Жамбыл облысы Әділет департаменті мен "Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" КММ өзара ынтымақтастығы туралы МЕМОРАНДУМЫ

Тараз қаласы                                                                 09 ақпан 2022 жыл

Жамбыл облысы Әділет департаменті мен "Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім), әрі қарай Тараптар деп аталатын, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, өз құзыреті және өкілеттіктері шегінде келісімге келді және төмендегілер туралы Меморандумды жасасты:

1 – бап

Осы Меморандумның мақсаты көппәтерлі Тараз қаласының тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін тіркеу мәселелері бойынша «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын дұрыс және біркелкі қолдануды жүзеге асыру болып табылады.

2 – бап

Осы Меморандум шеңберінде қол қойған Тараптар мыналарды жүзеге асыруды ниеттенеді:

  • Тараз қаласының үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін, тұтыну кооперативтерін тарату, тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін тіркеу бойынша тұрақты негізде халықпен құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • Бөлімінің сұратуы бойынша Тараз қаласының тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктері тіркелгендер саны туралы мәліметтер ұсыну;
  • Тараптардың құзыреті шеңберінде ынтымақтастықтың өзге де нысандары.

3 – бап

Осы Меморандум ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде Тараптар арасында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда оларды жалпы жиналыстар, кеңестер, кездесулер ұйымдастыру жолымен шешіледі.

4 – бап

Осы Меморандумға Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке құжаттармен рәсімделеді.

5 – бап

Осы Меморандум Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа беріледі.

6 – бап

Меморандум белгісіз мерзімге жасалды және Тараптардың бірі Меморандумның іс-әрекетін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламаны жібергенге дейін Меморандум күшіне ие болады. Мұндай жағдайда тараптардың бірі тиісті жазбаша хабарлама жолдаған күннен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күннен кейін Меморандумның қолданылуы тоқтатылған болып есептеледі.

Меморандум екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.

 

Тараптардың қолдары:

Жамбыл облысы                                                   «Тараз қаласы әкімдігінің

Әділет департаменті                                                  тұрғын үй қатынастары

басшысының орынбасары                                   бөлімі» КММ басшысы

________ Ш. Айнақұлов                                          _________Г. Ералиев

«09» ақпан 2022 ж.                                                   «09» ақпан 2022 г.

Дата публикации
09 марта 2022