Кадр қызметі бойынша
Жамбыл облысы Әділет департаментінде (әрі қарай - Департамент) 2022 жылдың 1 тоқсанында жалпы штат саны 58(2021жылы-72) бірлікті құраса, нақты жұмыс істеп отырған қызметкерлер саны- 50 (2021жылы-58). Аумақтық бөлімшелер саны – 9, (4 ауданаралық ӘБ, 5 аумақтық бөлім), құрылымдық бөлім саны-6 (2021жылы-7).
Есепті кезеңнің аяғына 8 бос лауазым болды, оның ауданаралық әділет басқармаларында-7, оның 5 тұрақты, 2 уақытша бос, 1 орын Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінде (жетекші маман).
Ауысушылық бойынша:
2022 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымы болған жоқ.
Ауысу тәртібімен 1(2021жылы-3) қызметкер тағайындалды (Т.Рыскулбекова).
Конкурстан өтуіне байланысты 1(2021жылы-4) қызметкер жұмыстан шығарылғандар, ол Әділет министрлігіне (Байузакова А.).
Конкурс бойынша:
Есепті кезеңді бос лауазым бойынша мемлекеттік орган ішінде конкурс жүргізілген жоқ (2021жылы 4 бос лауазымға 4 конкурс өткізілді. 4 бос лауазымға 3 ішкі конкурс, 3 лауазым жабылды. 1 бос лауазымға 1 жалпы конкурс жарияланып 1 лауазым жабылды).
Біліктілігін арттыру курстарынан 22 қызметкер өту жоспарланып, есепті кезенде 1 қызметкер оқу курстарынан өтті (2021жылы біліктілігін арттырудан 2 қызметкер өткен), қайта даярлаудан өткен қызметкер жоқ (2021 жылы-1).
Еңбек өтілін есептеу бойынша 3 комиссия отырысы өткізілді.
Тәртіптік комиссия отырысы:
2022 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметшінің заңсыз іс-әрекеттері жөнінде түскен мәліметтер саны - 3 (2021жылы-3). түскен мәліметке сай 4 (Е.Кенбаев, А.Суширова, К.Сагиндикова, Б.Серікбаев ) қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды (2021жылы-6).
Оның ішінде 2 – (Е.Кенбаев, А.Суширова) қызметкер кінәсін мойындағанына байланысты қызметтік тексеру жүргізілмей сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды (2021жылы-6).
2 (2021жылы-0) қызметкер жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олар: 1 – (К.Сагиндикова) ескерту, 1 – (Б.Серікбаев) сөгіс.
Жауапкершілікке тартылғандар басшылық лауазымында - 1 (2021жылы-2), басшы емес – 3 (2021жылы-4), мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар жоқ (2021жылы-2).
Көтермелеу бойынша:
Материалдық көмек көрсету бойынша 2 комиссия отырысы өткізіліп (2021жылы-1), 5 өтініш қаралды (2021жылы-1), оның ішінде: 1 қызметкерге туыстары қайтыс болуына байланысты, 4 қызметкерге денсаулық жағдайына байланысты.
Сыйақы беру мәселесі бойынша 1 отырыс өткізіліп, 50 еңбек шартымен жұмыс істейтін қызметкерлерге ақшалай сыйақы берілді.
Есепті кезенде департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілері тіркелмеген.
Әкімшілік құқықбұзушылық жасау фактілері
Мониторинг нәтижесінде Департаменттің 2 қызметкерімен (А.Нурханова, Г.Джурабаева) 2 әкімшілік құқықбұзушылық жасау фактілері анықталды (жол жүру ережелерін бұзу) (2021жылы-3).
Жоспарлар мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша
Департаменті басшысымен есепті кезеңіде 9 (2021 жылы-0)жедел кеңес отырыстары өткізіліп, хаттамалар дайындалып, берілген тапсырмалар орындалған.
Департаментін 2022 жылдың 1 тоқсанына арналған жоспарында 21 тармақ көрсетілген, 20 іс-шара орындалды, 1 іс-шара (Жамбыл облысы нотариустарымен семинар кеңес өткізу жоспарланған) қызметтік хат негізінде мерзімі ұзартылды сәуір айына.
Департаменттің кеңесші органдары туралы
1 (2021 жылы -1) алқа отырысы өткізілді. Ол: Әділет департаментінің 2021 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысын қарастыру және 2022 жылға арналған басым міндеттерді белгілеу бойынша алқа отырысы. Жамбыл облысының Әділет департаменті өзара түсіністік және ынтымақтастықты арттыру мақсатында басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен жұмыс бағыттары бойынша қол қойылған 6 меморандум бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этикалық нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстары туралы
2022 жылдың 1 тоқсанында Департаменттің ауданаралық әділет басқармалырымен және аумақтық бөлімдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 17 іс-шара өткізілді, оның ішінде: 8 семинар, 1 дөнгелек үстел, 2 дәріс оқылып, 3 радиодан сөз сөйлеу, 3 мақала жарияланды.
2022 жылдың 29 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Аманат партиясының Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өнірлік униветситеті, «Жамбыл –Тараз» газетінің, Жамбыл облыстық нотариаттық палатасы өкілдерінің қатысуымен Жамбыл облысы Әділет департаментіне қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңес отырысы өткізілді.
Этикалық нормаларын сақтау бойынша атқарылған жұмыстары туралы:
Департамент басшысымен жыл сайын Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспары бекітіліп және ҚР Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру жөніндегі 2022 жылға арналған Жоспарларға сәйкес жұмыстар атқарылуда:
Есеп кезінде, Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Дайрабаевпен «ADEP» диалог алаңында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 2 семинар-кеңес (2021жылы-1) ұйымдастырылды, интернет-ресустарында-1 мақала жарық көріп (2021жылы-1), 1 радиодан түсіндірме сөз сөйленді (2021жылы-1), Әдеп жөніндегі уәкілімен 4 азамат қабылданды (2021жылы-17).
Сонымен қатар, Департаментінің қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің талаптарын орындалуына үнемі сауалнамалар алынуда-37 (2021жылы-51).
Департаменттің бөлімдерінің, ауданаралық әділет басқармасының, қалалық/ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім қызметкерлерімен жалпы 32(2021жылы.-70) іс-шара ұйымдастырылды оның ішінде, 2 дәріс оқылып (2021жылы-6), 13 семинар-кеңес ұйымдастырылды (2021жылы-40), бұқаралық ақпарат құралдарында 11 мақала (2021жылы-15), (оның ішінде электронды түрде-7) жарық көріп, 5 радиодан түсіндірме сөз сөйленді (2021жылы-9), 1бейнесюжет.
|
№ |
|
Мақала /оның ішінде электрондық түрде/ |
Семинар-кеңес |
Дәріс |
Радио |
Бейнесюжет |
Барлығы
|
|
1 |
Әділет департаменті |
7 |
8 |
|
5 |
1 |
21 |
|
2 |
Жамбыл ауданаралық ӘБ |
1 |
|
1 |
|
|
2 |
|
3 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
1 |
1 |
|
|
|
2 |
|
4 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
|
1 |
|
|
|
1 |
|
5 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
|
1 |
1 |
|
|
2 |
|
6 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
1 |
1 |
|
|
|
2 |
|
7 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
1 |
1 |
|
|
|
2 |
|
|
Барлығы |
11 |
13 |
2 |
5 |
1 |
32 |
Дөңгелек үстелдер:
«ADALDYQ ALAŃY» және «ANTIKOR LIVE»:
Есеп кезінде ел аумағында халыққа заңгерлік кеңес беру мақсатында, «Адал көмек» жобасы аясында Жамбыл облысы Әділет департаментімен 19 (2021жылы-14) іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің Жамбыл облысы бойынша бөлімшесінде 12 (2021жылы-7) азамат қабылдап, мәселелері заң шеңберінде оң шешімін тапты.
Ақпараттары Департаментінің сайтына, инстаграм, фейсбук парақшаларына жарияланды.
Құжатайналымы бойынша
Жеке қабылдау бойынша:
2022 жылдың 3 айында Жамбыл облысы Әділет департаментімен барлығы - жеке қабылдау жүргізілген, оның ішінде Әділет департаментінің басшысы және оның орынбасарларымен 12 азаматтар қабылданған.
Ауданаралық әділет басқармалары, сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдері басшыларымен – 36 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылдауда болып, оларға құқықтық көмек көрсетілген.
Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы мен Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлім филиалы басшыларымен жеке және заңды тұлғаларды өкілдерін қабылдау өткізілгенімен «Е-Өтініш» жүйесіне енгізілмеген.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмасы бойынша Департамент және аумақтық бөлімшелері басшылары жеке қабылдауларын (online, оffline) өткізу барысында міндетті түрде бейне- жазба жүргізілуі іске асырылуда.
|
№ |
Мекеменің атауы |
2022 жылдың 3 айында |
|
Жеке қабылдау |
||
|
1 |
Әділет департаменті |
12 |
|
2 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
11 |
|
3 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
13 |
|
4 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
8 |
|
5 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
4 |
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
48 |
Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы: 643 (2021 жылы 906) өтініш «Документолог», 643 өтініш «Е-Өтініш» қабылданып, ақпараттық жүйелеріне есепке қойылған.
Оның ішінде: жеке тұлғалардан 491, заңды тұлғалардан - 143, оның шағым - 4, ұжымдық - 5 өтініштер түскен.
Әділет департаментіне барлығы: 512 өтініштер келіп түскен, «Электронды үкімет» порталы арқылы келіп түскен өтініштердің саны: 105.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арқылы келіп түскен өтініштердің саны: 48.
Түскен өтініштер төмендегі бағыттар бойынша:
- сот актілерін орындау саласы бойынша - 402;
- құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету саласы бойынша - 54,
- Е-Лицензирование ақпараттық жүйесі арқылы - 32;
- заңды тұлғаларды тіркеу, АХАТ және жылмымайтын мүлікке құқытарды тіркеу саласы бойынша-166;
- зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша -4;
- әкімшілік-құқықтық бөлімі бойынша -17.
Статистика көрсеткендей, түскен негізгі өтініштер сот актілерін орындау қызметіне қатысты – 402 (2021 жылы 512) немесе -62,5% (2021 жылы 56,5%), тіркеу қызметі бойынша –166(2021 жылы 242) немесе -28,8%(2021 жылы 26,7%) құрайды.
Әділет департаментінің құзыретіне кірмейтін өтініштердің саны: 119(2021 жылы 170) немесе -18,5% (2021 жылы 18,7%) құрайды.
Департаментке түскен шағымдар бойынша:
Есептік кезеңінде Әділет департаментіне 4 (2021 жылы 1) шағым келіп түскен, бұл келіп түскен барлық өтініштердің – 0,6% (2021 жылы 0,1%) құрайды.
- құзыреттілігі бойынша тиісті органдарға жіберілгені– 1;
- түсінік берілгені саны – 3;
Әділет департаментіне түскен шағымдардың талдау көрсеткендей, олар келесі сұрақтар бойынша:
- Мемлекеттік сот орындаушылары әрекетіне (әрекетсіздігіне)атқарушылық өндірісі бойынша - 2;
- Адвокат әрекетіне (әрекетсіздігіне)бойынша –1;
- Жеке сот орындаушылары әрекетіне (әрекетсіздігіне)атқарушылық өндірісі бойынша - 1.
Жоғарыдағы статистиакалық мәліметтерге қарағанда, шағымдардың басым көпшілігі сот актілерінің ұзақ уақыт немесе мүлдем орындалмауы бойынша, жеке және мемлекеттік сот орындаушылардың іс әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты.
Департамент қызметіне қатысты негізделген шағымдар жоқ.
10.03.2022 жылы Н.Құлманова Әділет департаменті басшылығының Әдеп кодексінің нормаларын бұзу, сондай-ақ сыйлықақы беру тәртібін бұзу, атап айтқанда қызметкерлерге сыйақы беру туралы тиісті бұйрықтармен тиісінше таныспау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне өтініш жіберді.
Осы өтінішті қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өтініште көрсетілген дәлелдерді растамады.
Әділет департаментінің мүлкін қабылдау-тапсыру актісін жасамай әкету мәселесі бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.
Келіп түскен өтініштердің қима көрсеткіші келесідей:
|
№№ |
Мекеменің атауы |
2022 жылдың 3 айында |
|
|
Жеке тұлғалар |
Заңды тұлғалар |
||
|
1 |
Әділет департаменті |
393 |
119 |
|
2 |
Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы |
11 |
1 |
|
3 |
Талас ауданаралық әділет басқармасы |
- |
- |
|
4 |
Т. Рысқұлов ауданаралық әділет басқармасы |
2 |
- |
|
5 |
Шу ауданаралық әділет басқармасы |
1
|
- |
|
6 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
56 |
20 |
|
7 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
19 |
2 |
|
8 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
11 |
- |
|
9 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
4 |
- |
|
10 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
2 |
2 |
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
499 |
144 |
Электрондық құжатайналым бойынша нысандық ақпарат:
|
№№ |
Мекеменің атауы |
2022 жылдың 3 айында |
||
|
Кіріс құжаттар |
Шығыс құжаттар |
Мемлекеттік қызмет қөрсету аясында түскен өтініштер |
||
|
11 |
Әділет департаменті |
4280 |
2437 |
|
|
22 |
Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы |
50 |
56 |
|
|
33 |
Талас ауданаралық әділет басқармасы |
15 |
7 |
|
|
44 |
Т. Рысқұлов ауданаралық әділет басқармасы |
15 |
7 |
|
|
55 |
Шу ауданаралық әділет басқармасы |
13 |
- |
|
|
66 |
Тараз қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
351 |
562 |
|
|
77 |
Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
138 |
157 |
|
|
88 |
Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
94 |
99 |
|
|
99 |
Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
137 |
125 |
|
|
110 |
Шу ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі |
100 |
32 |
|
|
1 |
БАРЛЫҒЫ: |
5193 |
3482 |
|
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бағыты бойынша
2022 жылдың 3- айында нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі - НҚА) тіркеу жұмысы жөніндегі мәліметтер төмендегідей болады:
НҚА мемлекеттік тіркеу бойынша:
- 1 НҚА тіркеуге түсті;
- 1 НҚА тіркелді;
- НҚА тіркеуден бас тартылғаны жоқ;
- тіркеусіз кері қайтарылғандар жоқ;
- НҚА жергілікті мемлекеттік органдарының сұраныстары бойынша сұратылмаған (қайтарылып алынған).
2021 жылдың 3–айында келісуге барлығы 1 жоба түсіп, 1 жоба келісілді, пысықтау үшін және мемлекеттік органдармен қайтарылып алынған жобасы болған жоқ.
Есепті кезенде прокуратура органдарынан 3 наразылық түсті.
Департамент тарапынан жергілікті өкілді және атқарушы органдарына ұсыныс пен ақпараттық хаттар уақытылы жолданғанына қарамастан, прокуратура органдарымен осы актілерге наразылықтар жолданған. Атап айтқанда,
1)Департаментпен 06.12.2021 жылғы №1-1-24/2016-И шығыс хатымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қазандағы «Жамбыл ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2020 жылғы 20 қазандағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4770 болып енгізілген) №517 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ақпараттық хаты жолданды.
Алайда, аталған қаулы бойынша Жамбыл ауданының прокуратурасынан 17.01.2022 жылғы №2-0703-22-00014 ұсынуы түскен.
Қазіргі таңда, Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімінің 05.01.2022 жылғы №2 хатына сәйкес, заңнамаға өзгерістер жұмыстары жүргізілуде.
2) Департаментпен 04.10.2021 жылы №1-1-24/1564-И шығыс хатымен«Жамбыл облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп - ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде №2199 болып тіркелген) №22-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы заңды бұзуды жою туралы ұсынысы жолданған.
Алайда, аталған шешім бойынша Жамбыл облысы прокуратурасынан 27.01.2022 жылғы №2-07-22-00626 наразылық келіп түскен.
3) 19.02.2022 жылы №2-0703-22-00171 Жамбыл ауданы прокуратурасынан «Жамбыл аудандық мәслихатының 27.12.2021 жылғы №13-2 және 31.12.2021 жылғы №14-2» шешімдеріне (Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 13-2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 желтоқсанда № 26207 болып тіркелді) наразылық келіп түскен.
Алайда, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 67 бабының 12 және 12-1 тармақтарына сәйкес, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бюджеттік өтінімнің негізділігі, бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Жоғарыдағы атап өткен негіздемеге сәйкес, әділет органдарының кінәсі жоқ деп есептейміз.
2022 жылдың 3– айында сот арқылы заңсыз деп танылған, мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілері болған жоқ.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (әрі қарай-Қағида) сәйкес Департаментпен салыстыру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы, өкілді органдарымен 2021 жылдың 4 тоқсанында қабылданған актілердің тізбелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу нәтижесінде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілер анықталған жоқ.
Департаментте мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруді қажет ететін барлығы 4 НҚА анықталып, тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органдарына аталған актілерді қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестендіру туралы 4 НҚА қатысты 4 ұсыныс жолданды.
1) Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы «Сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеудің мәселелері туралы» (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3592 болып енгізілген) №316 қаулысына қатысты;
2) Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы «Шу ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырдағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3423 болып енгізілген) №102 қаулысына қатысты;
3) Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйегіндегі «Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қазанда №4352 тіркелген) №38-9 шешіміне қатысты;
Қазіргі таңда, жоғарыдағы аталған шешімге/қаулыларға Әділет министрлігімен өзгерістер енгізілуде.
4) Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы «Сауда қызметін реттеудің мәселелері туралы» (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурыздағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2999 болып енгізілген) №125 қаулысына қатысты.
Аталған қаулыға өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 2022 жылы 20 қаңтарында №26572 мемлекеттік тіркеуден өтті.
Нәтижесінде, бүгінгі күні 4 НҚА қаралуда және тәртіптік жауапкершілікке лауазымды тұлғалар тартылмаған.
Әділет департаментінің веб-сайтына 2 ақпарат жолданды, 1–семинар өткізілді және 2 мақала жарияланды (электронды сайтқа).
Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласы бойынша нұсқаулық дайындалып барлық мемлекеттік органдарға жұмыс барысында қолдану үшін жолданды.
Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша
Жамбыл облысының әділет департаментінің жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 1 сәуіріне міндеттемелер бойынша 147 млн 914 мың 400 теңге, төлемдер бойынша 117 млн 258 мың 400 теңге бөлінген. Бөлінген сомадан 115 млн 457 мың теңге, яғни 98,5 % игерілді.
01.04.2022ж кезеңіне әділет департаменті келесі бюджеттік бағдарламаларды іске асырды:
100 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша есепті кезеңге жалпы сомасы 66 млн 673 мың теңге қаражаттан, есепті кезеңге бөлінген 16 млн 090 мың теңге сомадан 15 млн 927 мың теңге игерілді, бүгінгі таңда көзделген қаржының 99 % игерілді. Игерілген қаржыны ерекшеліктер арасында талдасақ: 131,135 және 136 ерекшеліктер бойынша жалпы 15 млн 508 мың 700 теңге игерілді, бұл мемлекеттік және штаттан тыс қызметкерлердің еңбек ақылары мен одан ұсталатын барлық салықтары. 2022 жылда 131 ерекшелік бойынша 30 мың теңге материалды көмек көрсетілген. 2022 жылдың Наурыз мерекесіне орай 131 ерекшеліктен 1 млн 350 мың теңге сыйақы берілген.
149,165,169 ерекшеліктері бойынша жалпы 581 мың 300 теңге бөлінген сомадан 382 мың 076 теңге игерілді. Оның ішінде 320 мың 816 теңгеге шаруашылық тауарлары алынды, 61 мың 260 теңгеге соттардың атқарушылық құжаттарының төлемі жүргізілді. 20 мың қаражаты қалды.
123 «Ағымдағы әкімшілік шығындары» кіші бағдарламасы бойынша есепті кезеңге жалпы сомасы 321 млн 319 мың теңге бөлінген болса, есепті кезеңге 75 млн 864 мың теңге қаржының 74 млн 721 мың 400 теңге қаражаты, яғни 98,5 % игерілді.
Игерілген қаржыны ерекшеліктер арасында талдасақ; 111,112,113,121,122,124 ерекшеліктер бойынша жалпы 282 млн 265 мың теңге қарастырылған. Есепті кезеңде 63 млн 461 мың теңге бөлінген сомадан 63 млн 419 мың 400 теңге игерілді, бұл мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақылары мен одан ұсталатын барлық салықтары қалып отыр. Оның ішінде, 113 ерекшелік бойынша қызметкерлерге 50 мың теңге материалдық көмек көрсетілген.
123,144,149,151,152,159,161,169 ерекшеліктері бойынша жалпы 42 млн 570 мың 600 теңге бөлінген болса, есепті кезеңге 12 млн 403 мың теңге бөлінген қаражаттан бүгінгі таңға 11 млн 572 мың 035 теңге қаржы игерілді, оның ішінде:
144 ерекшелігі бойынша есепті кезеңге бөлінген 3 млн теңге қаражаттың 2 млн 975 мың 974 теңге сомасына Бензин АИ-92 сатып алынды;
149 ерекшелігі бойынша есепті кезеңге бөлінген 1 млн 012 мың теңге қаражаттың 801 мың 635 теңгеге кеңсе тауарлары сатып алынды;
151 ерекшелігі бойынша 4 млн 300 мың теңгеге коммуналдық төлемдер аударылды;
152 ерекшелігі бойынша 2 млн 500 мың теңгеге байланыс қызметтері төленді;
159 ерекшелігі бойынша есепті кезеңге бөлінген 700 мың теңге қаражаттың 373 мың 426 теңге сомасы игерілді. Оның ішінде: 12 мың теңге қоқыс шығару жұмыстарына, 15 мың 426 теңге бейнебақылау камералары қызметтеріне, 110 мың дәретхана жөндеу жұмыстарына, 14 мың теңге идентификациялық карталарға, 180 мың теңге картридждерді толтыруға, 42 мың теңге КИА автокөлігін жөндеу жұмыстарына төленді;
161 ерекшелігі бойынша 621 мың теңгенің іссапар шығыстары төленді;
169 ерекшелігі бойынша 100 мың теңге бөлінген сомадан 27 мың 777 теңге сомасы техникалық байқау бойынша келісім-шарт жасалды.
102 «Жеке сот орындаушыларының істердің әлеуметтік маңызды санаттары бойынша проблемалы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша кепілді заң көмегін көрсету» кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы аталған кіші бағдарлама бойынша 01.04.2022 жылға жоспарланған 505 мың 400 теңге 100 пайыз игерілді (11 іс).
104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы аталған кіші бағдарлама бойынша жалпы сомасы 2 млн 236 мың теңге жоспарланған болса, есепті кезеңге бөлінген 756 мың теңге қаражаттан 691 мың 321 теңге (91,4%) игерілді, оның ішінде 336 мың 820 теңгеге картридждер, 354 мың 501 теңге 1С бағдарламасын ай сайын сүйемелдеу үшін төленді.
005 «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға жалпы сомасы 157 млн 049 мың теңге бөлінген болса, есепті кезеңге 24 млн бөлінген сомадан 23 млн 300 мың 694 теңге сомасы, яғни 97% игерілді.
138 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қатамасыз ету» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы аталған бағдарламаға 701 мың теңге бөлінген. Есепті кезеңге 43 мың теңге бөлінген қаражаттан 41 мың 232 теңге, яғни 95,9 % игерілді. Біліктілікті арттыру бойынша 1 қызметкер оқытылуда.
01.04.2022ж кезеңіне басқа мемлекеттiк органдарға төмендегі ұзақ мерзімді активтерді өтеусiз беру жұмыстары жүргізілді:
«Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі теңгеріміне Шу ауданы, Шу қаласы, Автобазовская көшесі 6/2 мекен-жайдағы ғимарат берілді. Бастапқы құны бойынша ғимараттың шығуы 5 160,2 мың теңге сомасын құрады.
2023-2025 жылдарға 100, 102, 104, 005 бағдарламалардың барлық ерекшеліктері бойынша бюджеттік өтінімдер жасалып, ҚР Әділет министрлігіне жолданды.
Бухгалтерлік баланс 2021 жылдық Е-минфин ҚР Қаржы министірлігінің бағдарламасында жасалды.
«Қазақэнергоэкспертиза» АҚ на электрэнергиясын тұтыну бойынша есебі тапсырылды.
«Қазақтелеком» АҚ на Жамбыл ауданындағы артық телефон нөмірлерін өшіру туралы хат жолданып, нәтижесінде ауданда 3 телефон нөмірлері қалды. Кабинеттер ауыстырылып, телефон нөмірлері көшірілді.
ҚР Әділет министрлігінен келіп түскен «Қаржы және МТҚе бөлімін орталықтандыру» бойынша хатына жауап хат жолданды. Хатта бөлім қызметкерлерінің жұмыс жүктемесі, функционалы, штат саны, әр жұмыстың алатын уақыты көрсетілген. ИПГО мен ҚР ӘМ маманына жіберілді.
Шу, Т.Рысқұлов, Талас және Жамбыл ауданаралық Әділет басқармасы мен ауданаралық сот орындаушылары ғимараттарының «ЖамбылЖарықСауда-2030» электрэнергиясының үшжақты келісім-шарттары жасалды.
Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы, Омарходжаев көшесі 8/2 мекен-жайда орналасқан үйдің «Меркі ауданы әкімінің аппараты» КММ-не берілу бойынша ҚР ӘМ-нен келісім хатын күтіп отырмыз.
Төле би даңғылы, 53а мекен-жайындағы ғимаратты басқа мемлекеттік мекемеге ұсыну қарастырылып жатқандығы айтылды.
Атырау облысынан келген 2000 дана неке қию туралы елтаңбалы куәліктерінің қол қойылған салыстырмалы актісі, жүкқұжаты мен жауапты хабарламасы пошта арқылы жіберілді.
«ҚР ҰБ Банкноттық фабрикасынан» келіп түскен бланкілердің, яғни, 20000 дана туу туралы куәліктері, 1000 дана қайтыс болу туралы куәліктері және 6000 дана неке қию туралы куәліктерінің қабылдау актісі жасалып, ҚР Әділет министрлігінің ИПГО сына жіберілді. Жүкқұжатына қол қойылды. Извещениесі келгенде министрлікке жолданатын болады.
Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бойынша
Заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстары
Тіркеу әрекеттері:
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының мәліметтеріне сай облыс бойынша әр түрлі тіркеулерге 270 өтініш келіп түсті. Өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы келіп түскен. «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы 8 өтініш электронды түрде келіп түскен.
Қаралған және тіркеу жүргізілген құжаттар:
1 тоқсанда 270 құжат қаралды, олардың қолданыстағы заңға сәйкестігіне қарау қорытындысы бойынша 234 тіркеуден өтті, 14 бас тарту, 22 құжат бойынша тіркеу мерзімін үзу туралы бұйрықтары шығарылды.
234 құжаттың тіркелуі түрлері бойынша келесідей болды:
Алғашқы тіркеу – 44;
Қайта тіркеу -30;
Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу- 140;
Қызметін тоқтату- 20
Мемлекеттік қызмет көрсету
Есепті кезеңде Әділет департаментімен барлығы 1622 (2021-2378) электронды форматта 623 және қағаз жүзінде 999 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепті уақытта мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы фактісі болған жоқ. Қызмет көрсетуден бас тартылғандар былтырғы жылмен салыстырғанда көбейген. Жалпы саны 102 (2021 года– 94), негізсіз бас тартылғандар болған жоқ.
Әкімшілік іс тәжірибесі:
2022 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 466-бабы бойынша қозғалған әкімшілік істер болмаған.
Азаматтық істер:
Осы есепті кезеңде заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша азаматтық істер қозғалмаған.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша
Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына 28.05.2018 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 460-1-бабына сәйкес әділет органдары ағымдағы жылдың 3 айында қозғалған әкімшілік істер болмаған, себебі, 7 ақпан 2021 жылдан аталған бабтың күші жойылған.
2021 жылы ҚР ӘҚБК-нің 460 бабымен - 250 әкімшілік іс қозғалып, қаралған. Барлығы 268 775 теңге көлемінде, айыппұлдар салынып, толығымен өндірілген.
Азаматтық хал актілерін тіркеу бағыты бойынша
Облыстың тіркеуші органдарымен 2022 ж. 3 айында барлығы 10171 бастапқы акт жазбалары тіркелді. (2021 жылы – 11273 ахаж)
|
Уақыт кезеңі |
туу туралы |
қайтыс болу |
неке қию |
неке бұзу |
ТАӘ ауыстыру |
|
2021 ж. 1 тоқсаны |
6824 |
2166 |
1918 |
261 |
104 |
|
2022ж. 1 тоқсаны |
6248 |
2007 |
1609 |
219 |
88 |
|
+(-) |
-576 |
-159 |
-309 |
-42 |
-16 |
Есептік мерзім кезінде ресми құжаттарға апостиль қою бойынша барлығы 1370 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы 772 құжат, электронды түрде - 598 құжат келіп түсті.Сыртқы істер министрлігі арқылы орындауға 15 құжат келіп түсті. Көрсетілген қызметтің жалпы санынан 86-нан бас тартылды, орындалмай қайтарылған құжат жоқ.
АХАТ бағыты бойынша 2022 ж. 1 тоқсанында облыстағы жергілікті атқарушы органдарының 2021 жылға арналған азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру бойынша жұмысына талдау жасалынды. Азаматтық хал актілерін тіркеу заңдылығына бақылау жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп, оның нәтижесі облыстағы қалалық және аудандық әкімдерінің мекен жайына «АХАТ ТП» ақпараттық жүйесінде тіркелген акт жазбаларына тексеру жүргізілгені туралы ақпараттар жіберілді. Ресми құжаттарға апостиль қою бойынша жұмыс тәжірибесіне 1 қорытынды-талдама дайындалды. Ресми құжаттарға апостиль қою, сондай-ақ, осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті уақытылы және сапалы көрсету мәселесі бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен 2 семинар өткізілді.
АХАТ бағыты бойынша АХАТ мамандарымен 295 сұраныстар мен өтініштер орындалды, оның ішінде халықаралық Конвенциялар бойынша да бар.
Есептік мерзім кезінде Банкнот фабрикасынан 27 000 елтаңбалы куәлік бланкілері алынды. Өткен жылдан бастап бланкілердің қалдығы 21 723 дана құрады. Бланкілер қажеттілігіне орай және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығын ескере отырып, аймақтарға бөлінді. Бланкілердің бүліну, жоғалу фактілеріне жол берілген жоқ. Облыстың аумақтық тіркеуші органдарындағы қалдығы бүгінгі күні – 14663 бланкті құрайды. Әділет департаментінің қоймасында 24 390 куәлік бланкісі қалды.
Осы есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету фактілері орын алмаған, барлық өтінімдер заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралып, орындалған.
Құқық түсіндіру жұмыстары:
2022 жылдың 3 айында бөліммен заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу сұрақтары бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінің қатысуымен 7 семинар-кеңестер өткізіліп,(107 азаматтардың қатысуымен), жергілікті баспасөз құралдары – газеттерге 5 мақалалар жарияланды.
Ол жерде мемлекеттік қызметтерді электронды түрде жүргізілуі, ресми құжаттарды апостильдеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу заңнамасындағы өзгерістерге, мүліктің меншік иелері бірлестіктеріне қатысты сұрақтар қамтылған.
Сонымен қатар, инстаграмм парақшасында осы сұрақтар бойынша 9 жариялымдар шығарылды.
Сол сияқты, 10 ақпан 2022 жылы «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ, «Тараз қалалық пәтерлер меншіктерінің кооперативтік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі және Әділет департаменті арасында мүліктің меншік иелері бірлестіктерін мемлекеттік тіркеу, сол сияқты, пәтерлер меншіктерінің кооперативтерінің қызметін тоқтатуымен байланысты өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалынды.
Заңгерлік қызмет көрсету бойынша
Адвокаттық қызмет
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде облыс адвокаттарының жалпы саны 239 (2021жылы - 224) құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 15 адвокатқа жоғарылау байқалады.
1 аумақтық адвокаттар алқасы, заң консультациялары – 10 және адвокаттық кеңселер – 6 жұмыс істейді, осыған ұқсас 2021 жылы.
Облыс адвокаттарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) 10 (2021жылы – 4) шағым келіп түсті, оның ішінде 1 өтініш негізді деп танылып, адвокат С.Умралиевке қатысты ұсыныс енгізіліп, адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясында қаралу сатысында.
Тәртіптік жауапкершілікке 1 адвокат (С.Умралиев аз.М.Абдикадировтың шағымы бойынша) тартылды, қалған өтініштер бойынша өтініш берушіге жазбаша түсініктемелер берілді және 2 өтініш қарау сатысында тұр.
Есептік кезеңде 2 адвокаттың лицензиялары тоқтатылды (2021жылы-2) (қайтыс болуына байланысты Г.Абдурахмонов, А.Татибаев)
Адвокаттарға қатысты 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша қылмыстық істер қозғалған жоқ (2021 жылы - 0)
Облыс соттары адвокаттарға қатысты жеке ұйғарым шығармады(2021 жылы - 0)
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша
Департамент 141(2021 жылы - 154) адвокатпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету туралы келісім жасады, барлығы электрондық форматта жасалған.
005 "адвокаттармен заң көмегін көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша 157 049 000 (2021жылы – 107 700 000) теңге бөлінді. Оның ішінде игерілді – 23 300 694 теңге.
"005" бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде соттар, тергеу және анықтау органдары 1742 (2021 жылы – 2198) қаулы шығарды, оның ішінде: қылмыстық істер бойынша - 1716 (2021 жылы - 2133), азаматтық істер бойынша - 22 (2021 жылы - 18), әкімшілік 4(2021 жылы - 47), консультациялар - 131(2021 жылы - 28)
Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны-1873 (2021 жылы - 2226)
Жамбыл облысы Әділет департаменті «Электрондық форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрығы бойынша жұмыс жасауда.
2022 жылы Әділет департаментімен Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының мүшелері арасында «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы 141 адвокатпен электронды келісім шарт жасалған, оның ішінде 50 адвокат ақпараттық жүйе бойынша қызмет атқаруда. Адвокаттар алқасымен күнделікті электрондық кезекшілік кестесі жаңартылуда.
2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 31 наурызы аралығында Жамбыл облысы бойынша «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындауға құқық қорғау органдарынан 199 сұраныс келіп түскен, 190 сұраныс бойынша адвокат тағайындалған.
Нотариаттық қызмет
Облыс нотариустарының жалпы саны – 185 (2021жылы - 185), бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу байқалмайды.
Жыл басынан бері нотариустардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) 11(2021 жылы - 8) шағым және өтініш келіп түсті, оның ішінде негізделген 1 өтініш (Е.В.Локтеваның нотариус О.Н.Пьянковаға қатысты). Нотариусқа қатысты нотариаттық палатаға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолданды /қарау сатысында/. қалған өтініштер бойынша түсініктеме берілді, 1 өтініш кері қайтарылып алынды және 2 өтініш қарау сатысында.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында нотариустардың лицензиясын тоқтата тұру фактілері орын алмады (2021 жылы - 0)
Нотариаттық қызметпен айналысуға 3 нотариус лицензияның (қайтыс болуына байланысты Е.Кожабеков, Ж.Ошанов, Б.Койбаков) қолданысы тоқтатылды. (2021 жылы – 0)
Есептік кезеңде жасалатын нотариаттық іс - әрекеттердің заңдылығы және нотариаттық іс жүргізу қағидаларының сақталуы тұрғысынан 2 (2021жылы - 2) тексеру жүргізілді. 2 нотариусқа қатысты нотариаттық палатаға жолданған ұсыныс қарау сатысында.
Облыс соттарымен 2022 жылдың 1 тоқсанында облыс нотариустарына қатысты жеке ұйғарым шығарылмады (2021жылы - 0)
Соттарға нотариаттық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы 9 (2021 жылы - 11) талап арыз келіп түсті, оның ішінде нотариустың кінәсінен қанағаттандырылғаны – 0 (2021 жылы - 0)
Мемлекеттік қызметтер
2022 жылдың 1 тоқсанында аттестаттау комиссиясының 2(2021 жылы – 2) отырысы өткізілді, оның ішінде - 1 (2021 жылы –1) адвокаттық қызметпен айналысуға және 1 (2021 жылы - 1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына.
Адвокаттық қызметпен айналысуға барлығы 18(2021 жылы –25) өтініш берілді, 16(2021 жылы –21) үміткер қатысты, 14 (2021 жылы – 14) үміткер аттестаттаудан өтпеді, 2 (2021 жылы - 7) аттестатталды.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 3 (2021 жылы – 12) өтініш берілді, 3 (2021 жылы – 10) үміткер қатысты, оның 2 (2021 жылы – 7) аттестаттаудан өтпеді және 1 (2021 жылы – 3) аттестаттаудан өтті.
Әкімшілік тәжірибе
2022 жылдың 1 тоқсанында Әділет департаментіне ҚР ӘҚБтК - нің 668-бабы бойынша (адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі жасау, олардың кәсіби міндеттерін жүзеге асыру үшін талап етілетін қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді жазбаша сұрау салу бойынша заңнамада белгіленген мерзімде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрінген) адвокаттардан шағымдар мен өтініштер түспеді (2021 жылы - 9)
Заң консультанттарының қызметі
Жамбыл облысының аумағында 1 палата Жамбыл облысы заң консультанттарының палатасы қызметін жүзеге асырады.
"Жамбыл облысы заң консультанттарының палатасы" төраағасы Исабеков Шамсат Жаксылыкович, орналасқан жері, Тараз қаласы, Сулейманов көшесі, 17 А.
Палатада ұсынылған тізімге сәйкес 31.03.2022 жылғы жағдай бойынша 207 заң консультанты (тізім қоса беріледі), 2021 жылғы 14 шілдеден бастап Палата Республикалық заң консультанттары алқасының мүшесі болып табылады.
2022 жылдың 1 тоқсанында заң консультанттарына қатысты барлығы 6 өтініш келіп түсті, 2 өтініш тиістілігіне қарай басқа департаменттерге жолданды, 2 өтініш қарастыру сатысында, қалған өтініштер бойынша түсініктемелер берілді.
2022 жылдың 1 тоқсанында заң консультанттарына қатысты 1 жеке ұйғарым шығарылды /Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудындық сотымен заң консультанты Т.Мукушевке қатысты, қарастырылу барысында/
Құқықтық түсіндіру жұмыстары:
Құқықтық түсіндіру жұмыстары, Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру, Әділет министрлігінің тапсырмалары, "Құқықтық мәдениет" арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру, Әділет департаментінің медиа-жоспары, іс-шара жоспары, "Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде актуалды жарияланым жасау кестесіне сәйкес жүзеге асырады.
Әділет департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері, халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту және өз құқықтары бойынша ақпараттандырылған азаматтардың саңын арттыру мақсатында, 2022 жылдың 1 тоқсанында - 187 (2021 жылы-261) іс - шара ұйымдастырды, оның ішінде:
-БАҚ баспа, электронды басылымдарында-21 (2021 жылы-68) мақала жарияланды;
-Телеарнадан сөз сөйлеу, сұхбат беру – 2 (2021 жылы-0);
-Радио - 4 (2021 жылы- 2);
-Мемлекеттік органның интернет-ресурстарында - 83 (2021 жылы-44) жарияланым;
-«Дөңгелек үстел» - 11 (2021 жылы - 22);
-Дәріс оқу, семинар, тренингтер ұйымдастыру – 59 (2021 жылы-112);
-Баспасөз конференциялар, брифингтер –1 (2021 жылы- 1);
-Ақпараттық топтардың шығуы - 3 (2021 жылы -9);
-Әділет органдары қызметінің негізгі Ережелерін түсіндіру бойынша "Ашық есік күндері" – 3 (2021 жылы - 3).
Сонымен қатар, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, әр сәрсенбіде Әділет департаменттің басшысы мен орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдау жұмысын жүргізді.
Зияткерлік меншік құқығы бойынша:
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Департаментін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөліміне бөтен тауар таңбасын заңсыз пайдалану (авторлық құқықты бұзу) бойынша заңды тұлғалардан – 3 (2021жылы-0) арыз, экономикалық тергеп-тексеру департаментінен – 4 (2021жылы-0) және мемлекеттік кірістер органдарынан - 3 (2021 жылы-5) материал келіп түсті. (2021 жылы жеке тұлғадан – 1 арыз түсті).
Барлық өтініштерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, негiзделген және уәжделген, қабылданған шешiмге шағым беру құқықтары түсiндiріле жауаптар қайтарылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізілген.
Ағымдағы жылы Департаментпен тауар белгілерін пайдалануға қатысты заң талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізілген жоқ. Құқықтық түсіндіру жұмыстары
Қоғамда контрафактілік өнімдерге және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы қатынасын қалыптастыру мақсатында халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Есепті кезеңде облыс бойынша 11 (2021жылы-10) семинар, 9(2021жылы-8) «дөңгелек үстел», 20(2021жылы-20) дәрістер оқылды. Мемлекеттік органның интернет-ресурстарында (әлеуметтік желілерде) 14 (2021жылы-12) жарияланымдар жасалды.
Бұқаралық ақпараттар құралдарында атқарылған жұмыстың оң нәтижесін көрсету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, облыстық (республикалық, аудандық, қалалық) баспасөз беттерінде 5 (2021жылы-4) мақала жарияланды, облыстық радиодан 3(2021жылы-2) сұхбат берілді.
Сонымен қатар, зияткерлік меншік саласы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жадынамалар әзірленіп, азаматтар мен өзінің қызметінде зияткерлік меншік нысандарын қолданатын кәсіпкерлерге таратылды.
Сот орындаушылармен сот актілерін орындау бойынша
МСО – ның жалпы орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 3 айында |
1 724 |
370 |
21,4% |
214 |
57,8% |
1 355 |
|
2022 ж. 3 айында |
1 449 |
286 |
19,7% |
214 |
74,8% |
1 164 |
|
айырмашылық |
-275 |
-84 |
-1,7% |
0 |
+17% |
-191 |
ЖСО – ның жалпы орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 3 айында |
219 720 |
37 693 |
17,1% |
24 739 |
65,6% |
182 027 |
|
2022 ж. 3 айында |
243 503 |
41 970 |
17,1% |
22 692 |
54,1% |
201 533 |
|
айырмашылық |
+23 783 |
+ 4 277 |
0% |
- 2 047 |
-11,5% |
+19 506 |
МСО және ЖСО – ның жалпы орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 3 айында |
221 444 |
38 063 |
17,1% |
24 953 |
65,5% |
183 382 |
|
2022 ж. 3 айында |
244 952 |
42 256 |
17,2% |
22 906 |
54,2% |
202 697 |
|
айырмашылық |
+23 508 |
+4 193 |
+0,1% |
-2 047 |
-11,3% |
+19 315 |
МСО және ЖСО – ның алиментсіз орындау бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
2021 ж. 3 айында |
205 728 |
37 190 |
18% |
24 909 |
66,9% |
168 539 |
|
2022 ж. 3 айында |
227 993 |
40 849 |
17,9% |
22 867 |
55,9% |
187 145 |
|
айырмашылық |
+22 265 |
+3 659 |
-0,1% |
-2 042 |
-11% |
+18 606 |
Талдау кезінде өткен жылмен салыстырғанда орындауда болған құжаттар саны 23 508 құжатқа өсуі байқалды, аяқталған атқарушылық іс жүргізу саны 4 193 құжатқа өсті, ал нақты орындалған атқарушылық құжаттардың саны 2 047 құжатқа азайған.
МСО және ЖСО – ның алимент өндіру бойынша көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталғандар % |
қалдық |
проблемалық алименттер |
|
|
2021 ж. 3 айында |
15 716 |
873 |
5,5% |
14 843 |
135 |
114 750 999 |
|
2022 ж. 3 айында |
16 959 |
1 407 |
8,3% |
15 552 |
213 |
215 370 811 |
|
айырмашылық |
+1 243 |
+534 |
+2,8% |
+709 |
+78 |
+100 619 812 |
31.03.2022 жылға алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардын саны 16 959. Оның ішінде 5 785 атқарушылық құжат мерзімді орындауда, 10 961 борышкер өз еркімен төлеп жатыр, 213 проблемалық алимент бойынша берешек 215 370 811 теңгені құрайды.
2022 жылдың 3 айында алимент бойынша 43 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ҚК 139 - бабы бойынша борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 5 ұсыныс жолданды.
Сонымен қатар, 97 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға шектеу қойды. Соттарға борышкерлердің автокөлік құралын басқаруға арналған арнайы құқықтарын тоқтата тұру туралы 7 ұсыныс жіберілді.
2022 жылдың 3 айында алимент өндіру туралы атқару өндірістері бойынша борышкерлерді облыс бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп 89 борышкер жұмысқа орналастырылған.
МСО және ЖСО – ның еңбек жалақыларын өндіріп алу көрсеткіштері
|
кезең |
барлығы болған |
аяқталған |
аяқталған % |
нақты аяқталды |
нақтыаяқталғандар % |
қалдық |
|
МСО |
0/ 0 |
0/ 0 |
0% |
0/ 0 |
0% |
0 |
|
ЖСО |
1/ 480 250 |
0/ 0 |
0% |
0/ 0 |
0% |
1/ 480 250 |
|
Барлығы |
1 480 250 |
0
|
0% |
0 |
0% |
1 480 250 |
Барлық атқару құжаттары бойынша қамтамасыз ету шаралары қабылданып, кәсіпорын басшыларына қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеулер қойылды. Бұл ретте, осы санаттағы істердің сот актілерін орындамаудың негізгі себебі өтімді мүліктің болмауы, сондай-ақ сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылардың өтінімдерінің болмауы болып табылады.
Атқарушылық санкцияны өндіріп алу
|
2021 ж. 3 айында
|
2022 ж. 3 айында
|
айырмашылық |
|
1 593 951 |
1 895 768 |
+301 817
|
Атқарушылық санкцияны өндіріп алу 301 817 теңгеге ұлғайған.
2022 жылдың 3 айында мемлекет пайдасына өндіріп алу
Барлығы орындауда болған – 41 242 758 274 теңге сомаға 71 357 құжат
ЖСО – 2 235 510 027 теңге сомаға 71 033 құжат
МСО – 39 007 248 247 теңге сомаға 324 құжат
Аяқталған – 758 884 752 тенге сомаға 26 148 құжат
ЖСО – 623 824 936 теңге сомаға 26 102 құжат
МСО –135 059 816 теңге сомаға 46 құжат
Нақты орындалған – 376 496 996 теңге сомаға 13 834 құжат
ЖСО – 287 358 978 теңге сомаға 13 792 құжат
МСО – 89 138 018 теңге сомаға 42 құжат
Қалдықта - 40 483 661 356 теңге сомаға 45 210 құжат
ЖСО –1 608 685 092 теңге сомаға 44 931 құжат
МСО – 38 874 976 264 теңге сомаға 279 құжат
Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша (ЖСО және МСО бойынша)
|
кезең |
ҚР ҚК 139, 430 баптары бойынша жолданған ұсыныстар саны |
қысқартылды |
сотқа жолданды |
сотталған |
сотпен қысқартылды |
|
2021 ж. 3 айында |
25 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
2022 ж. 3 айында |
10 |
0 |
1 |
0 |
0 |
|
айырмашылық |
-15 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша (ЖСО және МСО бойынша)
|
кезең |
Сотпен, ӘД-мен жолданған |
Сотпен, ӘД-мен қаралған |
айыппұл |
қамауға алу |
ескерту |
қайтарылды |
|
2021 ж. 3 айында |
104 |
75 |
24 |
46 |
5 |
29 |
|
2022 ж. 3 айында |
101 |
70 |
32 |
36 |
2 |
31 |
|
айырмашылық |
-3 |
-5 |
+8 |
-10 |
-3 |
+2 |
Қаражат бақылау шоты
2022 жылдың 1 қантарға ақшалай қаражаттың қалдығы екі шотта 3 373 262 теңгені құрайды, оның ішінде негізгі шотта 3 373 262 теңге, сауда саттықтағы шотында – 0 теңгені құрайды.
2022 жылдың 3 айында ҚБШ - ға 20 303 508 теңге түсіп, барлығы 23 676 770 теңгені құрады, оның 18 338 603 теңгесі аударылды.
2021 жылдың ұқсас кезеңінде екі шот бойынша ақша қаражатының қалдығы 48 397 289 теңгені құраған.
Осылайша ҚБШ-дағы ақшалай қаражат қалдығының 43 млн теңгеге айтарлықтай азаюы байқалады.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату бойынша:
2022 жылдың 3 айында Департаменттің ұсынысы бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензиялардың қолданылуын тоқтату болған жоқ (2021 жылы - 0).
Лицензияның қолданысын уақытша тоқтату бойынша:
2022 жылдың 3 айында Департаменттің ұсынысы бойынша жеке сот орындаушысына берілген лицензияның қолданылуын уақытша тоқтату болған жоқ (2021 жылы - 0).
Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау бойынша:
Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларының 2022 жылғы жоспарлы бақылау кестесіне сәйкес, 2022 жылдың 3 айында 20 жеке сот орындаушыларына қатысты жоспарлы бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 19 жеке сот орындаушыларына қатысты шаралар қабылдау үшін Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына ұсыныс жолданған, ал 1 жеке сот орындаушысы бойынша кемшіліктерді болдырмау бойынша түсіндірме хат жолданды.
Жеке сот орындаушыларын жоспардан тыс бақылау бойынша:
2022 жылдың 3 айында жеке сот орындаушыларының қызметіне жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін 34 бұйрық шығарылды.
Нәтижесінде, 20 өтініште көрсетілген жеке сот орындаушыларының заң бұзушылық фактілері өз растауын тапқаны анықталды, ал 1 жоспардан тыс бақылау бойынша арызда көрсетілген мән жайлар өз дәлелін таппады, қалған 13 бұйрық бойынша бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 20 ұсыныс жолданып, барлық жеке сот орындаушылар «ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.