Жамбыл облысы әділет департаментімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуда іс - шаралар ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптары және Әділет департаментінің 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жоспары негізінде іске асырылуда.
Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілгені үшін, тәртіптік, әкімшлік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері тіркелмеген.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуда 9 семинар кеңес, «Нұр Отан» партиясы, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен 1 дөңгелек үстел ұйымдастырылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 11 мақала жарияланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол беру фактілерін анықтау үшін, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасымен салыстыру жүргізілді.