Тіркеу саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің 2021 жылдың 9 айында өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырмалы түрде жасалған талдау

Барлығы  2021 жылдың 9 айында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы 2463 өтініш түсіп, оның 178 бойынша бас тартылып, 215 құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеуден, заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер 2070 құжат бойынша тіркеу әрекеттері жүргізілді.

2020 жылдың осы кезеңінде өтініш 265 тіркеліп, 57 құжат бойынша бас тартылып, 21 құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген.

Тіркеуден, қайта тіркеуден бас тартуға негіз болған ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес болмауы, тоқтамдар болуы және т.б.

2021 жылы тіркеуге, қайта тіркеуге ұсынылған құжаттар санының көбеюі, білім мекемелерін қала, аудандық білім бөлімдерінен облыстық  білім басқармасының бағыныстылығына беруіне байланысты және елімізде орын алған эпидемиялық ахуал болған.

2021 жылдың 9 айында және 2020 жылдың 9 айында заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша ҚР ӘҚБК-нің 466 бабымен қозғалған әкімшілік істер болмаған.

Тіркеу үшін төленген алым сомасы 2021 жылдың 9 айында  - 3 526 166,5 теңгені құраған, 2020 жылдың осы кезеңінде ол – 1 761 438 теңге болған.

2020, 2021 жылдары тіркеу мерзімін бұзылуы фактілері орын алмаған. Тіркеу органының іс әрекетіне шағымдар болмаған.

Осы есепті кезеңде мемлекеттік мекемелерден келіп түскен сұраныс хаттар саны – 1642 құраса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштер саны – 837 құрады.

Өткен жылдың тақылеттес кезеңінде мемлекеттік мекемелерден түскен хаттар саны – 715 құраса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштер саны – 432 құрады.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың 2 тоқсанына арналған жұмыс жоспарының 5 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы Әділет департаментінің барлық ауданаралық Әділет басқармаларымен 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың мамыр айына дейін заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу жұмыстарына тексеру жұмыстары жіргізілген.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы Әділет департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Тіркеу және жер кадастры бойынша аудандық бөлімдерінде тәжірибелік көмек көрсетумен, 2019 жылдың тамызынан 2021 жылдың маусым айына дейін атқарылған жұмыстарына тексеру жүргізілді.

Барлық жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тиісті анықтамалар жазылып, кемшіліктерге жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу  саласы бойынша

         2021 жылдың 9 айында – 37878 азаматтық хал актілері тіркелген, оның ішінде: туу - 22956, өлім – 8133, неке қию- 5704, неке бұзу - 753, атын, тегін ауыстыру – 332.

2020 жылдың осы кезеңінде – 35138 хал актілері тіркелге, оның ішінде, туу - 21182, өлім -6956, неке қию – 5068, неке бұзу – 936, әкелікті тану-737, бала асырап алу – 35, тегін өзгерту – 224.

         2021 жылдың 9 айында ҚР Әділет органдарының және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға «апостиль» қою мемлекеттік қызмет түрі бойынша 4614 өтініш келіп түскен, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан 4587 құжат келді, 137 құжаттарды орындаудан бас тартылған. Орындаудан бас тарту себептердің бірі апостиль қоюға ұсынылған құжаттарда мөр бедерлемелерінің анық көрінбеуі, құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі, яғни төменде көрсетілген қолданыстағы заңнамалардың талаптарын ұстанбауы.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Ережесінің 7 тармағына сәйкес, құжаттар А4 (2010х297 миллиметр (бұдан әрі – мм), А5 (148х210мм) форматындағы таза ақ қағаз парақтарында жасалады және жиектері кемінде:

       1) сол жағынан – 20 мм;

       2) оң жағынан – 10 мм;

       3) жоғары жағынан – 10 мм;

            4) төменгі жағынан – 10 мм болуы тиіс.

ҚР Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы №67 бұйрығымен бекітілген, «ҚР мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы Бірынғай қағиданы бекіту туралы» Ережесінің 9 тармағына сәйкес, апостильдi қою үшiн ұсынылатын құжаттар анық және нақты жазылуға, лауазымды адамдардың қолдары және мөрлердiң бедерi анық болуға тиiс. 

Сондай-ақ, ХҚКО мамандарының дұрыс қабылдамауы, басқа мемлекеттік органның құжаттарын қабылдауы және өтініш берушілердің қол таңбаларының болмауы.

Сондай-ақ, ресми құжаттарға апостиль қою үшін «Е-апостиль» электрондық жүйесі арқылы өтініштер қабылданады, яғни, 2021 жылдың 9 айында электронды 27 өтініш келіп түсті, 10 орындалып, 17 өтініш орындаусыз қайтарылды, оның себебі азаматтардың электронды түрде құжаттарды дұрыс ұсынбауы және бір құжатқа арналған өтінішті бірнеше рет жолдауы.

2021 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелерінің сұраныстары бойынша 49 құжат апостильденген.

Негізі апостильденген құжаттардың ішінде ең көбі  Түркия, Корея,  Германия, АҚШ мемлекеттеріне шығу үшін ұсынылды. Басқа шет мемлекеттердің саны жалпы санның ішінде үлесі аз.

           Мемлекеттік мекеменің кінәсімен мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет болған жоқ.

          Күнделікті, ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы өтінімдердің орындалуы тексеріледі.

 

        Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша

 

        2021 жылдың 9 айында ҚР ӘҚБК-нің 460 бабымен - 250 әкімшілік іс қозғалып, қаралған. Барлығы 268775 теңге көлемінде, айыппұлдар салынып, толығымен өндірілген.

        7 ақпан 2021  жылдан бастап ҚР ӘҚБК-нің 460 бабы күші жойылуына байланысты, казіргі таңда 460 баппен әкімшілік істер қозғалмайтын болған.

Дата публикации
06 октября 2021