Әкімшілік-құқықтық бөлімі бойынша
Жамбыл облысы Әділет департаментінде (әрі қарай - Департамент) 2022 жылдың 6 айында жалпы штат саны 58 бірлікті құраса(2021жылы-58), нақты жұмыс істеп отырған қызметкерлер саны –48 (2021жылы-55), еңбек келісім шарты негізінде штат саны–49(2021жылы-67), шын мәнінде – 45 (2021жылы-68).
Аумақтық бөлімшелер саны – 9, (4 ауданаралық ӘБ, 5 аумақтық бөлім), құрылымдық бөлім саны – 6 (2021жылы-7).
Есепті кезеңнің аяғына 10 бос лауазым болды, оның ауданаралық әділет басқармаларында-7, оның 5 тұрақты, 2 уақытша бос, 2 орын уақытша босжәне 1 орын тұрақты Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінде (2 бас маман, 1 бөлім басшысы).
Ауысушылық бойынша:
2022 жылдың 6 айында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымыболған жоқ.
Ауысу тәртібімен 4 қызметкер тағайындалды (Т.Рыскулбекова, Р.Норматова, Л. Бейсенбинова, А. Токтаев)(2021жылы-3).
Әділет министрлігініңконкурс арқылы өтуіне байланысты 1қызметкер жұмыстан шығарылды(Байузакова А.)(2021жылы-4).
Конкурс бойынша:
Есепті кезеңді бос лауазым бойынша мемлекеттік орган ішінде 2 жалпы конкурс өткізілді, конкурс нәтижесі бойынша 2 бос лауазым толтырылды (Б.Байузаков, Г.Агайдаров),(2021жылы 4 бос лауазымға 3 ішкі конкурс, 1 жалпы конкурс жарияланып 4 лауазым жабылды).
Біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан 22 қызметкер өту жоспарланып, есепті кезенде 6 қызметкер оқу курстарынан өтті, оның ішінде біліктілігін арттырудан 5 қызметкер (2021жылы біліктілігін арттырудан - 2 қызметкер), қайта даярлаудан курсынан 1 қызметкер өтті (2021жылы-1).
Тәртіптік комиссия отырысы:
2022 жылдың 6 айында заңдыбұзушылықтарға жол бергені үшін 6 қызметкергеқатысты тәртіптік жаза қолданылды (А.Суширова, К.Сагиндикова, Е.Кенбаев,Б.Серікбаев, Е.Кенбаев, А.Абдрасулова)(2021жылы-12).
Оның ішінде 3 қызметкерге қатысты кінәларын мойындағанына сай қызметтік тексеру жүргізілмей сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды(Е.Кенбаев, А.Суширова, Е.Кенбаев)(2021жылы-7).
3 қызметкерге жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіптік жаза қолданылды, олар: 2 – ескерту (К.Сагиндикова, А.Абдрасулова), 1 – сөгіс (Б.Серікбаев)(2021жылы-5).
Жауапкершілікке тартылғандар басшылық лауазымында –2 (2021жылы-4), басшы емес – 4 (2021жылы-8), мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар саны – 3 (2021жылы-4).
Көтермелеу бойынша:
Сыйақы беру мәселесі бойынша 1 отырыс өткізіліп, 50 еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлерге және Сыйақы беру мәселесі бойынша 1 отырыс өткізіліп, 43 мемлекеттік қызметкерлерге ақшалай сыйақы берілді.
Материалдық көмек көрсету бойынша 2 комиссия отырысы өткізіліп (2021жылы-1), 5 өтініш қаралды (2021жылы-1), оның ішінде: 1 қызметкерге туыстары қайтыс болуына байланысты, 4 қызметкерге денсаулық жағдайына байланысты.
Есепті кезенде департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілері тіркелмеген.
Еңбек өтілін есептеу бойынша Жамбыл облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметкерлерінің лауазымдық айлықақы алуға құқық беретін еңбек өтілін анықтау туралы 6 комиссия отырыстары және Жамбыл облысы Әділет департаментінің штаттан тыс қызметкерлерінің лауазымдық айлықақы алуға құқық беретін еңбек өтілін анықтау туралы 6 комиссия отырысы өткізілді.
Әкімшілік құқықбұзушылық жасау фактілері
Мониторинг нәтижесінде Департаменттің 3 қызметкері әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген (А.Нурханова, Г.Джурабаева, Д.Имантаев)(жол жүру ережелерін бұзу)(2021жылы-6).
Жоспарлар мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша
Департаменті басшысымен есепті кезеңіде 18(2021 жылы-1) жедел кеңес отырыстары өткізіліп, хаттамалар дайындалып, берілген тапсырмалар орындалған.
Департаментін 2022 жылдың 6 айында арналған жоспарында 38 тармақ көрсетілген, 38 іс-шара орындалды.
Департаменттің кеңесші органдары туралы
2 алқа отырысы өткізілді(2021 жылы -1).
1) Әділет департаментінің 2021 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысын қарастыру және 2022 жылға арналған басым міндеттерді белгілеу бойынша алқа отырысы.
2) «2022 жылдың 1 тоқсанында азаматтардың өтініштерін қарау жағдайы және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуы жөніндегі қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелерін қарау». Жамбыл облысының Әділет департаменті өзара түсіністік және ынтымақтастықты арттыру мақсатында басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен жұмыс бағыттары бойынша қол қойылған 6 меморандум бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстары туралы
2022 жылдың 6 айында Департаменттің бөлімдері мен ауданаралық аумақтық бөлімдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 33іс-шара өткізілді, оның ішінде: 14 семинар, 4 дөнгелек үстел, 8 дәріс оқылып, 7мақала жарияланды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 1 ішкі талдау жүргізілді.
2022 жылғы 29 наурызда және 27 маусымында, «Аманат партиясының Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өнірлік униветситеті, «Жамбыл –Тараз» газетінің, Жамбыл облыстық нотариаттық палатасы өкілдерінің қатысуымен Жамбыл облысы Әділет департаментіне қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі 2кеңес отырыстары өткізілді.
Этикалық нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстары туралы:
Департамент басшысымен жыл сайын Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспары бекітіліп және ҚР Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру жөніндегі 2022 жылға арналған Жоспардың орындау мақсатында, а.ж. 1 жартыжылында барлығы 73(2021жылы-91)іс шара өткізілді, оның ішінде:
-Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында,Әдеп жөніндегі уәкіліменжалпы 9(2021жылы-7)іс-шара ұйымдастырылды: Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Дайрабаевпен «ADEP» диалог алаңында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп түсіндіружұмыстары жүргізілді(1бейнесюжет), 5семинар-кеңес (2021жылы-4) ұйымдастырылды, интернет-ресустарында2 мақала жарық көріп (2021жылы-1),1 радиодан түсіндірме сөз сөйленді (2021жылы-2), Әдеп жөніндегі уәкілімен 14 азамат қабылданды (2021жылы-17).
-Департаменттің бөлімдерінің, ауданаралық әділет басқармасының, қалалық/ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім қызметкерлерімен жалпы 64 іс-шара ұйымдастырылды(2021жылы-82),оның ішінде, 7 дәріс оқылды (2021жылы-6), 28 семинар-кеңес ұйымдастырылды (2021жылы-40), бұқаралық ақпарат құралдарында 22 мақала (2021жылы-24),(оның ішінде электронды түрде-17, газетте-5)жарық көріп, 7 радиодан түсіндірме сөз сөйленді (2021жылы-12).
|
№ |
|
Мақала /оның ішінде электрондық түрде/ |
Семинар-кеңес |
Дәріс |
Радио |
Бейнесюжет |
Барлығы |
|
1 |
Әділет департаменті |
14 |
20 |
|
8 |
1 |
43 |
|
2 |
Жамбыл ауданаралық ӘБ |
2 |
3 |
6 |
|
|
11 |
|
3 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
3 |
2 |
|
|
|
5 |
|
4 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
1 |
2 |
|
|
|
3 |
|
5 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
|
2 |
1 |
|
|
3 |
|
6 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
2 |
2 |
|
|
|
4 |
|
7 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
2 |
2 |
|
|
|
4 |
|
|
Барлығы |
24 |
33 |
7 |
8 |
1 |
73 |
Сонымен қатар, Департаментінің қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің талаптарын орындалуына үнемі сауалнамалар алынуда.
Дөңгелек үстелдер:
4.2022 жылдың19 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаметімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану мәселелерін талқылау бойынша Жамбыл облысы мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары А.Нурлыбекованың және Ү.Әбдіманаптың қатысуымен семинар – кеңес өткізілді.
«ADALDYQ ALAŃY»:
Есеп кезінде, ел аумағында халыққа заңгерлік кеңес беру мақсатында, «Адал көмек» жобасы аясында Жамбыл облысы Әділет департаментімен барлығы 46 (2021ж.-45)іс-шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Адал көмек» акция аясында ҚР Әділет министрлігінің «ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің Жамбыл облысы бойынша бөлімшесінде 18(2021ж.-21)азаматтар қабылданды. Оның ішінде, заңды тұлғаларды тіркеу сұрақ бойынша-9(Ш.Туткушева, Ж.Асанбаев, Ж.Досмырзаева), сот актілерді орындау туралы-4(Ш.Айнакулов, Е.Кенбаев), адвокаттардың, нотариаттық қызметіне байланысты сұрақ бойынша2 (Ш.Айнақұлов, А.Калдыбекова), зияткерлік меншік құқығы сұрақ бойынша3 (Е.Баймолдаев).
Мәселелері заң шеңберінде оң шешімін тапты. Ақпараттары Департаментінің әлеуметтік желіндерде жарияланды.
Құжатайналымы бойынша
Жеке қабылдау бойынша:
2022 жылдың 6 айында Жамбыл облысы Әділет департаментімен барлығы – 35 жеке қабылдау жүргізілген, оның ішінде Әділет департаментінің басшысы Н. Андасов – 11, оның орынбасарлары Д. Дайрабаев – 13, Ш. Айнақұлов – 11 азаматтар қабылданған.
Ауданаралық әділет басқармалары, сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдері басшыларымен – 78 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылдауда болып, оларға құқықтық көмек көрсетілген.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмасы бойынша Департамент және аумақтық бөлімшелері басшылары жеке қабылдауларын (online, оffline) өткізу барысында міндетті түрде бейне- жазба жүргізілуі іске асырылуда.
Мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы құқықтық насихат жұмыстары туралы
2022 жылы «Тіл туралы» заңнаманы насихаттау мақсатында 4 семинар-дөңгелек үстел (2021ж.-11), 24 дәрістер(2021ж.-46), 8 БАҚ-на шықты(2021ж.-22).
Құжат айналымындағы тілдердің қолданылуының сандық көрсеткіштері және сипаты туралы
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінен келіп түскен барлық тапсырмалар өз мерзімінде орындалған.
2022 жылы құжат айналымының көрсеткіштері жалпы кіріс саны – 12966(100%)(2021 жылы 10145 (100%)) келіп түссе, оның ішінде қазақшасы – 12571(97%) (2021 жылы - 8212 (80,9%)),ал орысшасы - 395(3%) (2021 жылы 1897 (18,7%).
Жалпы шығыс саны – 9439(99,4%) (2021 жылы 7532 (100%)) жіберілген болса, оның ішінде 0,6% орыс тілінде жіберілген.
Жамбыл облысы Әділет департаментімен ауданаралық әділет басқармалары, сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдері басшылары мен жеке қабылдау жүргізілген кестесі:
|
№ |
Мекеменің атауы |
2022 жылдың 6 айында |
|
Жеке қабылдау |
||
|
1 |
Әділет департаменті |
35 |
|
2 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
30 |
|
3 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
13 |
|
4 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
24 |
|
5 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
4 |
|
6 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
7 |
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
113 |
Есепті кезеңде Департаментке және оның аумақтық бөлімдеріне өтініштердің түскен жалпы саны барлығы: 1574 өтініш «Документолог»(2021 жылы 1879), 1574 өтініш «Е-Өтініш» қабылданып, ақпараттық жүйелеріне есепке қойылған.
Оның ішінде: жеке тұлғалардан 1244(2021 жылы 1247), заңды тұлғалардан –312(2021 жылы 632), оның шағым –9 (2021 жылы 2), ұжымдық –9 өтініштер түскен(2021 жылы 0).
Әділет департаментіне барлығы: 1157өтініштер келіп түскен(2021 жылы 1315), «Электронды үкімет» порталы арқылы келіп түскен өтініштердің саны: 189(2021 жылы 403), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арқылы: 125(2021 жылы 104),«Е-Өтініш» жүйесі арқылы: 758(2021 жылы 0), қолма қол арқылы: 351(2021 жылы 602), пошта арқылы48(2021 жылы 51).
Түскен өтініштер төмендегі бағыттар бойынша:
- сот актілерін орындау саласы бойынша - 635 (2021 жылы 677);
- құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету саласы бойынша – 112 (2021 жылы 121);
- заңды тұлғаларды тіркеу, АХАТ және жылмымайтын мүлікке құқытарды тіркеу саласы бойынша-331 (2021 жылы 376);
- зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша -8 (2021 жылы 4);
- әкімшілік-құқықтық бөлімі бойынша -32 (2021 жылы 27);
- және басқалар – 39;
- Е-Лицензирование ақпараттық жүйесі арқылы – 74.
Статистика көрсеткендей, түскен негізгі өтініштер сот актілерін орындау қызметіне қатысты –635(2021 жылы 677), тіркеу қызметі бойынша –331 (2021 жылы 376).
Әділет департаментінің құзыретіне кірмейтін өтініштердің саны: 221(2021 жылы 348) .
Департаментке түскен шағымдар бойынша:
Есептік кезеңінде Әділет департаментіне 9 шағым келіп түскен(2021 жылы 2).
- құзыреттілігі бойынша тиісті органдарға жіберілгені– 3;
- түсінік берілгені саны – 6.
Әділет департаментіне түскен шағымдардың талдау көрсеткендей, олар келесі сұрақтар бойынша:
- Мемлекеттік сот орындаушылары әрекетіне (әрекетсіздігіне)атқарушылық өндірісі бойынша - 2;
- Адвокат әрекетіне (әрекетсіздігіне)бойынша –3;
- Жеке сот орындаушылары әрекетіне (әрекетсіздігіне)атқарушылық өндірісі бойынша –3;
- Нотариус әрекетіне (әрекетсіздігіне)бойынша –1.
Жоғарыдағы статистиакалық мәліметтерге қарағанда, шағымдардың басым көпшілігі сот актілерінің ұзақ уақыт немесе мүлдем орындалмауы бойынша, жеке және мемлекеттік сот орындаушылардың іс әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты.
Департамент қызметіне қатысты негізделген шағымдар жоқ.
10.03.2022 жылы Н.Құлманова Әділет департаменті басшылығының Әдеп кодексінің нормаларын бұзу, сондай-ақ сыйақы беру тәртібін бұзу, атап айтқанда қызметкерлерге сыйақы беру туралы тиісті бұйрықтармен тиісінше таныспау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне өтініш жіберді.
Осы өтінішті қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өтініште көрсетілген дәлелдерді растамады.
Әділет департаментінің мүлкін қабылдау-тапсыру актісін жасамай әкету мәселесі бойынша қызметтік тексеру тағайындалып, уәждері расталмады.
Департаментке және оның аумақтық бөлімдеріне өтініштердің түскен келіп түскен өтініштердің қима көрсеткіші келесідей:
|
№№ |
Мекеменің атауы |
2022 жылдың 6 айында |
|
|
Жеке тұлғалар |
Заңды тұлғалар |
||
|
1 |
Әділет департаменті |
905 |
252 |
|
2 |
Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы |
15 |
1 |
|
3 |
Талас ауданаралық әділет басқармасы |
1 |
- |
|
4 |
Т. Рысқұлов ауданаралық әділет басқармасы |
2 |
- |
|
5 |
Шу ауданаралық әділет басқармасы |
2
|
1 |
|
6 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
241 |
49 |
|
7 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
37 |
4 |
|
8 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
40 |
1 |
|
9 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
7 |
3 |
|
10 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
11 |
2 |
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
1261 |
313 |
Департаментке және оның аумақтық бөлімдерінекеліп түскен кіріс және шығыс электрондық құжатайналым бойынша нысандық ақпарат:
|
№№ |
Мекеменің атауы |
2022 жылдың 6 айында |
||
|
Кіріс құжаттар |
Шығыс құжаттар |
Мемлекеттік қызмет қөрсету аясында түскен өтініштер |
||
|
11 |
Әділет департаменті |
9660 |
5514 |
|
|
22 |
Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы |
146 |
185 |
|
|
33 |
Талас ауданаралық әділет басқармасы |
19 |
11 |
|
|
44 |
Т. Рысқұлов ауданаралық әділет басқармасы |
7 |
|
|
|
55 |
Шу ауданаралық әділет басқармасы |
55 |
50 |
|
|
66 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
916 |
1564 |
|
|
77 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
346 |
431 |
|
|
88 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
211 |
247 |
|
|
99 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
259 |
329 |
|
|
110 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
220 |
265 |
|
|
1 |
БАРЛЫҒЫ: |
11839 |
8596 |
|
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бағыты бойынша
2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі - НҚА) тіркеу жұмысы жөніндегі мәліметтер төмендегідей болады:
НҚА мемлекеттік тіркеу бойынша:
- 2 НҚА тіркеуге түсті;
- 2 НҚА тіркелді;
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша
Есепті кезенде прокуратура органдарынан3наразылықтүсті.
Департамент тарапынан жергілікті өкілді және атқарушы органдарына ұсыныс пен ақпараттық хаттар уақытылы жолданғанына қарамастан, прокуратура органдарымен осы актілерге наразылықтар жолданған. Атап айтқанда,
1)Департаментпен 06.12.2021 жылғы №1-1-24/2016-И шығыс хатымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы «Жамбыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2020 жылғы 20 қазандағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4770 болып енгізілген) №517 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ақпараттық хаты жолданды.
Алайда, аталған қаулы бойынша Жамбыл ауданының прокуратурасынан 17.01.2022 жылғы №2-0703-22-00014 ұсынуы түскен.
Қазіргі таңда, Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімінің 05.01.2022 жылғы №2 хатына сәйкес, заңнамаға өзгерістер жұмыстары жүргізілуде.
2) Департаментпен 04.10.2021 жылы №1-1-24/1564-И шығыс хатымен«Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп - ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде №2199 болып тіркелген) №22-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы заңды бұзуды жою туралы ұсынысы жолданған.
Алайда, аталған шешім бойынша Жамбыл облысы прокуратурасынан 27.01.2022 жылғы №2-07-22-00626 наразылық келіп түскен.
3) 19.02.2022 жылы №2-0703-22-00171 Жамбыл ауданы прокуратурасынан «Жамбыл аудандық мәслихатының 27.12.2021 жылғы №13-2 және 31.12.2021 жылғы №14-2» шешімдеріне (Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 13-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 желтоқсанда № 26207 болып тіркелді)наразылық келіп түскен.
Алайда, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 67 бабының 12 және 12-1 тармақтарына сәйкес, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бюджеттік өтінімнің негізділігі, бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Жоғарыдағы атап өткен негіздемеге сәйкес, әділет органдарының кінәсі жоқ деп есептейміз.
2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында сот арқылы заңсыз деп танылған, мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілері болған жоқ.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (әрі қарай-Қағида) сәйкес Департаментпен салыстыру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы, өкілді органдарымен 2022 жылдың 1 тоқсанында қабылданған актілердің тізбелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу нәтижесінде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілер анықталған жоқ.
Мониторинг жүргізу нәтижесінде
Департаментте мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруді қажет ететін барлығы 4 НҚА анықталып, тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органдарына аталған актілерді қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестендіру туралы 4 НҚА қатысты 4 ұсыныс жолданды.
1) Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы«Сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеудің мәселелері тура»№316 қаулысына қатысты(Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3592 болып енгізілген);
2) Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы«Шу ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы»№102 қаулысына қатысты(Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3423 болып енгізілген);
3) Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйегіндегі «Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы»№38-9 шешіміне қатысты(Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қазанда №4352 тіркелген);
Қазіргі таңда, жоғарыдағы аталған шешімге/қаулыларға Әділет министрлігімен өзгерістер енгізілуде.
4) Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы«Сауда қызметін реттеудің мәселелері туралы»№125 қаулысына қатысты(Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2999 болып енгізілген).
Аталған қаулыға өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2022 жылы 20 қаңтарында №26572 мемлекеттік тіркеуден өтті.
Нәтижесінде, бүгінгі күні 3 НҚА қаралуда, 1 НҚА өзгерістер енгізілді және тәртіптік жауапкершілікке лауазымды тұлғалар тартылмаған.
Сонымен қатар Жамбыл облысы Әкімінің аппаратына және Жамбыл облыстық прокуратурасына 30.06.2022 ж. №1-1-24/1434-И 6 НҚА бойынша 1 ақпараттық хаты жолданды. Олар,
1)Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралыЖамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №254 (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда №3630 болып тіркелді) қаулысы.
2) Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қарашадағы «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 қарашада № 4408 болып тіркелді) №262 қаулысы.
3) Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қазанда №2785 болып тіркелді) №216 қаулысы бекітілген.
4) Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 шілдедегі «Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 шілдеде № 4277 болып тіркелді) №150 қаулысы бекітілген.
5) Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі«Жамбыл облысы бойынша субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы»(Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 4200 болып тіркелді)№85 қаулысы бекітілген.
6)Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қазандағы «Жамбыл облысының әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қазанда № 4756 болып тіркелді) №224 қаулысы
Әділет департаментінің веб-сайтына 3 ақпарат жолданды, 1–семинарөткізілді,5 – лекция,2 – тікелей эфир өткізілді және 8 мақала жарияланды (электронды сайтқа).
Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша
Департаментінің2022 жылдың 1 шілдесі жағдайы бойынша бюджет есебінен бөлінген қаражаты 99,8 пайызға игерілді. Атап айтқанда, бюджеттен бөлінген 228 734,0 мың теңге қаржыдан игеру деңгейі 228 278,8 мын теңгені(2021жылы- 303913,4м.т. 99,8%) құрады.
001 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойыншаесепті кезеңде бөлінген 182 279,0мың теңге қаржының 181 825,3мың теңге сомасынемесе 99,6 пайызы (2021 жылы- 233556,6 м.т. 99,8%) игерілді. Оның ішінде:
100 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша есепті кезеңге бөлінген 31 066,0 мың теңге қаражаттан 30 929,9 мың теңге сомасы, яғни 99,6 пайызға игерілді. (.2021 жылы– 37050,0мың тг. 99,6%).
102 Жеке сот орындаушылар істерінің әлеуметтік маңызды санаттары бар проблемалық атқарылу құжаттары бойынша кепілді заң көмегін көрсету кішібағдарламасыбойынша есепті кезеңге бөлінген 2 480,4мың теңге қаржыдан игеру деңгейі 2 480,4мын теңгені немесе 100 пайызды(2021жылы- 5250,0м.т. 100%) құрады.
104 «Ақпараттық жүйелердің қызмет етуін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасыбойынша есепті кезеңге бөлінген 1 110,0 мың теңге қаржыдан игеру деңгейі 1 045,8мын теңгенемесе 94,2пайызы(2021жылы-1814,3 м.т.96,9%) игерілді.
123 «Ағымдағы әкімшілік шығындары» кішібағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 147 622,6 мың теңге қаржының 147 369,2 мың теңгеге немесе99,8 пайызы(2021жылы-189442,3м.т.99,9%) игерілді.
005 «Адвокаттардың сотта заңгерлік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 46 000,0 мың теңге қаржының 46 000,0 мың теңге қаражаты немесе 100,0 пайызы(2021жылы- 69862,0м.т. 100%) игерілді.
138 «Мемлекеттік қызметкерлерге біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 455,0 мың теңге қаржының 453,5 мың теңге қаражаты немесе 99,7 пайызы (2021жылы- 494,8 м.т. 100,0% игерілді).
Дебеторлық және кредиторлық берешек жоқ.
Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бойынша
Заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстары
Тіркеу әрекеттері:
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының мәліметтеріне сай, облыс бойынша тіркеуге барлығы 435(2021 жылы – 1 004) өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы келіп түскен.
Қаралған және тіркеу жүргізілген құжаттар:
435(2021 жылы – 1 004) құжат қаралды, олардың қолданыстағы заңға сәйкестігіне қарау қорытындысы бойынша 325(2021 жылы – 834) тіркеуден өтті, 42 (2021 жылы – 66) бас тарту, 68(2021 жылы – 104) құжат бойынша тіркеу мерзімін үзу туралы бұйрықтары шығарылды.
325 құжаттың тіркелуі түрлері бойынша келесідей болды:
Алғашқы тіркеу – 98(2021 жылы – 142);
Қайта тіркеу -26(2021 жылы – 545);
Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу- 169(2021 жылы – 95);
Қызметін тоқтату- 32(2021 жылы – 52).
Есепті уақытта мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы фактісі болған жоқ.
Әкімшілік іс тәжірибесі:
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 466-бабы бойынша 1(2021 жылы – 0) әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, заңды тұлғаға «Ескерту» түрінде шара қолданылған.
Азаматтық істер:
Осы есепті кезеңде заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша азаматтық істер қозғалмаған (2021жылы - 0).
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша 53 512(2021 жылы – 44 594) тіркеу іс әрекеттері жүргізілген. Оның ішінде: қағаз жүзінде 25 911(2021 жылы – 27 155) және электронды түрде 19 213(2021 жылы – 17 439).
Көрсетілген ақапараттық қызметтер - 325(2021 жылы - 401).
Азаматтық хал актілерін тіркеу бағыты бойынша
Облыстың тіркеуші органдарымен 2022 ж. 1 жартыжылдығында барлығы 20426(2021 жылы – 23470)бастапқы акт жазбалары тіркелді.
|
Уақыт кезеңі |
туу туралы |
қайтыс болу |
неке қию |
неке бұзу |
ТАӘ ауыстыру |
|
2022 ж. |
12906 |
3784 |
3063 |
442 |
231 |
|
2021ж |
14635 |
4434 |
3697 |
479 |
225 |
|
+(-) |
-1729 |
-650 |
-634 |
-37 |
+6 |
Есептік мерзім кезінде ресми құжаттарға апостиль қою бойынша барлығы 3452(2021жылы - 3021) құжат келіп түсті, орындалғаны 3239(2021жылы - 2937)мемлекеттік қызмет, оның ішінде «Азаматтарға арналғанүкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы 1914құжат келіп түсті(2021жылы - 3008), орындалғаны 1887(2021ж.ылы- 2935), электронды түрде –1538(2021жылы - 13) құжат келіп түсті, орындалғаны 1352(2021жылы - 2).Сыртқы істер министрлігі арқылы орындауға 25құжат келіп түсті(2021жылы - 34). Көрсетілген қызметтің жалпы санынан213-нен орындаудан бас тартылды(2021жылы - 84).
АХАТ бағыты бойынша 2022 жылдың алты айында облыстағы жергілікті атқарушы органдарының азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру бойынша жасалған жұмысына талдау жасалынды. Азаматтық хал актілерін тіркеу заңдылығына бақылау жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп, оның нәтижесі облыстағы қалалық және аудандық әкімдерінің мекен жайына «АХАТ ТП» ақпараттық жүйесінде тіркелген акт жазбаларына тексеру жүргізілгені туралы ақпараттар жіберілді.
Ресми құжаттарға апостиль қою бойынша жұмыс тәжірибесіне қорытынды-талдама дайындалды.
Ресми құжаттарға апостиль қою, сондай-ақ, осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті уақытылы және сапалы көрсету мәселесі бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен 4 семинар өткізілді.
АХАТ бағыты бойынша АХАТ мамандарымен 853 сұраныстар мен өтініштер орындалды, оның ішінде халықаралық Конвенциялар бойынша да бар.
Есептік мерзім кезінде Банкнот фабрикасынан 27 000 елтаңбалы куәлік бланкілері алынды. Бланкілер қажеттілігіне орай аймақтарға бөлінді.
Бланкілердің бүліну, жоғалу фактілеріне жол берілген жоқ.
Осы есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету фактілері орын алмаған, барлық өтінімдер заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралып, орындалған.
Заңгерлік қызмет көрсету бойынша
Адвокаттық қызмет
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде облыс адвокаттарының жалпы саны 242 (2021 ж. - 224) құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 17 адвокатқа жоғарылау байқалады.
1 аумақтық адвокаттар алқасы, заң консультациялары – 10 және адвокаттық кеңселер – 6 жұмыс істейді, осыған ұқсас 2021 жылы.
Облыс адвокаттарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) 24 шағым және өтініш келіп түсті (2021 ж. – 13), оның ішінде 1 өтініш негізді деп танылып, тәртіптік жауапкершілікке 1 адвокат /С.Ж.Умралиев/ тартылды, қалған өтініштер бойынша өтініш берушіге жазбаша түсініктемелер берілді.
Есептік кезеңде лицензиялары тоқтатылған 2 (2021ж. - 2), уақытша тоқтата тұрылған - 0 (2021ж. -0).
Адвокаттарға қатысты 2021 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық істер қозғалған жоқ (2021 ж. - 0).
Облыс соттары адвокаттарға қатысты жеке ұйғарым шығармады (2021 ж. – 0).
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша
Департамент 151 адвокатпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету туралы келісім жасады (2021 ж.-155).
005 "адвокаттармен заң көмегін көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша 157 049 000 (2021ж. – 107 700 000) теңге бөлінді, оның ішінде игерілді – 46 000 000 теңге.
"005" бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде соттар, тергеу және анықтау органдары 3154 (2021 ж. – 4821) қаулы шығарды, оның ішінде: қылмыстық істер бойынша - 3063 (2021 ж. – 4651), азаматтық істер бойынша - 71 (2021 ж. – 76), әкімшілік 20 (2021 ж. - 94), консультациялар - 590 (2021 ж. – 84).
Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны-3744 (2021 ж. - 4905).
2022 жылы Әділет департаментімен Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының мүшелері арасында «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы 151 адвокатпен электронды келісім шарт жасалған.
2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 30 маусымы аралығында Жамбыл облысы бойынша «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындауға құқық қорғау органдарынан 547 сұраныс келіп түскен, 504 сұраныс бойынша адвокат тағайындалған.
Нотариаттық қызмет
Облыс нотариустарының жалпы саны – 188 (2021ж. - 185), бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 нотариусқа артық.
Жыл басынан бері нотариустардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) 28 (2021 жылы - 27) шағым келіп түсті, оның ішінде негізделген 5 өтініш (Е.В.Локтеваның нотариус О.Н.Пьянковаға, Н.Вильмицкинаның нотариус Т.Момыновқа, Б.Кудайбергенованың нотариус Л.Т.Жанасоваға қатысты, К.Рысбаевтың нотариус Т.Байлинаға қатысты Н.Нусипбековтың нотариус Д.Калабаевқа қатысты). Негізделген шағымдар бойынша нотариустарға қатысты нотариаттық палатаға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 4 ұсыныс жолданды /нотариус Т.Момынов «қатаң сөгіс», нотариус Т.Байлинаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 1 ұсыныс қарау сатысында, 1 ұсыныс нотариустың іс-әрекеттеріндегі заң бұзушылықтың шамалы болуына байланысты қысқартылған/. ҚР ӘМ нотариусты лицензиясынан айыру туралы ұсыныс жолданды /қаралу сатысында/.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап нотариустардың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру фактілері орын алмады (2021 ж. - 0).
Нотариаттық қызметпен айналысуға 3 нотариустың (қайтыс болуына байланысты/ лицензияның қолданылуы тоқтатылды. (2021 ж. – 0).
Есептік кезеңде жасалатын нотариаттық іс - әрекеттердің заңдылығы және нотариаттық іс жүргізу қағидаларының сақталуы тұрғысынан 10 (2021 ж. - 6) тексеру жүргізілді, оның ішінде жоспарлы 5 (2021ж. - 4), арыз-шағымдар бойынша жоспардан тыс 5 (2021ж. - 2).
Жоспарлы тексеріс нәтижелері бойынша Жамбыл облысы нотариаттық палатасына 5 нотариусқа қатысты ұсыныс енгізілді.
2 жеке нотариус (Л.Мамекова, З.Азимова) тәртіптік жауапкершілікке сөгіс түрінде, 1 ұсыныс бойынша қозғалған тәртіптік іс нотариустың іс-әрекеттеріндегі заң бұзушылықтың шамалы болуына байланысты қысқартылған, 2 нотариусқа қатысты нотариаттық палатаға жолданған ұсыныс қарау сатысында.
Облыс соттары 2022 жылы облыс нотариустарына қатысты 1 жеке ұйғарым шығарды (Т.Момынов) (2021 ж. - 4). 1 нотариусқа / Т.Момынов/ қатысты "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік шара қолданылған.
Соттарға нотариаттық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 12 (2021 ж. - 17) талап арыз келіп түсті, оның ішінде нотариустың кінәсінен қанағаттандырылғаны – 0 (2020 ж. - 0).
Мемлекеттік қызметтер
2022 жылдың 1 жартыжылдығында аттестаттау комиссиясының 4 (2021 жылы – 4) отырысы өткізілді, оның ішінде - 2адвокаттық қызметпенайналысуға(2021 жылы –2) және 2нотариаттық қызметпен айналысу құқығына(2021 жылы - 2)
Адвокаттық қызметпен айналысуға барлығы 42 (2021 жылы –45) өтініш берілді, 37(2021 жылы –40) үміткер қатысты, 31(2021 жылы – 27) үміткер аттестаттаудан өтпеді, 6(2021 жылы - 16) аттестатталды.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 10(2021 жылы – 22) өтініш берілді, 9(2021 жылы – 14) үміткер қатысты, оның 3 (2021 жылы – 9) аттестаттаудан өтпеді және 6(2021 жылы – 5) аттестаттаудан өтті.
Әкімшілік тәжірибе
2022 жылдың 1 жартыжылдығында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 668-бабымен (адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі жасау, олардың кәсіби міндеттерін жүзеге асыру үшін талап етілетін қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді жазбаша сұрау салу бойынша заңнамада белгіленген мерзімде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрінген) әкімшілік іс қозғау туралы 8 арыз-шағым келіп түскен:
- 1 шағым бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қанағаттандырудан бас тартылған;
- 1 шағым жеке тұлғаға қатысты, 1 шағым заң консультантымен берілуіне байланысты түсіндірме беріліп, бас тартылған;
- 3 шағым ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 32-бабына сәйкес құқық қорғау органдарына жолданды;
- 2 шағым бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, Т.Рысқұлов аудандық сотына қарау үшін жолданды /қаралу стысында/.
Есептік кезеңде сотқа жолданған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер болған жоқ және бас тартылған шешімдерге қатысты дау айту фактілері орын алмады.
Заң консультанттарының қызметі
Жамбыл облысының аумағында 1 палата Жамбыл облысы заң консультанттарының палатасы қызметін жүзеге асырады.
"Жамбыл облысы заң консультанттарының палатасы" төрағасы Исабеков Шамсат Жаксылыкович, орналасқан жері, Тараз қаласы, Сулейманов көшесі, 17 А. Палатада ұсынылған тізімге сәйкес 215 заң консультанты, 2021 жылғы 14 шілдеден бастап Палата Республикалық заң консультанттары алқасының мүшесі болып табылады.
2022 жылдың 20 маусымы жағдайы бойынша заң консультанттарына қатысты барлығы 7 өтініш келіп түсті, 2 өтініш тиістілігіне қарай басқа департаменттерге жолданды, 2 өтініш бойынша шағым негізді деп танылып, 2 заң консультанты сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2022 жылдың 1 жартыжылдығында заң консультанттарына қатысты 1 жеке ұйғарым шығарылды /Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудындық сотымен заң консультанты Т.Мукушевке қатысты, қарастырылу нәтижесі бойынша заң консультанты «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды/.
Құқықтық түсіндіру жұмыстары:
Әділет департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері, халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту және өз құқықтары бойынша ақпараттандырылған азаматтардың саңын арттыру мақсатында, 2022 жылдың 1 жартыжылдығында - 526 (2021 ж. - 556) іс - шара ұйымдастырды, оның ішінде:
-БАҚ баспа, электронды басылымдарында - 72 (2021 ж. - 153) мақала жарияланды;
Телеарнадан сөз сөйлеу, сұхбат беру – 4 (2021 ж. – 2);
Радио - 11 (2021 ж.-9);
Мемлекеттік органның интернет-ресурстарында - 239 (2021 ж. – 94) жарияланым;
-«Дөңгелек үстел» - 17 (2020 ж. - 32)
-Дәріс оқу, семинар, тренингтер ұйымдастыру – 133 (2020 ж. – 221);
-Баспасөз конференциялар, брифингтер - 1 (2020 ж.– 1);
Ақпараттық топтардың шығуы - 6 (2020 ж.– 35);
Әділет органдары қызметінің негізгі Ережелерін түсіндіру бойынша "Ашық есік күндері" - 43 (2020 ж.– 9)
Сонымен қатар, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, Әділет департаменттің басшысы мен орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.
Зияткерлік меншік құқығы бойынша:
Ағымдағы жылдың 6 айындаЖамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөліміне заңды және жеке тұлғалардан 8(2021 жылы – 4) өтініш, экономикалық тергеп-тексеру департаментінен – 9(2021жылы-3)және мемлекеттік кірістер органдарынан -4(2021 жылы-24) материал келіп түсті.
Барлық өтініштерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, негiзделген және уәжделген, қабылданған шешiмге шағым беру құқықтары түсiндiріле жауаптар қайтарылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізілген.
Ағымдағы жылы Департаментпен тауар белгілерін пайдалануға қатысты заң талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізілген жоқ. Құқықтық түсіндіру жұмыстары
Қоғамда контрафактілік өнімдерге және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы қатынасын қалыптастыру мақсатында халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Есепті кезеңде облыс бойынша 14(2021 жылы-30)семинар, 13 «дөңгелек үстел»(2021жылы-17), 22 дәрістероқылды(2021 жылы-27). Мемлекеттік органның интернет-ресурстарында (әлеуметтік желілерде) 35жарияланымдар жасалды(2021 жылы-21) .
Бұқаралық ақпараттар құралдарында атқарылған жұмыстың оң нәтижесін көрсету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, облыстық (республикалық, аудандық, қалалық) баспасөз беттерінде 6(2021 жылы-6)мақалажарияланды, облыстық радиодан 4 (2021жылы-5) сұхбат берілді.
Сонымен қатар, зияткерлік меншік саласы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жадынамалар әзірленіп, азаматтар мен өзінің қызметінде зияткерлік меншік нысандарын қолданатын кәсіпкерлерге таратылды.
Зияткерлік меншік құқықтары бөліміміен «Контафакт» республикалық акциясы аясында «Контрафактіге жол жоқ» тақырыбында 10 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған үздік сурет аймақтық байқауы өткізілді.
Сот орындаушылармен сот актілерін орындау бойынша
МСО – ның жалпы орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 6 айында |
2 077 |
663 |
31,9% |
437 |
65,9% |
1 415 |
|
2022 ж. 6 айында |
1 725 |
810 |
46,9% |
516 |
63,7% |
916 |
|
айырмашылық |
-352 |
+147 |
+15% |
+79 |
-2,2% |
-499 |
ЖСО – ның жалпы орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 6айында |
270 978 |
88 760 |
32,7% |
59 140 |
65,6% |
182 219 |
|
2022 ж. 6 айында |
300 868 |
98 629 |
32,8% |
55 515 |
56,3% |
202 239 |
|
айырмашылық |
+29 890 |
+9 869 |
+0,1% |
-3 625 |
-9,3% |
+20 020 |
МСО және ЖСО – ның жалпы орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 6 айында |
273 055 |
89 423 |
24,4% |
59 577 |
66,6% |
183 634 |
|
2022 ж. 6 айында |
302 593 |
99 439 |
32,8% |
56 031 |
56,3% |
203 155 |
|
айырмашылық |
+29 538 |
+10 016 |
+8,4% |
-3 546 |
-10,3% |
+19 521 |
МСО және ЖСО – ның алиментсіз орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 6 айында |
255 254 |
87 568 |
34,3% |
59 477 |
67,9% |
167 688 |
|
2022 ж. 6 айында |
284 535 |
96 923 |
34,1% |
55 911 |
57,6% |
187 613 |
|
айырмашылық |
+29 281 |
+9 355 |
-0,2% |
-3 566 |
-10,3% |
+19 925 |
Талдау кезінде өткен жылмен салыстырғанда орындауда болған құжаттар саны 29 281 құжатқа өсуі байқалды, аяқталған атқарушылық іс жүргізу саны 9 355 құжатқа өсті, ал нақты орындалған атқарушылық құжаттардың саны 3 566 құжатқа азайған.
МСО және ЖСО – ның алимент өндіру бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
қалдық |
проблемалық алименттер |
|
|
2021 ж. 6 айында |
17 801 |
1 855 |
10,4% |
15 946 |
138 |
116 740 999 |
|
2022 ж. 6 айында |
18 058 |
2 516 |
13,9% |
15 542 |
225 |
222 526 233 |
|
айырмашылық |
+257 |
+661 |
+3,5% |
-404 |
+87 |
+105 785 234 |
Жыл басынан орындауда болған алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардын саны 18 058. Оның ішінде 5 824 атқарушылық құжат мерзімді орындауда, 8 921 борышкер өз еркімен төлеп жатыр, 225 проблемалық алимент бойынша берешек 222 526 233 теңгені құрайды.
2022 жылдың 6 айында алимент бойынша 177 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ҚК 139 - бабы бойынша борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 4 ұсыныс жолданды.
Сонымен қатар, 112 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға шектеу қойды. Соттарға борышкерлердің автокөлік құралын басқаруға арналған арнайы құқықтарын тоқтата тұру туралы 13 ұсыныс жіберілді.
2022 жылдың 6 айында алимент өндіру туралы атқару өндірістері бойынша Жамбыл облысының аумағында барлығы 13 борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелері өткізілді. Аталған жәрмеңкелерге 308 борышкерлер қатысып, оның 153 жұмысқа жолдама алды және 79 борышкер жұмысқа орналастырылған.
МСО және ЖСО – ның еңбек жалақыларын өндіріп алу көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталған % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
МСО |
0/ 0 |
0/ 0 |
0% |
0/ 0 |
0% |
0 |
|
ЖСО |
6/ 23 235 645 |
4/ 11 977 356 |
66,6% |
3/ 1 199 317 |
75% |
2/ 11 258 289 |
|
Барлығы |
6 23 235 645 |
4 11 977 356 |
66,6% |
3 1 199 317 |
75% |
2 11 258 289 |
Барлық атқару құжаттары бойынша қамтамасыз ету шаралары қабылданып, кәсіпорын басшыларына қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеулер қойылды. Бұл ретте, осы санаттағы істердің сот актілерін орындамаудың негізгі себебі өтімді мүліктің болмауы, сондай-ақ сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылардың өтінімдерінің болмауы болып табылады.
Атқарушылық санкцияны өндіріп алу
|
2021 ж. 6 айында
|
2022 ж. 6 айында
|
айырмашылық |
|
2 721 553 |
9 234 457 |
+6 512 904
|
Атқарушылық санкцияны өндіріп алу 6 512 904 теңгеге ұлғайған.
2022 жылдың 6 айында мемлекет пайдасына өндіріп алу
Барлығы орындауда болған – 42 424 742 705 теңге сомаға 110 033 құжат
ЖСО – 3 338 847 647 теңге сомаға 109 650 құжат
МСО – 39 085 895 058 теңге сомаға 383 құжат
Аяқталған – 1 745 824 328 тенге сомаға 55 025 құжат
ЖСО – 1 417 878 192 теңге сомаға 54 917 құжат
МСО –327 946 136 теңге сомаға 108 құжат
Нақты орындалған – 1 002 062 192 теңге сомаға 34 067 құжат
ЖСО – 782 089 803 теңге сомаға 33 972 құжат
МСО – 219 972 389 теңге сомаға 95 құжат
Қалдықта - 40 681 705 208 теңге сомаға 54 886 құжат
ЖСО –1 920 969 453 теңге сомаға 54 733 құжат
МСО – 38 760 735 755 теңге сомаға 153 құжат
Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша (ЖСО және МСО бойынша)
|
кезең |
ҚР ҚК 139, 430 баптары бойынша жолданған ұсыныстар саны |
қысқартылды |
сотқа жолданды |
сотталған |
сотпен қысқартылды |
|
2021 ж. 6 айында |
19 |
10 |
2
|
0
|
0 |
|
2022 ж. 6 айында |
38 |
6 |
2 |
0 |
0 |
|
айырмашылық |
+19 |
-4 |
0 |
0 |
0 |
Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша (ЖСО және МСО бойынша)
|
кезең |
Сотпен, ӘД-мен жолданған |
Сотпен, ӘД-мен қаралған |
айыппұл |
қамауға алу |
ескерту |
қайтарылды |
|
2021 ж. 6 айында |
204 |
151 |
32 |
107 |
12 |
53 |
|
2022 ж. 6 айында |
360 |
183 |
82 |
97 |
4 |
177 |
|
айырмашылық |
+156 |
+32 |
+50 |
-10 |
-8 |
+124 |
Қаражат бақылау шоты
2022 жылдың 1 қантарға ақшалай қаражаттың қалдығы екі шотта 3 373 262 теңгені құрайды, оның ішінде негізгі шотта 3 373 262 теңге, сауда саттықтағы шотында – 0 теңгені құрайды.
2022 жылдың 6 айында ҚБШ - ға 221 499 147 теңге түсіп, барлығы 224 872 409 теңгені құрады, оның 208 939 738 теңгесі аударылды. Қалдықта 15 932 671 теңге.
2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ақша қаражатының қалдығы 3 538 836 теңгені құраған.
2022 жылдың 6 айы бойынша орындау 93 пайызды құрады, ал 2021 жылы 97 пайызды құраған.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату бойынша:
2022 жылдың 6 айында Департаменттің ұсынысы бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензиялардың қолданылуын тоқтату болған жоқ (2021 жылы - 0).
Лицензияның қолданысын уақытша тоқтату бойынша:
2022 жылдың 6 айында Департаменттің ұсынысы бойынша жеке сот орындаушысына берілген лицензияның қолданылуын уақытша тоқтату болған жоқ (2021 жылы – 1, жоспарлы бақылау бойынша ЖСО Кылышбеков Н.).
Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау бойынша:
Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларының 2022 жылғы жоспарлы бақылау кестесіне сәйкес, 2022 жылдың 6 айында 46 жеке сот орындаушыларына қатысты жоспарлы бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 44 жеке сот орындаушыларына қатысты шаралар қабылдау үшін Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына ұсыныс жолданған, ал 2 жеке сот орындаушысы бойынша кемшіліктерді болдырмау бойынша түсіндірме хат жолданды.
Жеке сот орындаушыларын жоспардан тыс бақылау бойынша:
2022 жылдың 6 айында жеке сот орындаушыларының қызметіне жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін 77 бұйрық шығарылды.
Нәтижесінде, 55 өтініште көрсетілген жеке сот орындаушыларының заң бұзушылық фактілері өз растауын тапқаны анықталды, ал 13 жоспардан тыс бақылау бойынша арызда көрсетілген мән жайлар өз дәлелін таппады, 4 жоспардан тыс бақылау бойынша арыз иелерімен қараусыз қалдырылды, 2 жоспардан тыс бақылау бойынша атқарушылық іс жүргізу құжаты сотта болуына (сотта қаралуына) байланысты жүргізілген жоқ, қалған 3 бұйрық бойынша бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданған 40 және Республикалық палатаға жолданған 1 ұсыныс бойынша барлық жеке сот орындаушылар «ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды, 2 ұсыныс бойынша өңірлік палтаның тәртіптік комиссиясы жеке сот орындаушыларын жауапкершілікке тартуға негіз жоқ деп санаған, қалған 12 ұсыныс қаралу барысында.
«Бүркіт» бағдарламасы бойынша
«Бүркіт» ақпараттық бірыңғай жүйесіне енгізілген қаулыларды талдау барысында облыс бойынша 2022 жылдың 6 айында барлығы 42(2021 ж. - 15) борышкерлерге шектеу қойылған.
Үйден шығару /қоныстандыру/ санаты бойынша
2022 жылдың 6 айында сот орындаушыларының өндірістерінде үйден шығару /қоныстандыру/ санатындағы жалпы саны – 9(2021 ж. - 24)атқару құжаты орындауда болған. Оның ішінде барлығы 3(2021 ж. - 3)атқару құжаты өндіріспен аяқталған. Ал барлығы 6(2021 ж. - 21)атқару құжаты сот орындаушыларының орындауында қалды.
Прокурорлық қадағалау
Есептік кезеңде прокуратура органдарынан орын алған заң бұзушылықты жою және оған жол бергені үшін сот орындаушысының тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарау туралы 4 (2021 ж. – 6) ұсыныс келіп түскен. Барлық ұсыныстар бойынша бұзушылыққа жол берген қызметкерлер: Е.Е. Кенбаев (екі рет), Б. Серикбаев, А. Суширова тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Соттармен шығарылған жеке ұйғарымдар бойынша
2022 жылдың 6 айында жеке ұйғарым келіп түскен жоқ (2021 ж. – 2).