Меморандум о взаимном сотрудничестве между Департаментом юстиции Жамбылской области и Жамбылским областным филиалом Республиканского общественного объединения «Объединения депутатов маслихатов Казахстана»

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталып, Жамбыл облысы Әділет департаменті (әрі қарай Департамент) бір тараптан және "Қазақстан мәслихаттар депутаттарының бірлестігі"  қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалы (әрі қарай Қоғамдық бірлестік) екінші тараптан, бірлескен іс-қимылдарды күшейтуге, Тараптар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға  бағытталған іс-шаралар кешенін өткізуді қолдап, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдарын қолдана отырып, өз құзыреті мен өкілеттігі шегінде, төмендегілер туралы өзара келісімге келді:  

 

1-бап

1.Тараптар өз құзыреті шегінде әрекет ете отырып, осы Меморандум шеңберінде ынтымақтасатын болады.

2.Тараптар өз құзыреті шеңберінде мынадай салаларда  ынтымақтасатын болады:

а)Ортақ мүддені білдіретін мәселелер бойынша ақпаратпен алмасу;

б)Құқықтық кеңес беру, құқықтық-ақпараттық жадынамалар тарату, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

                                                           

  2-бап

           1.Тараптар теңдік және өзара түсіністік қағидаттары негізінде ынтымақтасатын және өзара іс-қимыл жасайтын болады.

           2.Осы меморандумның ережелерін іске асыру:

           а)Өзара мүддені білдіретін мәселелер бойынша кездесулер ұйымдастыру;

           б)«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022–2024 жылдарға арналған Жол картасының 66 тармағы бойынша «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы шеңберінде іс-шаралар кешенін өткізу;

           в)Заңгерлер, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, брифингтер, кеңестер, «дөңгелек үстелдер» және өзге де іс-шаралар) өткізу.

 

3-бап

                 Кез келген құқықтық мәселелерді шешү үшін:

                 а)Тараптар өз бетінше немесе бірлесіп жұмыс тобын құру;

                 б)Алыс шалғай мекен тұрғындарына құқықтық кеңес көрсету үшін, адвокат, нотариус, заң консультант, сот орындаушы, мемлекеттік қызметшілер және Қоғамдық бірлестіктің аумақтық өкілдерінен ақпараттық топ құру;

              в)Жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, халықты  жинау, іс-шара өткізуге арналған ғимаратты  бөлу, тағы басқа да мәселерер бойынша әрекет ету.

 

4-бап

          Бір-біріне ақпараттың құпиялылығына кепілдік беру,  Меморандумның шарттары бойынша бірлескен міндеттер мен іс-шараларды жүзеге асыру барысында белгілі болатын және қандай да бір ақпаратты үшінші тарапқа (екінші Тараптың алдын ала келісімін алмай) бермеуге міндеттенеді.

 

5-бап

Осы Меморандум щеңберінде ынтымақтастықты үйлестіру және нәтижелерге қол жеткізу мақсатында, Тараптар өзара келіскен кезде, қол жеткізген жетістіктерді бағалау үшін  кеңестермен жыл сайынғы кездесулерді өткізеді.

 

6-бап

1.Бұл меморандум Тараптарға заңды және қаржылық міндеттемелерді жүктемейді;

2.Меморандумды түсіндіруге және/немесе орындауға байланысты туындайтын кез келген келіспеушіліктер Тараптардың өзара келісімі бойынша консультациялар мен келіссөздер жолымен шешілетін болады.

 

7-бап

           1.Меморандумға қол қойған Тараптардың әрқайсысы өз өкілеттіктерінің шегінде өз жауапкершілігін таниды және туындаған жағдайларды өзара келісім мен жасалған уағдаластықтар қағидаттарында шешуге ынтымақтасуға міндеттенеді.

 2.Меморандумға Тараптардың жазбаша келісімімен түзетулер енгізілуі мүмкін. 

                       

                                                                          8-бап

          1.Меморандум Тараптардың әр-қайсысына бір-бірден, бірдей заңды күші бар қазақ тілінде 2 данада жасалды.

          2.Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болады.

          3.Тараптарға жазбаша хабарлама жіберу арқылы Меморандумның қолданысын тоқтата алады. Меморандумның қолданылуын тоқтату Тараптар мұндай хабарламаны алған күннен кейін  1 (бір) айдан соң күшіне енеді.

 

Баяндалғанды растау үшін Тараптардың уәкілетті өкілдері болып табылатын төменде қол қоюшылар осы Меморандумды куәландырады.

 

 

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

басшысы

 

 

 

___________ Н.Е.Андасов

 

"Қазақстан мәслихаттар депутаттарының бірлестігі"  Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы

 

____________ А.Төлебаев

 

   Тараз қаласы                                                                                    « 16 »  наурыз  2022 жыл

Дата публикации
25 марта 2022