Бұдан әрі «Тараптар» деп аталып, Жамбыл облысы Әділет департаменті (әрі қарай Департамент) бір тараптан және "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалы (әрі қарай Қауымдастық) мен «Отандастар қоры» КеАҚ фронт-офисі (әрі қарай – фронт-офис) екінші тараптан, Тараптар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және Жамбыл облысына қоныс аударған этникалық қазақтарға құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізуді қолдап, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдарын қолдана отырып, өз құзыреті мен өкілеттігі шегінде, төмендегілер туралы өзара келісімге келді:
1-бап
1.Тараптар өз құзыреті шегінде әрекет ете отырып, осы Меморандум шеңберінде ынтымақтасатын болады.
2.Тараптар өз құзыреті шеңберінде мынадай салаларда ынтымақтасатын болады:
а)Ортақ мүддені білдіретін мәселелер бойынша ақпаратпен алмасу;
б)Құқықтық кеңес беру, құқықтық-ақпараттық жадынамалар тарату, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2-бап
1.Тараптар теңдік және өзара түсіністік қағидаттары негізінде ынтымақтасатын және өзара іс-қимыл жасайтын болады.
2.Осы меморандумның ережелерін іске асыру:
б)Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаттары, Жамбыл облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының КММ өкілдері қатысуымен іс-шаралар (азаматтарды қабылдау, семинарлар, брифингтер, кеңестер, «дөңгелек үстелдер» және өзге де іс-шаралар) өткізу;
в)Қайырымдылық жасау.
3-бап
Кез келген құқықтық мәселелерді шешү үшін:
а)Тараптар өз бетінше немесе бірлесіп жұмыс тобын құру;
б)Алыс шалғай мекен тұрғындарына құқықтық кеңес көрсету үшін, адвокат, нотариус, заң консультант, сот орындаушы, мемлекеттік қызметшілер және Қауымдастық пен Қор өкілдерінен ақпараттық топ құру.
4-бап
Бір-біріне ақпараттың құпиялылығына кепілдік беру, Меморандумның шарттары бойынша бірлескен міндеттер мен іс-шараларды жүзеге асыру барысында белгілі болатын және қандай да бір ақпаратты үшінші тарапқа (екінші Тараптың алдын ала келісімін алмай) бермеуге міндеттенеді.
5-бап
Осы Меморандум щеңберінде ынтымақтастықты үйлестіру және нәтижелерге қол жеткізу мақсатында, Тараптар өзара келіскен кезде, қол жеткізген жетістіктерді бағалау үшін кеңестермен жыл сайынғы кездесулерді өткізеді.
6-бап
1.Бұл меморандум Тараптарға заңды және қаржылық міндеттемелерді жүктемейді;
2.Меморандумды түсіндіруге және/немесе орындауға байланысты туындайтын кез келген келіспеушіліктер Тараптардың өзара келісімі бойынша консультациялар мен келіссөздер жолымен шешілетін болады.
7-бап
1.Меморандумға қол қойған Тараптардың әрқайсысы өз өкілеттіктерінің шегінде өз жауапкершілігін таниды және туындаған жағдайларды өзара келісім мен жасалған уағдаластықтар қағидаттарында шешуге ынтымақтасуға міндеттенеді.
2.Меморандумға Тараптардың жазбаша келісімімен түзетулер енгізілуі мүмкін.
8-бап
1.Меморандум Тараптардың әр-қайсысына бір-бірден, бірдей заңды күші бар қазақ тілінде 2 данада жасалды.
2.Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және шектеусіз уақыт кезеңі ішінде жарамды болады.
3.Тараптарға жазбаша хабарлама жіберу арқылы Меморандумның қолданысын тоқтата алады. Меморандумның қолданылуын тоқтату Тараптар мұндай хабарламаны алған күннен кейін 1 (бір) айдан соң күшіне енеді.
Баяндалғанды растау үшін Тараптардың уәкілетті өкілдері болып табылатын төменде қол қоюшылар осы Меморандумды куәландырады.
|
Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы
___________ Н.Е.Андасов
|
"Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен "Отандастар қоры"ҚеАҚ фронт-офисінің төрағасы
____________ А.Төлебаев
|
Тараз қаласы « 16 » наурыз 2022 жыл