Қалай нотариус болуға болады

Егер «Нотариат туралы» заңда өзгеше көзделмесе, жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзімде тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының

азаматы нотариус бола алады.

Нотариаттық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартымен реттелген.

 

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін келесілер қажет:

 

1 қадам

 

Нотариустан тағылымдамадан өту

 

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам аумақтық әділет органымен немесе аумақтық нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.

Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады.

Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустардан тағылымдамадан өтеді.

Бір нотариустан бір мезгілде екеуден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады.

Тағылымдама Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, Республикалық нотариаттық палатамен келісілген тағылымдамадан өтушілерді бірыңғай оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушінің кәсіптік даярлау бағдарламасын орындағанын көрсететін қорытынды дайындайды, ол он жұмыс күні ішінде нотариаттық палатаның шешімімен бекітіледі. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасын тағылымдамадан өтуші толық меңгермеген жағдайда оған қосымша уақыт беріледі.

Тағылымдамадан өту туралы қорытынды оны бекіткеннен кейін үш жыл бойы жарамды болып табылады.

 

2 қадам

 

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту

 

Тағылымдамадан өткен, нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдарында құрылған әділет органдарының аттестаттау комиссиялары аттестаттайды.

Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығымен бекітілген, тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау Ережесімен анықталады.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы:

1) тұрғылықты жері бойынша Комиссияға аттестаттауға жіберу туралы сұрау салу;

2 Әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан кем болмайтын мерзімде үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтамалардың электрондық көшірмесі;

3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

 

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттар топтамасы тиісінше ресімделмеген не толық ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олар түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас

тартады.

Құжаттарды аумақтық әділет органы Комиссияның қарауына жібереді. Құжаттарды қарау қорытындылары бойынша комиссия аттестаттауға жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы шешім шығарады.

Егер үміткер Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді аумақтық әділет органдары үміткерге өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

Аттестаттауға жіберуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Аттестаттауға жіберілген үміткерді аумақтық әділет органы аттестаттаудың өткізілетін орны, күні, уақыты туралы ол портал арқылы электрондық түрде өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

Аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімі аттестатттау өткізілгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей аумақтық әділет органының интернет-ресурстарына орналастырылады.

Аттестаттау қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі.

Комиссия отырысына келген кезде үміткердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу;

2) емтихан билеттері бойынша ауызша тапсырманы орындау.

 

Үміткер өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі аттестаттаудан өтуге құқылы.

Үміткер аттестаттау басталғанға дейін таңдаған тілін жазбаша түрде растайды.

Тестілеу компьютерлік технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Әділет органдарының нотариаттық қызметпен айналысуды аттестаттау Комиссиясы отырыстарының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін аудио және (немесе) бейнежазба немесе стенографиялау жасалады.

Аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия аттестаттаудан кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттау немесе аттестаттамау туралы дәлелді шешім шығарады.

Аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.

Аттестттау жөніндегі комиссияның шешіміне заңда белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Дәлелді себептермен аттестаттауға келмеген үміткер Комиссияның келесі отырысына шақырылады.

Үміткер қайталап келмеген жағдайда, оның өтініші қараусыз қалдырылады және өзі ұсынған құжаттармен бірге кері қайтарылады.

Комиссия жеті мүшеден - нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда екі нотариустан, аумақтық әділет органының екі өкілінен, құқықтанушы ғалым және мәслихаттың екі депутатынан тұрады.

Аттестаттаудан келесі тұлғалар босатылады:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған тұлғалар;
  2. судьялардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңсыздықтар мен заң

бұзушылықтары үшін қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судьялар мен тұрақты судья ретінде жұмыс істеген тұлғаларға;

  1. мемлекеттік нотариустар.

 

3 қадам

 

Лицензия алу

 

Лицензия келесі тұлғалар санатына беріледі:

  1. Нотариуста тағылымдамадан және Комиссияда аттестаттаудан өткендерге;
  2. Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырғандарға;
  3. Судьялардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңсыздықтар мен заң бұзушылықтары үшін қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судьялар мен тұрақты судья ретінде жұмыс істеген тұлғаларға;
  4. Мемлекеттік нотариустарге.

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Лицензия алу үшін:

1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) Әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан кем болмайтын мерзімде үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған тіркеуде тұрған/тұрмағандығы туралы анықтамалардың электрондық көшірмесі;

3) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі қажет.

 

Лицензиялық алым жергілікті бюджетке төленеді.

Алушының банкі: Қазынашылық департаменті

Алушы: тіркелген жері бойынша салық комитеті

Бюджеттік сыныптама коды: 105 402

Төлем туралы мәліметтер коды: 911

Сома: 6 АЕК

 

Лицензияны алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 11 (он бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Лицензия лицензиатқа «Е-лицензиялау» интернет-порталдары: www.elicense.kz және www.egov.kz арқылы беріледі.

Дата публикации
11 марта 2022