Қазақстан Республикасының әр бір азаматы білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Мемлекет кепілдік берген және кешенді әлеуметтік заң көмегін өз құзыреті шегінде адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң консультанттары көрсетеді.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге;
4) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсететіледі. Адвокаттар қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі:
Кешенді әлеуметтік заң көмегін алу үшін азаматтар тиісті субьектіге, жеке басын куәландыратын құжатты және тиісті әлеуметтік осал топқа жататындығын растайтын анықтаманы ұсыну арқылы ала алады.
Аумақтық әділет органы жыл сайын жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жариялайды және өзінің www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb интернет-ресурсына орналастырады.
Анықтама алу үшін 8(726) 45-04-34 көрсетілген байланыс телефон нөміріне жұмыс уақытысында хабарласа аласыз.