«Контрафакт» Республикалық акциясы

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында азаматтардың білімін арттыру және қоғамның контрафактілік өнімдерге төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 3-20 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлауда.

Аталған акция шеңберінде келесі байқаулар ұйымдастырылады:

1) 2022 жылдың 3 мамырынан 12 мамырына дейін «Контрафактіге жол жоқ» тақырыбында 10 жастан 14 жасқа дейінгі  балаларға арналған үздік сурет байқауы;

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – аймақтық, Жамбыл облысы Әділет департаментінде. Әділет департаменті құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін а.ж. 13 мамырында байқаулық жұмыстарды комиссиялық қарауды ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша бір үздік жұмысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жібереді;

екінші кезең – республикалық, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде. Жеңімпаздарды іріктеу бойынша қорытынды кезең 2022 жылдың 17 мамырында өткізіледі. Байқаулық комиссия үздік жұмысты іріктейді.

Қатысушылар өтінімді сурет және баланың туу туралы куәлігінің көшірмесімен қоса Тараз қ., Төле би даңғылы, 55 мекен-жайында орналасқан Әділет департаментіне тапсыру қажет немесе электрондық түрде g.kuatbekov@adilet.gov.kz, ye.baimoldayev@adilet.gov.kz электрондық мекен-жайларына ұсыну қажет.

2) 2022 жылдың 3-15 мамыры аралағында «Контрафакт» тақырыбындағы үздік логотип байқауы (14 және одан жоғары жас санатында).

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Instagram әлеуметтік желісінің алаңында қатысушының жеке профилінде (accaunt) логотипті орналастыру арқылы өткізіледі.

3) 2022 жылдың 3-15 мамыры аралағында «Қазақстанда контрафактіге орын жоқ» тақырыбындағы үздік қысқа бейнеролик байқауы (14 және одан жоғары жас санатында).

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Instagram әлеуметтік желісінің алаңында қатысушының жеке профилінде (accaunt) бейнероликті орналастыру арқылы өткізіледі.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Барлық сұрақтар бойынша 8/7262/43-12-20, 8/701/ 737 91 71, 8/702/ 788 22 88 нөмеріне жүгіне аласыздар. 

Дата публикации
03 мая 2022