Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы бойынша 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізілген.

         2021 жылдың 9 айында Жамбыл облысының Әділет департаментімен тауар белгілерін пайдалануға қатысты заң талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізілген жоқ.

         Құқықтық түсіндіру жұмыстары

         Қоғамда контрафактілік өнімдерге және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы қатынасын қалыптастыру мақсатында халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

         Есепті кезеңде облыс бойынша 39 семинар, 22 «дөңгелек үстел» өткізіліп, 35 дәрістер оқылды.

         Сондай ақ, бұқаралық ақпараттар құралдарында атқарылған жұмыстың оң нәтижесін көрсету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық (аудандық, қалалық) баспасөз беттерінде 10 мақала жарияланды, облыстық телеарнадан 8 көрсетілім ұйымдастырылды.

Дата публикации
12 октября 2021