Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімімен 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмысы бойынша анықтама

Жеке сот орындаушылар бойынша:

Жамбыл облысында қазіргі таңда барлығы 102 (2020 жылы - 96) жеке сот орындаушылары өз қызметтерін атқаруда, оның ішінде Тараз қаласы 72 (2020 жылы - 71) жеке сот орындаушысымен, Жамбыл облысының барлық аудандары 30 (2020 жылы - 25) жеке сот орындаушыларымен қамтылған.

2021 жылдың 6 айында жеке сот орындаушыларының өндірісінде барлығы 113 083 523 521 (2020 жылы – 83 977 904 058) теңгені құрайтын 268 977 (2020 жылы – 151 547) атқару құжаты орындауда болған. Оның ішінде барлығы 17 208 071 758 (2020 жылы – 9 050 292 157) теңгені құрайтын 88 719  (2020 жылы – 40 467) атқару құжаты өндіріспен аяқталған. Жеке сот орындаушыларының өндірістерінде 95 875 451 764 (2020 жылы – 69 220 093 147) теңгені құрайтын 180 258 (2020 жылы – 124 574) атқару құжаты орындауда қалды. 

2021 жылдың 6 айында аяқталған атқарушылық өндiрiстердi жалпы санынан, толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттарды үлесі индикаторы бойынша 67,4%  (2020 жыл 66,6%) құрады.

Атқарушылық іс жүргізулердің орындауындағы жалпы санынан аяқталған атқарушылық жүргізулердің саны – 34,4% (2020 жыл 24%) құрады. 

Есептік мерзімде мемлекет пайдасына өндіру туралы 2 807 008 646 (2020 жылы – 1 695 004 281) теңгені құрайтын 103 034 (2020 жылы – 63 284) атқару өндірістері орындауда болған. Барлығы өндіріспен 1 228 184 121 (2020 жылы – 544 777 609) теңгені құрайтын 54 426  (2020 жылы – 22 196) атқару құжаты аяқталып, 1 578 824 527 (2020 жылы – 1 158 816 009) теңгені құрайтын 48 608 (2020 жылы – 41 088) атқару құжаты орындауда қалды.

Есептік мерзімде әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінген, атап айтқанда:

- алимент өндіру туралы 15 579 (2020 жылы – 14 593) атқару құжаты жеке сот орындаушылардың өндірісінде болып, 1 477 (2020 жылы – 1 250) атқару құжаты орындалып, 14 102 (2020 жылы – 13 343) атқару құжаты қазіргі уақытта жеке сот орындаушыларының орындауында;

- жалақы өндіру туралы барлығы 6 794 697 (2020 жылы – 3 297 414) теңгені құрайтын 9 (2020 жылы - 10) атқару құжаты орындауда болып, соммасы 6 314 447 (2020 жылы – 1 989 329) теңгені құрайтын 8 (2020 жылы - 5) атқару өндірісі жеке сот орындаушыларымен аяқталған. Қалдыққа 480 250 (2020 жылы – 1 308 085) теңгені құрайтын 1 (2020 жылы - 5) атқару құжаты өткен.

2021 жылдың 6 айында жеке сот орындаушыларымен борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы барлығы 213 (2020 жылы – 85) ұсыныс жолданып, ұсыныстардың негізінде барлығы 151 (2020 жылы - 48) борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК 669 бабымен - 137 борышкер, 667 бабымен - 12 борышкер, 670 бабымен - 1 борышкер, 665 бабымен - 1 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2021 жылдың 6 айында қылмыстық қудалау органдарына ҚР ҚК 139 бабымен борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 61 (2020 жылы - 23) ұсыныс жолданған. Нәтижесінде СДТБТ тіркелгені – 10 (2020 жылы - 3), ақтамайтын негіздер бойынша қысқартылғаны – 3 (2020 жылы - 1), ақтайтын негіздер бойынша қысқартылғаны – 3 (2020 жылы - 2), сотқа ұсыныс жолданғаны – 2 (2020 жылы - 0), ал 2 (2020 жылы - 0) қалдықта қалған.

Сондай-ақ, ҚР ҚК 430 бабымен борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 11 (2020 жылы - 7) ұсыныс жолданған. Нәтижесінде СДТБТ тіркелгені – 4 (2020 жылы - 2), ақтайтын негіздер бойынша қысқартылғаны – 4 (2020 жылы - 1), ақтамайтын негіздер бойынша қысқартылғаны – 0 (2020 жылы - 1).

2021 жылдың 6 айында Департаментпен жеке сот орындаушыларының атқарған жұмыстарына 47  жоспарлы бақылау жұмыстары жүргізіліп (2020 жылы - 19), оның ішінде 1  жеке сот орындаушы бойынша Департаментпен 6 ай мерзімге лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы ұсыныс жолданылып (2020 жылы - 0), 41  жеке сот орындаушысын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолданса (2020 жылы - 17), 5 жеке сот орындаушысына қорытындыда көрсетілген заң бұзушылықтарды қысқа мерзімде жою үшін хаттар жолданған (2020 жылы - 2).

2021 жылдың 6 айлығында Департаментке жеке және заңды тұлғалардан атқару өндірісіне қатысты, яғни жеке сот орындаушыларының әркеттеріне және әрекетсіздіктеріне қатысты 677 арыз-шағым келіп түсті (2020 жылы - 594). Оның ішінде 55 қанағаттандырылып, 54 арыз иелерімен қараусыз қалдырылып, 335 арызға түсіндірме берілді, ал 205 тиістілігіне қарай жолданса, 2 арызда-шағымда көрсетілген мән жайлар өз дәлелін таппады, 26 арыз – шағым қаралу барысында.

         Есептік мерзім ішінде Департаментпен жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарының негізінде 28  жоспардан тыс бақылау жұмыстары жүргізілді (2020 жылы - 35). Нәтижесінде 28 жеке сот орындаушылары атқару өндірістері бойынша заң бұзушылықтарын жібергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2020 жылы – 34, ал 1 ЖСО бойынша Департаментпен 6 ай мерзімге лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы ұсыныс жолданды).

         2021 жылдың 6 айында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығын, яғни жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын орындау мақсатында, Департаментпен жеке сот орындаушыларынан 120 (2020 жылы - 48) есеп қабылданды.

         2021 жылдың 6 айында Департаментпен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткерлерге 2 аттестаттау өткізілді. Оған 15 үміткер қатысып, 9-і оң нәтиже көрсетті. (2020 жылы аттестаттау өткізілген жоқ).

Мемлекеттік сот орындаушылар бойынша:

2021 жылдың 6 айылығының басына 33 067 629 601(2020 жылы – 38 810 318 786) теңгені құрайтын 1 540 (2020 жылы – 2 245) атқару өндірісі қалдыққа өтті.

Ал, 2021 жылдың 6 айында мемлекеттік сот орындаушылар өндірісінде барлығы 38 647 783 883 (2020 жылы – 37 387 524 191) теңгені құрайтын          2 077 (2020 жылы – 2 454) атқару өндірісі болды.

Оның ішінде 540 942 486 (2020 жылы – 2 033 414 043) теңгені құрайтын 662 (2020 жылы – 431) атқару құжаты  барлығы өндіріспен аяқталған.

Мемлекеттік сот орындаушыларымен 118 477 199 (2020 жылы – 524 072 393) теңгені құрайтын 434 (2020 жылы –321) атқару құжаты нақты орындалып, 38 106 841 398 (2020 жылы – 35 354 110 148) теңгені құрайтын           1 415 (2020 жылы – 2 070) атқару құжаты орындауда қалды.

Аяқталған атқарушылық өндiрiстердi жалпы санынан, толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттарды үлесі индикаторы бойынша 89,1%  құрады (2020 жылы – 92,6%).

Атқарушылық іс жүргізулердің орындауындағы жалпы санынан аяқталған атқарушылық жүргізулердің саны – 48,4 % құрады (2020 жылы – 33,4%).

Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде

Жамбыл облысы әділет Департаментінің барлық аумақтық сот орындаушыларымен 2021 жылдың 6 айында ҚР ӘҚБК-нің баптарымен қалалық, аудандық соттарға барлығы 6 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, қарау үшін соттарға жолданған.

Осы көрсеткішті 2020 жылдың 6 айымен салыстыратын болсақ, өткен жылы ҚР ӘҚБтК-нің баптарымен қалалық, аудандық соттарға барлығы 4 әкімшілік құқық бұзушылық туралы құжаттар қарау үшін жолданған.

Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде

Жамбыл облысы Әділет департаментінің қалалық, аудандық аумақтық сот актілерін орындау бөлімдерімен 2021 жылдың 6 айында қылмыстық қудалау органдарына сот шешімін қасақана орындамау фактісі бойынша алдын ала тексеру жүргізу және процессуалдық шешім қабылдау үшін ұсыныс жолданбаған (2020 ж. – 0 ).

Мемлекет  пайдасына атқарушылық  санкция  өндіру  жайлы

Жамбыл облысы әділет Департаментінің аумақтық сот актілерін орындау бөлімдерімен  2021  жылы  6 айында   2 843 908 теңге атқарушылық санкциясы мемлекет пайдасына өндірілген (2020 ж. – 1 837 478 тенге).

Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз шағымдар және сұраулар

2021 жылдың 6 айында Департаментке жеке және заңды тұлғалардан атқару өндірістеріне қатысты, яғни мемлекеттік сот орындаушыларының іс әрекетіне қатысты 24 (2020 ж. – 61) арыз-шағым және сұрау хаттар келіп түсті.

Оның ішінде дәлелдерін тапқандары жоқ, 19-не түсіндірме берілді, 5-уі бойынша өз дәлелін таппағаны есебінен бас тартылды. 

«Бүркіт» бағдарламасы бойынша

«Бүркіт» ақпараттық бірыңғай жүйесіне енгізілген қаулыларды талдау барысында облыс бойынша 2021 жылдың 6 айында барлығы 15 (2020 ж. - 28) борышкерлерге шектеу қойылған.

Тыйым салынған мүлікті сауда-саттық арқылы сату бойынша

Жамбыл облысы әділет Департаментінің сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдермен 2020 және 2021  жылдың 6 айында тыйым салынған мүлік сауда саттыққа шығарылмаған.

Прокурорлық қадағалау

         Есептік кезеңде прокуратура органдарынан орын алған заң бұзушылықты жою және оған жол бергені үшін сот орындаушысының тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарау туралы 6 (2020 ж. – 6) ұсыныс келіп түскен. Барлық ұсыныстар бойынша бұзушылыққа жол берген  қызметкерлер: И.Сатыбалдиева, Г.Байзакова, Б. Серикбаев,  К.Жуманов, Е.Кенбаев, С.Капсаланов, Ғ.Ниетбаев, Кенбаев Е., Құттыбаева З. тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соттармен шығарылған жеке ұйғарымдар бойынша

         2021  жылдың 6 айында  Тараз қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы  Е.Кенбаевқа және Жамбыл аудандық сотынан Жамбыл ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы И.Сатыбалдиеваға қатысты жеке ұйғарым келіп түскен (2020 ж. – 0). Нәтижесінде, И.Сатыбалдиева «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған, ал Е.Кенбаевқа қатысты сотқа түсіндірме хат жолданған.

Қолма қол бақылау шоты бойынша

         2021 жылдың 6 айында 74 756 191 теңге ақшалай қаражат қолма қол бақылау шотына келіп түскен. (2020 жылдың қалдық сомасы 49 327 113 теңге). Жалпы барлығы 120 544 468 теңге қолма қол бақылау шотынан аударылған. Қалдықта 3 538 836 теңге.

 

Дата публикации
07 июля 2021