Адвокат жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіби негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Адвокаттық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің Стандартымен реттелген.
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін келесілер қажет:
1 қадам
Адвокаттық қызметпен айналысуға тағылымдамадан өту
Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам адвокаттар алқасының төралқасына келесі құжаттарды тіркеп тағылымдамадан өтуге рұқсат туралы өтінішпен жүгінеді:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (дипломның түпнұсқасын тексеру үшін ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме);
3) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын басқа құжат (дипломның түпнұсқасын тексеру үшін ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме);
4) тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған медициналық анықтамалар;
5) тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының болмауы туралы анықтама.
Тағылымдама бес жылдан кем емес адвокаттық қызметтің өтілі бар адвокаттың жетекшілігімен жүргізіледі. Тағылымдама ұзақтығы алты айдан бір жылға дейін.
Тағылымдамадан өтуші ретінде жұмыс мерзімі заң мамандығы бойынша қызмет өтіліне кіреді.
Тағылымдаманы ұйымдастыру адвокаттар алқасының төралқасымен Республикалық адвокаттар алқасы бекіткен және уәкілетті органмен келісілген тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өту тәртібі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судьяның өкілеттігін тоқтатқан тұлғалар тағылымдамадан өтпейді.
2 қадам
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту.
Тағылымдамадан өткен тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарында құрылған адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестаттаудан өтеді (бұдан әрі - Комиссия).
Тағылымдамадан өткен адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1466 бұйрығымен бекітілген, тағылымдамадан өткен адвокаттық қызметпен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау Ережесімен анықталады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалар тағылымдамадан сәтті өткен соң «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе бірыңғай заң көмегі жұйесі арқылы Комиссияға құжаттарын жолдайды:
1) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан кем болмайтын мерзімде үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтамалардың электрондық көшірмесі;
Тиісінше рәсімделмеген немесе толық емес құжаттардың пакетін ұсынған жағдайда, өтініш ұсынылған құжаттармен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарымен (бұдан әрі - аумақтық әділет органдары) үміткерге қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қараусыз, қайтарудың себебі туралы«электрондықүкімет» веб-порталында хабарламамен қайтарылады.
Үміткердің аттестаттауға жіберу туралы өтініші он бір күнтізбелік күнінің ішінде Комиссиямен қаралады.Құжаттарды қарау қорытындылары бойынша комиссия аттестаттауға жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы дәйекті шешім шығарады.
Егер үміткер Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді облыс, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары үміткерге өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Комиссияның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.
Аттестаттауға жіберілген үміткерді облыс, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары аттестацияның өткізілетін орны, күні, уақыты туралы оның өткізілуіне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Аттестаттау жарты жылда бір рет жүргізіледі.
Аттестация екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және адвокаттық қызметке психологиялық дайындығына кешенді компьютерлік тестілеу;
2) қажетті көздерді пайдалана отырып, істің мән-жайын талдау бойынша практикалық тапсырма.
Үміткер өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі аттестаттаудан өтуге құқылы.
Тестілеу компьютерлік технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Әділет органдарының адвокаттық қызметпен айналысуды аттестаттау Комиссиясы отырыстарының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін аудио және (немесе) бейнежазба немесе стенографиялау жасалады.
Аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия аттестаттаудан кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттау немесе аттестаттамау туралы дәлелді шешім шығарады.
Аттестаттау жөніндегі комиссияның шешіміне заңда белгіленген тәртіппен сотқа немесе уәкілетті оргагға шағым жасалуы мүмкін.
Аттестаттау туралы шешім оны шығарған күннен бастап алты жыл ішінде жарамды.
Дәлелді себептермен аттестаттауға келмеген үміткер Комиссияның келесі отырысына шақырылады.
Үміткер қайталап келмеген жағдайда, оның өтініші қараусыз қалдырылады.
Комиссия жеті мүшеден тұрады, оның ішінде кандидатуралары облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқаларының төралқаларымен анықталатын үш адвокат.
Аттестаттаудан келесі тұлғалар босатылады:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан сәтті өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған тұлғалар;
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судьяның өкілеттігін тоқтатқан тұлғалар;
3) теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандарды қоспағанда, прокуратура немесе тергеу органдарынан босатылған тұлғалар, кемінде он жыл бойы прокурор немесе тергеуші лауазымында болған жағдайда.
3 қадам
Лицензия алу
Лицензия келесі тұлғалар санатына беріледі:
оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған тұлғаларға;
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Лицензия алу үшін:
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;
3) ЭҮТШ арқылы төленетiн жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
4) Әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан кем болмайтын мерзімде үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған тіркеуде тұрған/тұрмағандығы туралы анықтамалардың электрондық көшірмесі;
5) прокуратура немесе тергеу органдарында жұмыс өтілін растайтын және лауазымынан босатылған себебі қамтылған (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың көшірмесі - кемінде он жыл бойы прокурор немесе тергеуші лауазымында болған, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандарды қоспағанда, прокуратура немесе тергеу органдарынан босатылған тұлғаларға талап етіледі.
Лицензиялық алым жергілікті бюджетке төленеді.
Алушының банкі: Қазынашылық департаменті
Алушы: тіркелген жері бойынша салық комитеті
Бюджеттік сыныптама коды: 105 402
Төлем туралы мәліметтер коды: 911
Сома: 6 АЕК
Лицензияны алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 11 (он бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Лицензия лицензиатқа «Е-лицензиялау» интернет-порталы: www.elicense.kz арқылы беріледі.