Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2021 жылы атқарған жұмыстары жөнінде ақпарат

Әкімшілік-құқықтық бөлімі бойынша

         Департаменттің штат кестесіне сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер саны - 58 (2020 жылы - 72), шын мәніндегі құрамы-  51 (2020 жылы- 68),еңбек келісім шарты негізінде – 63 (2020 жылы- 84) штаттан тыс қызметкер шын мәнінде 61 құрайды.

2021 жылдың 31 желтоқсанына 7 (2020 жылы-4) лауазым бос болып тұр.  Оның 5 бос лауазым орыны тұракты, 2 уақытша (бос орындар аудандық ӘБ). 

Есепті мерзімінде 24 (2020 жылы - 8)қызметкер атқарып отырған қызметінен босатылды. Оның ішінде 3(2020 жылы - 0) қызметкер Әділет министрлігіне, 3 Әділет департаментіне, 8 (2020 жылы - 5) қызметкер басқа мемлекеттік органға, 5(2020 жылы - 2) негізгі қызметкердің қызметіне қайта кірісуімен байланысты, 3 өз еркімен, 2 басқа себептермен.

Бос орындарды толтыру: Жыл басынан бос тұрған лауазымдарды толықтыру мақсатында  жалпы 2 (2020 жылы–3)және 5 (2020 жылы–6) ішкі конкурс өткізілген. Жалпы конкурс нәтижесі бойынша 2 (2020 жылы–7) лауазым толтырылды (Маратбек М., Сабыркулова К.), ішкі конкурс нәтижесі бойынша 5 (2020 жылы–5) (Копбаев Д., Сағындық А., Конысбаев Б. ,Калтаева Г.) лауазым толтырылды.

2021 жылы Жамбыл облысы Әділет департаментпен кеңейтілген 3 алқа отырысы өткізілді (2020 жылы-2).

2021 жылы 5 (2020 жылы - 4) жедел кеңес отырыстары өткізіліп, берілген тапсырмалары толығымен орындалды.

Қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарына жолдау:

Біліктілігін арттыру курстарынан жоспарланған 16 (2020жылы-18) қызметкер, қайта даярлаудан 1 (2020жылы- 0) қызметкер өтті.

Әдеп талаптарын сақтау бойынша: Департамент басшысымен жыл сайын Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспары бекітіліп, осы Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Жоспарға сәйкес, 2021 жылда Әдеп уәкілімен, Департаментінің, ауданаралық әділет басқармаларының, қалалық/ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің қызметкерлерімен Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 25 (2020жылы-14) дәріс оқылып, 82 (2020жылы-72) семинар-кеңес, 2(2020жылы-0)дөнгелек үстел ұйымдастырылды, интернет-ресурста 2(2020жылы-0), бұқаралық ақпарат құралдарында 34(2020жылы-23) мақала жарық көріп, 11(2020жылы-17)  радиодан түсіндірме сөз сөйленді, Әдеп жөніндегі уәкілімен 59 азамат қабылданды.

Сонымен қатар, ұжымдағы моральдык-психологиялық ахуалдың жағдайы анықтау мақсатында, қызметкерлер арасында  саулнама жүргізілді-198 (2020жылы-138).

«ADALDYQ ALAŃY» бойынша: 2021 жылда ел аумағында халыққа заңгерлік кеңес беру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қосылған «Адал көмек» жобасы аясында Жамбыл облысы Әділет департаментімен 88 іс-шара ұйымдастырылды оның ішінде,     5 адвокат, 13 нотариус, 8 жеке сот орындаушылар, 5 заң кеңесшілер қатысуымен, 57 іс шара Әділет департаментінің қызметкерлерімен өткізілді.

Есеп кезінде «Адал көмек» акция аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің Жамбыл облысы бойынша бөлімшесінде 53 азаматтар қабылданып, мәселелері заң шеңберінде оң шешімін тапты.

Сыбайлас жемқорлыққа карсы бойынша: Бұқаралық ақпарат құралдарында 21 (2020жылы-11/3) мақала жарияланған (10 интернет ресурстарында жарияланған), оқылған лекциялар саны 22 (2020жылы-13), семинар 39  (2020жылы-35), дөңгелек үстел 6 (2020жылы -6).

Тәртіптік жауапкершілік мәселесі: 17(2020 жылы-17) қызметкер тартылды, оның басшы  лауазымын  атқаратыны  7 (2020 жылы-3), қатардағы қызметкерлер 10 (2020 жылы-14).

Прокуратурадан түскен ұсыныстарға сай 15 (2020 жылы-14), Әділет министрлігінің хаттарына сай 2  қызметкер жауапкершілікке тартылды        (2020 жылы-3).

Қолданылған тәртіптік жауапкершілік тартылу түрлері, ескерту 4 (2020жылы-3) (Д.Мустафина, Г.Ниетбаев, А.Абдрасулова, Г.Калтаева), сөгіс– 11 (2020жылы-9) (Б.Серікбаев, Г.Байзакова, Г.Ниетбаев, К.Жуманов, И.Сатыбалдиева, Е.Кенбаев, С.Капсаланов,З.Куттыбаева, Е.Кенбаев, Кулманова Н. Кенбаев Е.) қатаң сөгіс 2 (2020 жылы-2) (З.Куттыбаева, Н.Сегизбаев),қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту -0 (2020 жылы–2), лауазымын төмендету – 0 (2020 жылы–1).

Қызметтік тексеру және тәртіптік комиссия жұмысы:

Ағымдағы жылы 24 (2020 жылы–10) қызметтік тексеру жүргізіліп тексеру қорытындылары тәртіптік комиссимен қаралып, жауапкершілігін қарастыруға негіз болмауы туралы  17 (2020 жылы–4), тәртіптік жауапкершілігін қарастыру туралы 7 (2020 жылы–6) шешім шығарылып, 7 (2020 жылы–6) қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолданылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық: Әдеп кодексінің талаптарына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар орын алмаған. Қызметкерлермен әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген 8 (2020 жылы 6) (Е.Баймолдаев, И.Сатыбалдиева, З.Куттыбаева, А.Сағындық, М.Кожамжаров, Ж.Асанбаев, А.Нурханова, К.Жуманов) қызметкер анықталды.

Сенім телефоны: Жамбыл облысы Әділет департаментінің сенім телефоны (43-64-26) өтініштер түспеген. 

2021 жылы қызметкерлерге материалдық көмек көрсету бойынша            6 (2020жылы-17) комиссия отырысы өтіп, 30(2020жылы-29) өтініш қаралды.

Әділет департаментінің басшысы мен оның орынбасарларының азаматтарға жеке қабылдау өткізуі туралы

2021 жылы Департамент басшысы 21 (2020 жылы-5) азаматты қабылдады, оның ішінде адвокаттар сұрағымен 2 (2020 жылы-1), сот    актілерін     орындау саласы бойынша 8(2020 жылы-1), АХАЖ сұрағымен 1, нотариат сұрағымен - 1, жеке сұрақпен – 1, құқықтық кеңес алу - 5 жеке тұлғаны қабылдады.

Басшының орынбасарлары негізінен Департамент қызметінің өздеріне жүктелген салаларға қатысты мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды.

Есепті кезеңде, Департамент басшысының орынбасарлары барлығы 119    (2020 жылы-99) азаматты, оның ішінде адвокаттар сұрағымен 5 (2020 жылы- 2), нотариат сұрағымен 3(2020 жылы- 2), АХАЖ сұрағымен 15 (2020 жылы-1), заңды тұлғаны тіркеу жұмысы бойынша 20(2020 жылы- 16), НҚА сұрақтарымен 4 (2020 жылы- 1),сот актілерін орындау бойынша 67 (2020 жылы-60),  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша - 3,  құқықтарды тіркеу саласы бойынша - 2 тұлғаны қабылдады азаматқа жеке қабылдау өткізді.

Сонымен қатар, ауданаралық Әділет басқармаларының басшылары барлығы 176 (2020жылы-289) жеке тұлғаны қабылдады, оның ішінде  жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша - 47(2020 жылы-139), жеке сұрақпен - 7(2020 жылы-3), заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша – 66 (2020 жылы-118), атқарушылық іс жүргізу  бойынша – 41 (2020 жылы-29), АХАЖ сұрағымен - 4, құқықтық кеңес алу – 10, адвокаттар сұрағымен - 1 азаматты қабылдады.

Мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы құқықтық насихат жұмыстары туралы

2021 жылы «Тіл туралы» заңнаманы насихаттау мақсатында 15 (2020 жылы-29) семинар-дөңгелек үстел, 80 (2020 жылы-72)дәрістер, 35 (2020 жылы-56) БАҚ-на шықты.

Құжат айналымындағы тілдердің қолданылуының сандық көрсеткіштері және сипаты туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен келіп түскен барлық тапсырмалар өз мерзімінде орындалған.

2021 жылы құжат айналымының көрсеткіштері жалпы кіріс саны 20327(100%) (2020 жылы - 17332(100%)) келіп түссе, оның ішінде қазақшасы –17494 (86%) (2020 жылы-14610 (77%), орысшасы 2797 (14%) (2020 жылы –2722 (23%).

Жалпы шығыс саны 15472 (100%) (2020 жылы–15401 (100%)) барлығы қазақ тілінде жіберілген.

Жеке және заңды тұлғаның өтініштері бойынша       

Жеке және заңды тұлғалардан есепті кезенде түскені барлығы 3685 (2020 жылы -3650) өтініш, оның ішінде өтініш 2666 (2020 жылы -3014),сұраныстар1013 (2020 жылы- 632), шағым 6 (2020 жылы-4).

Жеке тұлғадан 2021 жылға қалдық болып өткені 24 (2020 жылы-20),есептік кезеңде түскені барлығы 2294 (2020 жылы-2377), оның ішінде өтініш-1766(2020 жылы - 2209),сұраныстар  522 (2020 жылы-569),шағым 6 (2020 жылы-3).

Заңды тұлғадан 2021 жылға қалдық болып өткені 27 (2020жылы-3) есептік кезеңде түскені барлығы 1391 (2020 жылы-1273),оның ішінде өтініш-900(2020 жылы-805),сұраныстар 491(2020 жылы-467),шағым 0 (2020жылы-1).

Есепті кезенде қайталама, негізделген өтініштер түспегенін, сонымен қатар өтініштерді сапасыз қарау фактілер анықталмағанын.

2021 жылы 2 өтініштің қаралу мерзімі бұзылғаны орын алды.Атап айтқанда, 19.04.2021 жылы    Жамбыл    облысының   Әділет   департаментіне   азамат К. Спановтан  мәліметтер базасына өзгерістер енгізу туралы өтініш келіп түсіп,  ЖТ-С-597 нөмірімен бұлтты құжатайналымы базасына тіркелді. 26.04.2021 жылы  тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы А. Абдрасуловамен бұл өтініштің қарау мерзімі бұзылып, бағынысы бойынша жіберілген.

Сонымен қатар, 15.02.2021 жылы Жамбыл облысы Әділет департаментінің Шу ауданаралық Әділет басқармасына адвокат                       Ж.Куанышбековтен заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманы беру туралы өтініш келіп түсіп, ЖТ-К-1 нөмірімен бұлтты құжатайналымы базасына тіркелді. Шу ауданаралық Әділет басқармасының басшысымен                         Г.Калтаевамен бұл өтінішке жауап 29.03.2021 жылы берілген.

Аталған фактілер бойынша қызметкерлер Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының бұйрығымен тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бойынша       

Департаментке Жамбыл облысының жергілікті мемлекеттік  органдарының 104 (2020 жылы - 393) нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуге келіп түсті.

Құқықтық сараптама жүргізу нәтижесінде 103 (2020 жылы - 392)НҚА тіркеліп, мемлекеттік тіркеу Тізіліміне (электрондық және қағаз жеткізілімдеріндегі) енгізілген.

«Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2016 жылғы 6 қазандағы №568  қаулысымен бекітілген қағидалардың (әрі қарай - Қағида №568) 74 тармағына сәйкес, нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларында белгiленген тәртiп бұзыла отырып қабылдануына байланысты байланысты – 1 (2020 жылы - 1) акті мемлекеттік тіркеуден бас тартылған. 

Ағымдағы жылы акті кері қайтарылған НҚА тіркелмеген (2020 жылы - 0), сондай – ақ, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілердің қаралу мерзімін бұзу оқиғалары орын алмаған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша

Есептік кезеңде Департаментпен тіркелген 6 актіге қатысты 6 наразылық енгізілген, 1 наразалық қайтарылып алынды, 3 наразылық қанағаттандырылған, 2 наразылық қаралуда.

 Нормативтік құқықтық актілерді тексеру бойынша

Аумақтық әділет органдарының бақылау іс-шараларының негізгі бағыттарының бірі мәслихаттар мен әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілерге тексерулер жүргізу, тіркелген нормативтік құқықтық актілердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуіне мониторинг жүргізу болып табылады.

2021 жылдың 12 айында Департаментпен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу және жариялау тәртібін реттейтін заңнаманың сақталуына аудандық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының  актілеріне тексерулер жүргізілген жоқ.

Нормативтік құқықтық актілерді бақылау бойынша

Бақылау іс-шараларының нәтижесінде жергілікті өкілді және атқарушы органдармен заңсыз қолданылған 60(2020 жылы - 72)НҚА анықталған.

Олардың ішінде:тексерулер бойынша - 0 НҚА;

мониторинг бойынша - 57 НҚА;

салыстыру бойынша – 3 НҚА.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Департаментпен жергілікті мемлекеттік басқару органдарына 60 (2020 жылы - 72) НҚА қатысты 20 (2020 жылы - 44) Заңның бұзылуын жою жөнінде  ұсыныстар енгізілді.

Олардың ішінде:тексерулер бойынша - 0 НҚА қатысты – 0 ұсыныс;         мониторинг бойынша -57 НҚА қатысты – 17 ұсыныс;

салыстыру бойынша - 3 НҚА қатысты – 3 ұсыныс.

Мониторинг жүргізу нәтижесінде

Әділет департаментінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін 57 нормативтік құқықтық актілер анықталған.

Құқықтық мониториг нәтижесіне сәйкес, тәртіптік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар – 18, оның ішінде: 16 –ескерту түрінде,           2-сөгіс түрінде.

Сонымен қатар, қосымша мониторинг жүргізу нәтижесіне сәйкес, Әділет департаментінде тіркелген 5 нормативтік құқықтық актілерге қатысты тиісті хаттар жіберілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

2021 жылдың 12 айында Департаментпен 3 әкімшілік іс қозғалды:

  1. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Тукменбетова Лаура Уразалиевна қатысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. ӘҚБтК 457 бабының 1 тармағымен құқық бұзушылық жасаған деп танылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 13890(он үш мың сегіз жүз тоқсан) теңге көлемінде айыппұл өндірілді (қысқартылған іс жүргізу тәртібінде);
  2. Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Касенова Кулшат Мауияевнаға қатысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. ӘҚБтК 457 бабының 1 тармағымен құқық бұзушылық жасаған деп танылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 13890(он үш мың сегіз жүз тоқсан) теңге көлемінде айыппұл өндірілді (қысқартылған іс жүргізу тәртібінде);
  3. Шу ауданы әкімі аппаратының бас маманы Боранбай Бағлан Кенжеғазыұлына қатысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. ӘҚБтК 457 бабының 1 тармағымен құқық бұзушылық жасаған деп танылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 13890(он үш мың сегіз жүз тоқсан) теңге көлемінде айыппұл өндірілді (қысқартылған іс жүргізу тәртібінде).

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бойынша

Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша:

Барлығы  2021 жылы 2267 (2020 жылы- 430)тіркеліп, 201(2020 жылы- 81) бойынша бас тартылып, 228(2020 жылы- 37) құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген.

Тіркеуден, қайта тіркеуден бас тартуға негіз болған ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес болмауы, тоқтамдар болуы және т.б.

2021 жылы тіркеуге, қайта тіркеуге ұсынылған құжаттар санының көбеюі, білім мекемелерін қала, аудандық білім бөлімдерінен облыстық  білім басқармасының бағыныстылығына беруіне, заңды тұлғалардың жарғыларын жаңа редакцияда қабылдануына байланысты және елімізде орын алған эпидемиялық ахуал болған.

2021 жылы және 2020 жылы заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша ҚР ӘҚБК-нің 466 бабымен қозғалған әкімшілік істер болмаған.

Тіркеу үшін төленген алым сомасы 2021 жылы  - 5 862 183,5(2020 жылы- 6 286 732)  теңгені құраған.

2020, 2021 жылдары тіркеу мерзімін бұзылуы фактілері орын алмаған. Тіркеу органының іс әрекетіне шағымдар болмаған.

Мемлекеттік мекемелерден келіп түскен сұраныс хаттар саны – 2030(2020 жылы- 1016)  құраса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштер саны – 822 (2020 жылы- 565) құрады.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Департаментінің 2021 жылдың 2 тоқсанына арналған жұмыс жоспарының 5 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы Әділет департаментінің барлық ауданаралық Әділет басқармаларымен 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың мамыр айына дейін заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу жұмыстарына тексеру жұмыстары жіргізілген.

Сондай-ақ, Департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Тіркеу және жер кадастры бойынша аудандық бөлімдерінде тәжірибелік көмек көрсетумен, 2019 жылдың тамызынан 2021 жылдың маусым айына дейін атқарылған жұмыстарына тексеру жүргізілді.

Барлық жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті анықтамалар жазылып, кемшіліктерге жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

АХАТ саласы бойынша:

2021 жылы – 49775 (2020 жылы-47928)  азаматтық хал актілері тіркелген, оның ішінде: туу - 30275(2020 жылы-28866), өлім –10485(2020 жылы-9170), неке қию- 7605(2020 жылы-7592), неке бұзу - 966(2020 жылы-1201), атын, тегін ауыстыру – 444(2020 жылы-327).

Заңнамадағы өгерістерге байланысты, 2021 жылдан бастап әкелікті тану, бала асырап алу казіргі уақытта АХАТ бөлімдерінде тіркелмейді.

2021 жылы ҚР Әділет органдарының және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға «апостиль» қою мемлекеттік қызмет түрі бойынша 6123(2020 жылы-7186),  өтініш келіп түскен, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан 5290 құжат келді, 5148 құжат орындалды, 142 (2020 жылы-167) құжаттарды орындаудан бас тартылған. «Е-апостиль» жүйесі арқылы электронды 833 өтініш келді, 650 өтініш орындалды, 183 құжат орындаусыз қайтарылды. Орындаудан бас тарту себептердің бірі апостиль қоюға ұсынылған құжаттарда мөр бедерлемелерінің анық көрінбеуі, құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі, яғни төменде көрсетілген қолданыстағы заңнамалардың талаптарын ұстанбауы.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша:

2021 жылы ҚР ӘҚБК-нің 460 бабымен - 250 әкімшілік іс қозғалып, қаралған. Барлығы 268 775 теңге көлемінде, айыппұлдар салынып, толығымен өндірілген.

7 ақпан 2021  жылдан бастап ҚР ӘҚБК-нің 460 бабы күші жойылуына байланысты, казіргі таңда 460 баппен әкімшілік істер қозғалмайтын болған.

Зияткерлік меншік құқықтары бойынша

2021 жылы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөліміне бөтен тауар таңбасын заңсыз пайдалану бойынша 31 өтініш түсті. Онын ішінде: жеке тұлғалардан – 1 арыз, заңды тұлғалардан – 2 арыз, экономикалық тергеп-тексеру департаментінен – 5 материал және мемлекеттік кірістер органдарынан - 23 материал. 

Барлық өтініштерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, негiзделген және уәжделген, қабылданған шешiмге шағым беру құқықтары түсiндiріле жауаптар қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы            1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізілген.

Ағымдағы жылы Департаментпен тауар белгілерін пайдалануға қатысты заң талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізілген жоқ.

Құқықтық түсіндіру жұмыстары

Қоғамда контрафактілік өнімдерге және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы қатынасын қалыптастыру мақсатында халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Есепті кезеңде облыс бойынша 40 (2020 жылы - 45) семинар, 25 (2020 жылы -36) «дөңгелек үстел», 2 (2020 жылы -0) «Ашық есік күндері» өткізіліп,    45 (2020 жылы -68) дәріс оқылды. Мемлекеттік органның  интернет-ресурстарында (әлеуметтік желілерде) 32 жарияланымдар жасалды.

Бұқаралық ақпараттар құралдарында атқарылған жұмыстың оң нәтижесін көрсету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, облыстық (республикалық, аудандық, қалалық) баспасөз беттерінде 15 (2020 жылы - 35) мақала жарияланды, облыстық радиодан 8 (2020 жылы -5)  сұхбат берілді.   

Сондай-ақ, «Контрафакт» республикалық акциясы аясында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында 10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасында аймақтық сурет байқауы өткізілді.

Зияткерлік меншік саласы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жадынамалар әзірленіп, азаматтар мен өзінің қызметінде зияткерлік меншік нысандарын қолданатын кәсіпкерлерге таратылды.

Зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылықты анықтау мақсатында халық арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бойынша

Нотариаттық қызмет бойынша:

Нотариустардың жалпы саны 184 (2020 жылы-175).

Облыс аумағындағы халық саны 1 120 293 адам, 1 нотариусқа орташа жүктеме 6088 адамды құрайды.

2021 жылы облыс аумағындағы нотариустармен 426256 нотариаттық іс-әрекет жасалған.

Нотариустардың әрекетіне 5 талдау (2020жылы- 5) жасалып, олардың қатысуымен 8 семинар (2020жылы- 4), 1 дөңгелек-үстел өткізілді (2020жылы-1).

Есепті кезеңде 1 нотариустың лицензия күші уақытша тоқтатылды (2020жылы- 0), нотариустардың лицензия күші тоқтату, сот шешімімен лицензиясын күшін жою фактілері жоқ (2020 жылы- 0).

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған нотариустар саны 13 (2020жылы-8).

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған нотариустар саны 0(2020жылы- 0).

Нотариустарға қатысты қозғалған қылмыстық іс фактісі болған жоқ (2020жылы- 0).

Заңнаманы бұзғаны үшін сот органдарымен жеке ұйғарымдар шығарылған нотариустар саны  5 (2020жылы-2).

Департаментке нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты берілген шағымдардың саны 33 (2020жылы-16), олардың ішінде  1 (2020жылы- 1) негізделген.

Соттарға нотариаттық шарттар жарамсыз деп тану туралы 37 (2020жылы- 42) талап түсті, нотариустың кінәсінен 7 талап қанағаттандырылды (2020 жылы-2).

Жекеше нотариустарға қатысты профилактикалық бақылау мен қадағалау бойынша 13 тексеріс жүргізілді (2020жылы-12), оның ішінде 10 жоспарлы, 3 жоспардан тыс.

  1. Нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережелерінің сақталуына 3 жоспардан тыс тексеру жүргізілді:

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау барысында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының талаптарына сәйкес 3 нотариустың әрекеттеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

2021 жылы 3 арыз бойынша /нотариус М.К.Смагуловтың іс-әрекетіне қатысты М.Қ.Кошкинбаеваның, нотариус Б.Ш.Койбаковтың іс-әрекетіне қатысты Г.Л.Байжигитованың, нотариус З.Р.Азимованың іс-әрекетіне қатысты Г.Галямовтың сенімхат бойынша өкілі Ш.Садыковтың арызы/ жоспардан тыс тексерулер тіркелді.

2 арызда көрсетілген мән-жайлар /М.К.Кошкинбаева,Г.Л.Байжигитова/ өз растауларын таппады және арыз иелеріне қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, тиісті жауаптар берілді.

Жоғарыда баяндалғандай нотариус М.К.Смагуловтың іс-әрекетіне қатысты Г.К.Кошкинбаеваның арызында көрсетілген мән-жайлар расталмады, алайда Жамбыл облысы нотариаттық палатасына нотариустың нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы негізсіз қаулы беруіне байланысты нотариусты жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілді. Аталған ұсынысты қарау нәтижелері бойынша нотариус М.К.Смағулов ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2021 жылы Г.Галямовтың сенімхат бойынша өкілі Ш.Садыковтан нотариус З.Р.Азимованың Г.Галямовқа қатысты жасалған нотариаттық әрекеттері туралы және нотариус куәландырған құжаттардың көшірмелерін беруден заңсыз бастарту сұрақтары бойынша бірнеше рет қайталама арыз шағымдары келіп түсті. Арыз шағымдарды қарастыру барысында нотариус З.Р.Азимованың нотариаттық іс-әрекеттеріне қатысты жоспардан тыс тексеріс тағайындалды. Тексеріс нәтижесі бойынша нотариус З.Р.Азимова сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

  1. Нотариаттық іс-әрекеттерге және нотариаттық ісжүргізу ережелерінің сақталуына 10 нотариусқа қатысты профилактикалық бақылау жүргізілді.

Департаментпен нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша төменде көрсетілген нотариустар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспарға қосылды /Калиева З.Б., Тлеулиев Е.Т., Тусупов Т.Р., Калмаханбетова Ж.Б., Кожабеков E.T/.

Аталған нотариустарды тексеруге Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылдың 10 желтоқсандағы №741бұйрығымен бекітілген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілген нотариаттық қызмет лицензиаттарын әділет органдарымен 2021 жылдың 1 жартыжылдығына арналған тексеру жоспары негіз болды.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 нотариустың қызметі тексерілді, нотариус Е.Т. Кожабеков қайтыс болуына байланысты қызметі тоқтатылуына байланыстыпрофилактикалық бақылау шаралары жүргізілмеді.

Департаментпен нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша төменде көрсетілген нотариустар 2021 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарға қосылды /М.К.Смагулов, Г.Т.Сугирбаева, Г.У.Нурханова, Г.О.Қалтай, Л.Т.Жанасова, Т.Т.Момынов, А.Ш.Дулатбаева/.

Аталған нотариустарды тексеруге Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылдың 6 мамырындағы №418бұйрығымен бекітілген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілген нотариаттық қызмет лицензиаттарын әділет органдарымен 2021 жылдың 2 жартыжылдығына арналған тексеру жоспары негіз болды.

6 нотариустың қызметі тексерілді, нотариус А.Ш.Дулатбаева Жамбыл облысы бойынша нотариаттық палатасының мүшелерінің құрамынан шығуына байланысты қызметі тоқтатылғандықтан тексеріс жұргізілмеді.

Жалпы 2021 жылы 10 нотариустың қызметіне тексеру жүргізілді:

Жамбыл облысы Әділет департаментімен нотариустар З.Б.Калиева, Т.Р.Тусупов, Ж.Б.Калмаханбетова, М.К.Смагулов, Г.Т.Сугирбаева, Г.У.Нурханова, Г.О.Қалтайға қатысты тексеру нәтижелері бойынша Жамбыл облысы бойынша нотариаттық палатасына тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар жіберілді. Жамбыл облысы бойынша нотариаттық палатасының Тәртіптік комиссиясының шешімдерімен аталған нотариустарға қатысты тәртіптік іс жүргізу елеусіз деп танылуына байланысты тоқтатылған.

Жамбыл облысының Әділет департаментімен нотариус Е.Т.Тлеулиевке қатысты жоспарлы тексеру нәтижелері бойынша нотариустың «Нотариат туралы» ҚР Заңының 15-бабы 4-тармағының талаптарын бұзуы фактісі бойынша бойынша ҚР Әділет министрлігіне ұсыныс енгізілді. Нотариус кеңсесі Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Асқаров көшесі №217 «б» мекенжайында орналасқан.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен«Нотариат туралы» ҚР Заңының 10-бабының 2-тармағының 7-тармағына және 32-бабының 11-тармақтарына сәйкес жоғарыда аталған ұсынысты қарастыру нәтижесі бойыншаЖамбыл нотариаттық округінің нотариусы Е.Т.Тлеулиевтің «Нотариат туралы» ҚР Заңының 15-бабы 4-тармағының талаптарын орындамағаны үшіннотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Жамбыл облысының Әділет департаментімен нотариустар Л.Т.Жанасоваға, Т.Т.Момыноваға қатысты тексерулер 2021 жылдың желтоқсан айында жүргізілді. Қазіргі уақытта тексеру нәтижелері бойынша шаралар қабылданып, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу мәселесі қаралуда.

Департаментпен нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша төменде көрсетілген нотариустар 2022 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспарға қосылды /Л.С.Мамекова, З.Р.Азимова, Т.К.Сейтбаев, Г.Е.Токсанбаева, К.К.Аликулова /.

Аталған нотариустарды тексеруге Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылдың 9 желтоқсанындағы №1052 бұйрығымен бекітілген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілген нотариаттық қызмет лицензиаттарын әділет органдарымен 2022 жылдың 1 жартыжылдығына арналған тексеру жоспары негіз болды.

Адвокаттық қызмет бойынша

Адвокаттар саны 235(2020жылы-224). Облыс аумағындағы халық саны 1 120 293 адам, 1 адвокатқа орташа жүктеме 4767 адамды құрайды.

Жамбыл облыстық 1 аумақтық адвокаттар алқасы жұмыс атқаруда, заң консультациясы 10(20209жылы-10), адвокат кеңселері 6(2020жылы- 6).

Лицензия күші тоқтатылған 1 (2020жылы- 2), лицензия күші тоқтата тұрылған – 1 (2020жылы- 0), тәртіптік жауапкершілікке тартылған саны 7 (2020жылы-3) адвокат.

Әр түрлі негізі бойынша қысқартылған 1 (2020 жылы-2) лицензия.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша

Департаментпен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету келісім шарт жасалынған 151(2020жылы-167) адвокат.

«Заң көмегін көрсету» 005 бюджеттік бағдарламаның 2021 жылға қаржыландыру жоспары бойынша бөлінді 107 700 000(2020жылы – 79 998 000) теңге, бүгінгі күнге толығымен игерілді.

Заңда көрсетілген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген адамдар саны 10190 (2020жылы-9702).

Анықтама: Мемлекет кепілдік берген заң көмегіналыға құқығы бар тұлғалар

  1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат беру түрінде тегін алуға барлық жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
  2. Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;

3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге;

4) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсететіледі. Адвокаттар қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.

Заң консультанттарының қызметі бойынша

Жамбыл облысында Жамбыл облысы заң консультанттарының                1 палатасы қызмет атқаруда, мүшелігінде 203 заң консультанттары бар.

Есепті кезеңде заң консультантардың іс-әрекетіне 6 шағым түсті, олардың қарау нәтижесінде 5 шағым бойынша көрсетілген жайлар өз дәлелін таппады, 1 шағым қарау үстінде.

Адвокаттық және нотариаттық қызметті лицензиялау жүйесі бойынша

Есептік кезеңінде адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға 8 аттестация өткізілді  (2020жылы-2).

Аттестациядан өтуге 111 үміткер құжаттар өткізді, оның 84 үміткері адвокатура бойынша, 27 нотариат бойынша.

Нәтижесінде 32 (2020жылы-6) үміткер аттестациялық комиссиясының оң шешімін алды, оның ішінде адвокатура бойынша 23(2020жылы-5), нотариат бойынша 9 (2020жылы-1).

Құқықтүсіндіру жұмыстары бойынша:

Азаматтарды құқықтық мәдениет, құқықтық тәрбиелеу және тәрбиелеу деңгейін арттыру мақсатында әділет органдары 1003 (2020жылы –1513) іс-шараларды ұйымдастырды, оның ішінде: баспа, электронды БАҚ, әлеуметтік желілерде –246 (2020жылы – 380),теледидар – 4 (2020жылы - 4), радио –                21 (2020жылы – 26), дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар, тренингтер –        64 (2020жылы –119), баспасөз-конференциялар, брифингтер – 2 (2020жылы –5), ақпараттық топтар – 47 (2020жылы – 113), 20 (2020жылы – 48) әділет органдарының, оның ішінде өңірлердің шалғайдағы ауылдық округтарында қызмет көрсетудің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Әділет органдарының «Ашық есік күндері» өткізілді.

Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бойынша    

Жеке сот орындаушылар бойынша:

Жамбыл облысында қазіргі таңда барлығы 106 (2020 жылы - 100) жеке сот орындаушылары өз қызметтерін атқаруда, оның ішінде Тараз қаласы 73 (2020 жылы - 73) жеке сот орындаушысымен, Жамбыл облысының барлық аудандары 33 (2020 жылы - 23) жеке сот орындаушыларымен қамтылған.

2021 жылдың 12 айында жеке сот орындаушыларының өндірісінде барлығы 129 140 856 710 (2020 жылы – 105 420 426 321) теңгені құрайтын 387 143 (2020 жылы – 301 922) атқару құжаты орындауда болған. Оның ішінде барлығы 33 743 062 378 (2020 жылы – 27 179 436 586) теңгені құрайтын 192 466  (2020 жылы – 142 186) атқару құжаты өндіріспен аяқталған. Жеке сот орындаушыларының өндірістерінде 95 397 794 332 (2020 жылы – 78 252 408 316) теңгені құрайтын 194 677 (2020 жылы – 159 736) атқару құжаты орындауда қалды. 

2021 жылдың 12 айында аяқталған атқарушылық өндiрiстердi жалпы санынан, толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттарды үлесі индикаторы бойынша 71,5%  (2020 жыл 69,6%) құрады.

Атқарушылық іс жүргізулердің орындауындағы жалпы санынан аяқталған атқарушылық жүргізулердің саны – 51,3% (2020 жыл 48,7%) құрады.

Есептік мерзімде мемлекет пайдасына өндіру туралы 4 537 276 676 (2020 жылы – 3 082 058 474) теңгені құрайтын 179 134 (2020 жылы – 124 249) атқару өндірістері орындауда болған. Барлығы өндіріспен 2 707 940 870 (2020 жылы – 1 460 047 103) теңгені құрайтын 119 764  (2020 жылы – 65 059) атқару құжаты аяқталып, 1 829 335 807 (2020 жылы – 1 622 011 373) теңгені құрайтын 59 370 (2020 жылы – 59 190) атқару құжаты орындауда қалды.

Есептік мерзімде әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінген, атап айтқанда:

- алимент өндіру туралы 17 408 (2020 жылы – 16 573) атқару құжаты жеке сот орындаушылардың өндірісінде болып, 2 763 (2020 жылы – 2 865) атқару құжаты орындалып, 14 645 (2020 жылы – 13 708) атқару құжаты қазіргі уақытта жеке сот орындаушыларының орындауында.

Оның ішінде проблемалық алименттер 125 487 965 теңге қарыз сомасын құрайтын 165 атқару өндіріс;   

Алимент бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында, облыс бойынша барлығы 14 (2020 жылы - 2) борышкерлерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкелері өткізілді. Аталған жәрмеңкелерге 405 (2020 жылы - 50) борышкерлер қатысып, оның 233 (2020 жылы - 32) жұмысқа жолдама алып, 152 (2020 жылы - 18) жұмыспен қамтамасыз етілді.

- жалақы өндіру туралы барлығы 6 794 697 (2020 жылы – 6 086 670) теңгені құрайтын 9 (2020 жылы - 17) атқару құжаты орындауда болып, соммасы 6 314 447 (2020 жылы – 4 972 952) теңгені құрайтын 8 (2020 жылы - 13) атқару өндірісі жеке сот орындаушыларымен аяқталған. Қалдыққа 480 250  (2020 жылы – 1 113 718) теңгені құрайтын 1 (2020 жылы - 4) атқару құжаты өткен.

2021 жылдың 12 айында жеке сот орындаушыларының өндірістерінде үйден шығару /қоныстандыру/ санатындағы жалпы саны – 86 (2020 жылы – 76) атқару құжаты орындауда болған. Оның ішінде барлығы 66  (2020 жылы – 51) атқару құжаты өндіріспен аяқталған. Ал барлығы 20 (2020 жылы - 25) атқару құжаты жеке сот орындаушыларының орындауында қалды.  

Есептік мерзімде жеке сот орындаушыларының орындауында заңсыз ғимараттарды бұзу санатындағы жалпы саны– 16 (2020 жылы – 11) атқару құжаты орындауда болған. Оның ішінде барлығы 11  (2020 жылы – 4) атқару құжаты өндіріспен аяқталған. Ал барлығы 5 (2020 жылы - 7) атқару құжаты жеке сот орындаушыларының орындауында қалды.

2021 жылы жеке сот орындаушыларымен борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы барлығы 412 (2020 жылы – 399) ұсыныс жолданып, ұсыныстардың негізінде барлығы 294 (2020 жылы - 274) борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК 669 бабымен - 269 борышкер, 667 бабымен - 23 борышкер, 670 бабымен - 1 борышкер,         665 бабымен - 1 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Есептік мерзімде қылмыстық қудалау органдарына ҚР ҚК 139 бабымен борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 93 (2020 жылы - 61) ұсыныс жолданған. Нәтижесінде СДТБТ тіркелгені – 13 (2020 жылы - 12), ақтамайтын негіздер бойынша қысқартылғаны – 3 (2020 жылы - 1), ақтайтын негіздер бойынша қысқартылғаны – 7 (2020 жылы - 8), сотқа ұсыныс жолданғаны – 6 (2020 жылы - 3), ал 4 (2020 жылы - 1) қалдықта қалған.

Сондай-ақ, ҚР ҚК 430 бабымен борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 25 (2020 жылы - 28) ұсыныс жолданған. Нәтижесінде СДТБТ тіркелгені – 9 (2020 жылы - 12), ақтайтын негіздер бойынша қысқартылғаны – 8 (2020 жылы - 8), ақтамайтын негіздер бойынша қысқартылғаны – 1 (2020 жылы - 0), (2020 жылы қалдықта – 4).

2021 жылы Департаментпен жеке сот орындаушыларының атқарған жұмыстарына 93(2020 жылы - 85) жоспарлы бақылау жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 1 (2020 жылы -2) жеке сот орындаушы бойынша Департаментпен 6 ай мерзімге лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы ұсыныс жолданылып, 83 (2020 жылы - 77) жеке сот орындаушысын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолданса, 9(2020 жылы - 6) жеке сот орындаушысына қорытындыда көрсетілген заң бұзушылықтарды қысқа мерзімде жою үшін хаттар жолданған.

2021 жылы Департаментке жеке және заңды тұлғалардан атқару өндірісіне қатысты, яғни жеке сот орындаушыларының әркеттеріне және әрекетсіздіктеріне қатысты 1 827 (2020 жылы - 1403) арыз-шағым келіп түсті. Оның ішінде 176 қанағаттандырылып, 904 арызға түсіндірме беріліп, ал 548 тиістілігіне қарай жолданса, 4 арызда-шағымда көрсетілген мән жайлар өз дәлелін таппады, 159 арыз иелерімен қараусыз қалдырылып, 36 арыз – шағым қаралу барысында.

         Есептік мерзім ішінде Департаментпен жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарының негізінде 62  жоспардан тыс бақылау жұмыстары жүргізілді (2020 жылы - 66). Нәтижесінде 59 жеке сот орындаушылары атқару өндірістері бойынша заң бұзушылықтарын жібергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 жеке сот орындаушысы Республикалық палатасының мүшелігінен тоқтату туралы ұсыныс жолданды (қаралу барысында), ал 1 жоспардан тыс бақылау бойынша арызда көрсетілген мән жайлар өз дәлелін таппады (2020 жылы - 1).

         2022 жылға 106 жеке сот орындаушыларынің қызметтеріне жоспарлы бақылау жүргізу кестесі бекітілді.

         Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығын, яғни жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын орындау мақсатында, Департаментпен жеке сот орындаушыларынан 307 (2020 жылы - 144) есеп қабылданды, 13 450 465 теңге (2020 жылы – 5 982 800 теңге) игерілді.

         Департаментпен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткерлерге 4 (2020 жылы - 1) аттестаттау өткізілді. Оған 22 (2020 жылы - 16) үміткер қатысып, 13-і (2020 жылы - 13) оң нәтиже көрсетті.

         Мемлекеттік сот орындаушылар бойынша:

         2021 жылдың 12 айылығының басына 49 261 809 957(2020 жылы – 38 812 540 876) теңгені құрайтын 1 540 (2020 жылы – 2 247) атқару өндірісі қалдыққа өтті.

         Ал, 2021 жылдың 12 айында мемлекеттік сот орындаушылар өндірісінде барлығы 40 330 526 026 (2020 жылы – 38 792 414 685) теңгені құрайтын 2 546 (2020 жылы – 2 816) атқару өндірісі болды.

         Оның ішінде 1 696 850 746 (2020 жылы – 4 914 362 537) теңгені құрайтын 1 311 (2020 жылы – 1 278) атқару құжаты  барлығы өндіріспен аяқталған.

         Мемлекеттік сот орындаушыларымен 664 018 774 (2020 жылы – 2 052 821 773) теңгені құрайтын 962 (2020 жылы –841) атқару құжаты нақты орындалып, 38 636 463 113 (2020 жылы – 58 583 385 837) теңгені құрайтын 1 236 (2020 жылы – 1 934) атқару құжаты орындауда қалды.  

         Аяқталған атқарушылық өндiрiстердi жалпы санынан, толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттарды үлесі индикаторы бойынша 90,8%  (2020 жылы –90,9%) құрайды.

         Атқарушылық іс жүргізулердің орындауындағы жалпы санынан аяқталған атқарушылық жүргізулердің саны – 70,7 % (2020 жылы – 66,1%) құрайды.

         Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде

         Жамбыл облысы әділет Департаментінің барлық аумақтық сот орындаушыларымен 2021 жылдың 12 айында ҚР ӘҚБК-нің баптарымен қалалық, аудандық соттарға барлығы 9(2020 жылы – 7)  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, қарау үшін соттарға жолданған. Нәтижесінде 7 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 (2020 жылы – 1) іс сотпен қысқартылды.

         Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде

         Департаментінің қалалық, аудандық аумақтық сот актілерін орындау бөлімдерімен 2021 жылы қылмыстық қудалау органдарына сот шешімін қасақана орындамау фактісі бойынша алдын ала тексеру жүргізу және процессуалдық шешім қабылдау үшін 2 (2020 жылы – 1) ұсыныс жолданған, аталған ұсыныс қаралу барысында.

         Мемлекет  пайдасына атқарушылық  санкция  өндіру  жайлы

         Департаментінің аумақтық сот актілерін орындау бөлімдерімен  2021  жылы  9 661 889 (2020 жылы – 32 857383) теңге атқарушылық санкциясы мемлекет пайдасына өндірілген.

         Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз шағымдар және сұраулар

         Департаментке жеке және заңды тұлғалардан атқару өндірістеріне қатысты, яғни мемлекеттік сот орындаушыларының іс әрекетіне қатысты 28 (2020 жылы – 88) арыз-шағым және сұрау хаттар келіп түсті.

         Оның ішінде дәлелдерін тапқандары жоқ, 23-не түсіндірме берілді, 5-уі бойынша өз дәлелін таппағаны есебінен бас тартылды.

         «Бүркіт»  бағдарламасы бойынша

            «Бүркіт» ақпараттық бірыңғай жүйесіне енгізілген қаулыларды талдау барысында облыс бойынша 2021 жылы барлығы 25 (2020жылы- 54) борышкерлерге шектеу қойылған.

         Үйден шығару /қоныстандыру/ санаты бойынша

         2021 жылы сот орындаушыларының өндірістерінде үйден шығару /қоныстандыру/ санатындағы жалпы саны – 26 атқару құжаты орындауда болған. Оның ішінде барлығы 19 атқару құжаты өндіріспен аяқталған. Ал барлығы 7 атқару құжаты жеке сот орындаушыларының орындауында қалды.

         Прокурорлық қадағалау

         Есептік кезеңде прокуратура органдарынан орын алған заң бұзушылықты жою және оған жол бергені үшін сот орындаушысының тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарау туралы 6 (2020 жылы – 8) ұсыныс келіп түскен. Барлық ұсыныстар бойынша бұзушылыққа жол берген  қызметкерлер: И.Сатыбалдиева, Г.Байзакова, Б. Серикбаев,  К.Жуманов, Е.Кенбаев, С.Капсаланов, Ғ.Ниетбаев, Кенбаев Е., Құттыбаева З. тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         Соттармен шығарылған жеке ұйғарымдар бойынша

         2021  жылы  Тараз қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы  Е.Кенбаевқа және Жамбыл аудандық сотынан Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы И.Сатыбалдиеваға қатысты жеке ұйғарым келіп түскен 2 (2020 жылы – 2). Нәтижесінде, И.Сатыбалдиева «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған, ал Е.Кенбаевқа қатысты сотқа түсіндірме хат жолданған.

         Қолма қол бақылау шоты бойынша

         2021 жылдың 12 айында  395 006 343 теңге ақшалай қаражат қолма қол бақылау шотына келіп түскен. (2020 жылдың қалдық сомасы 49 327 114 теңге). Жалпы барлығы 440 960 194 теңге қолма қол бақылау шотынан аударылған. Қалдықта 3 373 262 теңге.

Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша

Департаментін 2021 жылдық қорытындысы бойынша бюджет есебінен бөлінген қаражаты 100 пайызға игерілді. Атап  айтқанда, бюджеттен бөлінген 545 605,5 мың теңге қаржыдан  игеру деңгейі 545 605,4 мың теңгені (2020 жылы - 549 671,9 мың тг. 100,0 %) құрады.

001 « Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 436 998,4 мың теңге қаржының  436 998,3 мың теңге сомасы немесе 100 пайызы (2020 жылы- 469 000,5 мың тг. 100,0 %)  игерілді. Оның ішінде:

102  «Жеке сот орындаушылар істерінің әлеуметтік маңызды санаттары бар проблемалық атқарылу құжаттары бойынша  кепілді заң көмегін көрсету» кіші бағдарламасы  бойынша есепті кезеңге бөлінген 13450,5 мың теңге  қаражаты 100 пайызға игерілді. ( 2020 жылы- 5 982,8 мың тг. 100 %). 

104 «Ақпараттық жүйелердің қызмет етуін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша есепті кезеңге бөлінген 3 737,0 мың теңге қаржының  3 737,0  мың теңге сомасы немесе 100 пайызы (2020 жылы- 7 875,0 мың тг. 100 %)  игерілді.

111 «Әділет органдарының күрделі шығыстары» кіші бағдарламасы бойынша есепті кезеңге бөлінген 440,0 мың теңге қаражаттың 100 пайызы игерілді(2020 жылы- 341,0 мың тг. 100 %).

123  «Ағымдағы әкімшілік шығындары» кіші бағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 337 677,9 мың теңге қаржының  337 677,8  мың теңгеге немесе 100 пайызы (2020 жылы – 329 440,1 мың .тг. 100 %)  игерілді.

 005 « Адвокаттардың сотта заңгерлік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 107 700,0 мың теңге  қаржының  107 700,0 мың теңге қаражаты  немесе 100 пайызы (2020 жылы – 79 998,0 мың.тг. 100 %)  игерілді.

138 «Мемлекеттік қызметкерлерге біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету »  бағдарламасы бойынша есепті кезеңде бөлінген 907,1 мың теңге  қаржының  907,1 мың теңге қаражаты  немесе 100,0 пайызы игерілді (2020 жылы – 673,4 мың .тг. 100 %).

Кредиторлық  берешек 005 «Адвокаттардың сотта заңгерлік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 2072,0 мың теңгеге тіркелді.   

Дебиторлық  және  кредиторлық  берешек  тіркелмеген.

Дата публикации
28 января 2022