Әдеп уәкілінің 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы жөніндегі ақпарат

Департамент басшысымен жыл сайын Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспары бекітіліп, осы Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 9 айында Әдеп уәкілімен, бөлімдерімен, ауданаралық әділет басқармаларының, қалалық/ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерімен Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 20 дәріс оқылып (2020ж.-14), 63 семинар-кеңес (2020ж.-42), 2 дөнгелек үстел (2020ж.-0) ұйымдастырылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 26 мақала жарық көріп (2020ж.-14), 6 радиодан түсіндірме сөз сөйленді (2020ж.-13), Әдеп жөніндегі уәкілімен 34 азамат қабылданды.

Сонымен қатар, қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің талаптарын орындалуына үнемі сауалнамалар алынуда 149 (2020ж.-109).

Дата публикации
11 октября 2021