Жамбыл облысы Әділет департаменті мен Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы арасындағы зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында хабардарлықты арттыру бойынша ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

Осы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум (бұдан әрі – Меморандум) бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын Жамбыл облысы Әділет департаменті (бұдан әрі–Департамент) мен Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі–Палата) арасында, ал жеке алғанда – Тарап арасында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында хабардарлықты арттыру бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында жасалды.

Тараптар кәсіпкерлер мен мүдделі тұлғалар үшін зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғау тетіктерін пайдалану мәселелерін түсіндірудің маңыздылығын бағалай отырып, Қазақстанда зияткерлік меншік саласындағы хабардарлықты арттыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажеттілігі туралы түсінікке келді.

Дата публикации
05 апреля 2021