Халықаралық зияткерлік меншік күніне орай, «ҰЗМИ» РМК сарапшыларын спикер ретінде тарта отырып, ЖОО-ның, колледж, әкімдіктердің және кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуларымен «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау», «Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарын дамыту» және «Креативті экономиканы дамыту» тақырыптары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында «ҰЗМИ» РМК сарапшыларымен зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және Қазақстанда технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарын дамыту мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, әкімдіктердің және кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен креативті экономиканы дамыту жолдары талқыланды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауаптар берілді.
2022 жылдың 4 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаменті мен «ҰЗМИ» РМК бірлесе, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне зияткерлік меншік саласы бойынша Zoom платформасы арқылы семинар өткізді.
Семинар барысында «ҰЗМИ» РМК сарапшылары спикер болып «Авторлық құқық объектілерін құқықтық қорғау», «Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау», «IT-шешімдерді патенттеу» және «Өнертабыстарды халықаралық патенттеу» тақырыптары бойынша түсіндіріп өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
2022 жылдың 11 мамырында Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында Шырын Мамасерікованың «Тәуелсіздік тартулары» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Аталған іс-шараға Жамбыл облысының құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері (жазушылар одағының мүшелері) және Әділет департаментінің зияткерлік меншік құықықтары бөлімінің басшысы Е. Баймолдаев қатысты.
Іс-шара барысында Е. Баймолдаев авторлық құқықты электронды тіркеу және қорғау жолдары туралы айтып өтті.
2022 жылдың 13 мамырында «Контафакт» республикалық акциясы аясында «Контрафактіге жол жоқ» тақырыбында 10 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған үздік сурет аймақтық байқауының қорытындысы шығарылды.
Конкурстық жұмыстарды аймақтық комиссиялық қарау қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен Нұрланқызы Зәуре Әубакірдің және Әлімханқызы Айназ Айнабектің суреттері өзектілігі мен мазмұндылығы жағынан басқа ұсынылған жұмыстардан үздік деп іріктеп алынды. Бұдан әрі, аталған үздік жұмыстар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне республикалық қорытынды кезеңге қатысу үшін жолданылды.
2022 жылдың 16 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаментімен Zoom платформасы арқылы қонақ үй бизнесі, ҚҰБҰ және кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы және авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшiн жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауаптар берілді.
2022 жылдың 24 маусымында Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің ұйымдастыруымен, Zoom платформасы арқылы «Авторлық құқық объектілерін пайдаланудың мәселелері» және «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша қабылданған заң» тақырыбында «Жамбыл облысының мейрамханалар мен мейрамханалар иелерінің қауымдастығы» басшысының және мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың, кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.
2022 жылдың 15 шілдесінде «Шахристан» этномәдени кешенінің көрме орталығында «Қазақстанның үздік тауары – 2022» көрме-байқауы өтті. Көрмеге, Жамбыл облысының 80-нен астам тауар өндірушілері қатысты.
Қоғамда контрафактілік өнімдерге және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы қатынасын қалыптастыру мақсатында, Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен өзінің қызметінде зияткерлік меншік нысандарын қолданатын кәсіпкерлерге, контрафактілік өнімді пайдаланудағы зардабы және одан бас тарту себептері, бөтен тауар таңбасын және авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдаланғандағы жауапкершілік және басқада өзекті сұрақтарға жауабы бар жадынамалыр таратылды.
Іс шара барысында азаматтардың және өндірушілердің қызығушылық туғызған мәселелері бойынша кеңестер мен қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.
2022 жылдың 20 шілдесінде Жамбыл облысы бойынша "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының, сауда орталықтарының, "Тараз-Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті және "Қазақстан зияткерлік меншік агенттігі" ЖШС өкілдерінің қатысуымен «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында "Қазақстан зияткерлік меншік агенттігі" ЖШС-нің бас заңгері «Зияткерлік құқық объектілері туралы деректерді Кедендік тізілімдерге енгізу» мәселелері түсіндірілді. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауаптар берілді.
Әділет органдарының 30 жылдығын мерекелеу қарсанында, Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімімен кәсіби суретші Г. Каспакованы шақыра отырып Департамент қызметкерлерінің балалары үшін мастер-класс ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Әділет органдарының 30 жылдық мерекесіне орай және «30 игі іс» аясында Жамбыл облысы Әділет департаменті Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының оқушылырымен бірлесе қайырымдылық балаларға арналған концерт ұйымдастырды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған іс-шара «Қарлығаш» балалар үйінде өтті. Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының оқушылыры домбра, жетіген музыкалық асбаптарда ойнап, әндер айтты.
2022 жылдың 17 қыркүйегінде Әділет органдарының 30 жылдығына орай Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен, кіші футбол, волейбол, гір тасын көтеру, жүгіру, үстел теннисі және шахмат ойындарынан Әділет органдары уәкілеттік ететін және ведомствалық бағынысты ұйымдар арасында облыстық спартакиада өткізілді.
Аталған іс-шараға Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы, жеке сот орындаушылардың Өңірлік палатасы, нотариалдық палатасы, сот сараптамалары институтының және заң консультанттары палатасының қызметкерлері қатысты.
Спартакиаданың нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте Жамбыл облысы бойынша жеке сот орындаушылардың Өңірлік палатасының командасы 1 орынды жеңіп алды. Ал 2 орынға - Жамбыл облысы Cот сараптамалары институтының командасы, 3 орынға - Жамбыл облысының аумақтық нотариалдық палатасының командасы ие болды. Спорттың әр түрі бойынша жеңімпаздарына медальдар беріліп, жалпы есепте жеңіске ие болған командаларға кубоктар табысталды.
2022 жылдың 20 қыркүйегінде Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің ұйымдастыруымен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ғимаратында студенттермен, авторлық және сабақтас құқықтардың иелерімен шығармашылық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында авторлық құқық объектілерін тіркеу және қорғау, авторлық сыйақыны алу жолдары және ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға құқықтарды ұжымдық басқару бөлігінде енгізілген түзетулер түсіндірілді.
Сот орындаушылармен сот актілерін орындау бойынша
МСО – ның жалпы орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 9 айында |
2 327 |
1 003 |
43,1% |
720 |
71,7% |
1 325 |
|
2022 ж. 9 айында |
2 047 |
1 160 |
56,6% |
779 |
67,1% |
888 |
|
айырмашылық |
-280 |
+158 |
+13,5% |
+59 |
-4,6% |
-437 |
ЖСО – ның жалпы орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 9 айында |
333 656 |
142 417 |
42,6% |
96 475 |
67,7% |
191 239 |
|
2022 ж. 9 айында |
367 998 |
157 228 |
42,7% |
93 611 |
59,5% |
210 770 |
|
айырмашылық |
+34 342 |
+14 811 |
+0,1% |
-2 864 |
-8,2% |
+19 531 |
МСО және ЖСО – ның жалпы орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 9 айында |
335 983 |
143 420 |
42,6% |
97 195 |
67,7% |
192 564 |
|
2022 ж. 9 айында |
370 045 |
158 388 |
42,8% |
94 390 |
59,5% |
211 658 |
|
айырмашылық |
+34 062 |
+14 968 |
+0,2% |
-2 805 |
-8,2% |
+19 094 |
МСО және ЖСО – ның алиментсіз орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 9 айында |
318 297 |
141 018 |
44,3% |
97 051 |
68,8% |
177 280 |
|
2022 ж. 9 айында |
350 799 |
154 950 |
44,2% |
94 234 |
60,8% |
195 850 |
|
айырмашылық |
+32 502 |
+13 932 |
-0,1% |
-2 817 |
-8% |
+18 570 |
Талдау кезінде өткен жылмен салыстырғанда орындауда болған құжаттар саны 34 062 құжатқа өсуі байқалды, аяқталған атқарушылық іс жүргізу саны 14 968 құжатқа өсті, ал нақты орындалған атқарушылық құжаттардың саны 2 805 құжатқа азайған.
МСО және ЖСО – ның алимент өндіру бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
қалдық |
проблемалық алименттер |
|
|
2021 ж. 9 айында |
17 686 |
2 402 |
13,5% |
15 284 |
140 |
118 750 258 |
|
2022 ж. 9 айында |
19 246 |
3 438 |
17,9% |
15 808 |
193 |
188 875 707 |
|
айырмашылық |
+1 560 |
+1 036 |
+4,4% |
+524 |
+53 |
+70 125 449 |
Жыл басынан орындауда болған алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардын саны 19 246. Оның ішінде 5 618 атқарушылық құжат мерзімді орындауда, 6 925 борышкер өз еркімен төлеп жатыр, 193 проблемалық алимент бойынша берешек 188 875 707 теңгені құрайды.
2022 жылдың 9 айында алимент бойынша 211 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ҚК 139 - бабы бойынша борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 45 ұсыныс жолданды.
Сонымен қатар, 142 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға шектеу қойды. Соттарға борышкерлердің автокөлік құралын басқаруға арналған арнайы құқықтарын тоқтата тұру туралы 19 ұсыныс жіберілді.
2022 жылдың 9 айында алимент өндіру туралы атқару өндірістері бойынша Жамбыл облысының аумағында барлығы 18 борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелері өткізілді. Аталған жәрмеңкелерге 416 борышкерлер қатысып, оның 211 жұмысқа жолдама алды және 94 борышкер жұмысқа орналастырылған.
МСО және ЖСО – ның еңбек жалақыларын өндіріп алу көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталған % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
МСО |
0/ 0 |
0/ 0 |
0% |
0/ 0 |
0% |
0 |
|
ЖСО |
17/ 44 480 918 |
14/ 36 435 395 |
82,4% |
12/ 14 879 317 |
85,7% |
3/ 8 045 523 |
|
Барлығы |
17 44 480 918 |
14 36 435 395 |
82,4% |
12 14 879 317 |
85,7% |
3 8 045 523 |
Барлық атқару құжаттары бойынша қамтамасыз ету шаралары қабылданып, кәсіпорын басшыларына қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеулер қойылды. Бұл ретте, осы санаттағы істердің сот актілерін орындамаудың негізгі себебі өтімді мүліктің болмауы, сондай-ақ сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылардың өтінімдерінің болмауы болып табылады.
Атқарушылық санкцияны өндіріп алу
|
2021 ж. 9 айында
|
2022 ж. 9 айында
|
айырмашылық |
|
5 106 460 |
14 208 441 |
+9 101 981
|
Атқарушылық санкцияны өндіріп алу 9 101 981 теңгеге ұлғайған.
2022 жылдың 9 айында мемлекет пайдасына өндіріп алу
Барлығы орындауда болған – 43 135 915 090 теңге сомаға 128 826 құжат
ЖСО – 3 850 106 478 теңге сомаға 128 293 құжат
МСО – 39 285 808 612 теңге сомаға 533 құжат
Аяқталған – 3 087 064 682 тенге сомаға 84 160 құжат
ЖСО – 2 142 158 014 теңге сомаға 83 901 құжат
МСО –944 906 668 теңге сомаға 259 құжат
Нақты орындалған – 1 580 551 512 теңге сомаға 53 548 құжат
ЖСО – 1 252 460 404 теңге сомаға 53 320 құжат
МСО – 328 091 108 теңге сомаға 228 құжат
Қалдықта - 40 051 638 873 теңге сомаға 44 667 құжат
ЖСО –1 707 949 096 теңге сомаға 44 392 құжат
МСО – 38 343 689 777 теңге сомаға 275 құжат
Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша (ЖСО және МСО бойынша)
|
кезең |
ҚР ҚК 139, 430 баптары бойынша жолданған ұсыныстар саны |
қысқартылды |
сотқа жолданды |
сотталған |
сотпен қысқартылды |
|
2021 ж. 9 айында |
114 |
17 |
5
|
0
|
0 |
|
2022 ж. 9 айында |
65 |
13 |
5 |
2 |
0 |
|
айырмашылық |
-49 |
-4 |
0 |
+2 |
0 |
Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша (ЖСО және МСО бойынша)
|
кезең |
Сотпен, ӘД-мен жолданған |
Сотпен, ӘД-мен қаралған |
айыппұл |
қамауға алу |
ескерту |
қайтарылды |
|
2021 ж. 9 айында |
294 |
219 |
55 |
148 |
16 |
75 |
|
2022 ж. 9 айында |
527* |
257 (1 сотпен қысқартылды) |
110 |
138 |
8 |
236 |
|
айырмашылық |
+233 |
+38 |
+55 |
-10 |
-8 |
+161 |
Ескерту: *34 ұсыныс қаралу барысында
Қаражат бақылау шоты
2022 жылдың 1 қантарға ақшалай қаражаттың қалдығы екі шотта 3 373 262 теңгені құрайды, оның ішінде негізгі шотта 3 373 262 теңге, сауда саттықтағы шотында – 0 теңгені құрайды.
2022 жылдың 9 айында ҚБШ - ға 249 127 977 теңге түсіп, барлығы 252 501 239 теңгені құрады, оның 249 108 363 теңгесі аударылды. Қалдықта 3 392 876 теңге.
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ақша қаражатының қалдығы 16 229 755 теңгені құраған.
2022 жылдың 9 айы бойынша орындау 99 пайызды құрады, ал 2021 жылы 96 пайызды құраған.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату бойынша:
2022 жылдың 9 айында Департаменттің ұсынысы бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензиялардың қолданылуын тоқтату болған жоқ (2021 жылы - 0).
Лицензияның қолданысын уақытша тоқтату бойынша:
2022 жылдың 9 айында Департаменттің ұсынысы бойынша жеке сот орындаушысына берілген лицензияның қолданылуын уақытша тоқтату болған жоқ (2021 жылы – 1, жоспарлы бақылау бойынша ЖСО Кылышбеков Н.).
Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау бойынша:
Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларының 2022 жылғы жоспарлы бақылау кестесіне сәйкес, 2022 жылдың 9 айында 72 жеке сот орындаушыларына қатысты жоспарлы бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 69 жеке сот орындаушыларына қатысты шаралар қабылдау үшін Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына ұсыныс жолданған, ал 3 жеке сот орындаушысы бойынша кемшіліктерді болдырмау бойынша түсіндірме хат жолданды.
Жеке сот орындаушыларын жоспардан тыс бақылау бойынша:
2022 жылдың 9 айында жеке сот орындаушыларының қызметіне жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін 124 бұйрық шығарылды.
Нәтижесінде, 95 өтініште көрсетілген жеке сот орындаушыларының заң бұзушылық фактілері өз растауын тапқаны анықталды, ал 15 жоспардан тыс бақылау бойынша арызда көрсетілген мән жайлар өз дәлелін таппады, 8 жоспардан тыс бақылау бойынша арыз иелерімен қараусыз қалдырылды, 2 жоспардан тыс бақылау бойынша атқарушылық іс жүргізу құжаты сотта болуына (сотта қаралуына) байланысты жүргізілген жоқ, қалған 4 бұйрық бойынша бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданған ұсыныстардың ішінде 71 және Республикалық палатаға жолданған 1 ұсыныс бойынша барлық жеке сот орындаушылар «ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды, 5 ұсыныс бойынша өңірлік палтаның тәртіптік комиссиясы жеке сот орындаушыларын жауапкершілікке тартуға негіз жоқ деп санаған, 1 ұсыныс бойынша жеке сот орындаушысы басқа аумаққа ауысуына байланысты жауапкершілікке тарту мүмкіншілігі болмаған, қалған 17 ұсыныс қаралу барысында.
Үйден шығару /қоныстандыру/
2022 жылдың 9 айында сот орындаушыларының өндірістерінде үйден шығару /қоныстандыру/ санатындағы жалпы саны – 72 (2021 жылы – 96) атқару құжаты орындауда болған. Оның ішінде барлығы 32 (2021 жылы – 65) атқару құжаты өндіріспен аяқталған. Ал барлығы 40 (2021 жылы - 31) атқару құжаты жеке сот орындаушыларының орындауында қалды.
Прокурорлық қадағалау
Есептік кезеңде прокуратура органдарынан орын алған заң бұзушылықты жою және оған жол бергені үшін мемлекеттік сот орындаушысының тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарау туралы 4 (2021 ж. – 6) ұсыныс келіп түскен. Барлық ұсыныстар бойынша бұзушылыққа жол берген қызметкерлер: Е.Е. Кенбаев (екі рет), Б. Серикбаев, А. Суширова тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Соттармен шығарылған жеке ұйғарымдар бойынша
2022 жылдың 9 айында мемлекеттік сот орындаушыларына қатысты жеке ұйғарым келіп түскен жоқ (2021 ж. – 2).
Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша:
2022 жылдың 9 айында Сот актілерін орындау жөніндегі барлық аудандық және Тараз қалалық аумақтық бөлімдерімен жеке сот орындаушыларының ұсыныстары бойынша барлығы 118 борышкерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылған. Аумақтық бөлімдер бойынша бөлетін болсақ: Тараз қаласы – 54, Жамбыл ауданы – 43, Т. Рысқұлов ауданы – 13, Шу ауданы – 5 және Талас ауданы – 3.
Ал, аумақтық бөлімдердің өндірістеріндегі атқару өндірістері бойынша мемлекеттік сот орындаушыларымен барлығы 8 борышкерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылды. Оның ішінде, 7 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аумақтық бөлімдер бойынша бөлетін болсақ: Тараз қаласы – 3, Жамбыл ауданы – 4, Талас ауданы - 1.