Тіркеу саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің 2021 жылдың 3 тоқсанында және 2020 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы салыстырмалы ақпараты

Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша

Барлығы  2021 жылдың 3 тоқсанында 229 өтініш түсіп, оның – 130 тіркеліп, 71 бойынша бас тартылып, 28 құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген.

2020 жылдың осы кезеңінде 82 өтініш түсіп, оның – 59 тіркеліп, 12 құжат бойынша бас тартылып, 11 құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген.

Тіркеуден, қайта тіркеуден бас тартуға негіз болған ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес болмауы, тоқтамдар болуы және с.с.

2021 жылы тіркеуге, қайта тіркеуге ұсынылған құжаттар санының көбеюі, білім мекемелерін қала.аудандық білім бөлімдерінен облыстық  білім басқармасының бағыныстылығына беруіне байланысты.

2021 жылдың 3 тоқсанында және 2020 жылдың 3 тоқсанында заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша ҚР ӘҚБК-нің 466 бабымен қозғалған әкімшілік істер болмаған.

Тіркеу үшін төленген алым сомасы  2021 жылдың 3 тоқсанында - 583 418 теңгені құраған, 2020 жылдың осы кезеңінде ол – 580 612 теңге болған.

Тіркеу мерзімін бұзылуы орын алмаған. Тіркеу органының іс әрекетіне шағымдар болмаған.

Азаматтық хал актілерін тіркеу  саласы бойынша

2021 жылдың 3 тоқсанында  – 14418 азаматтық хал актілері тіркелген, оның ішінде: туу - 8319, өлім – 3713, неке қию- 2005, неке бұзу - 274, атын, тегін ауыстыру –107, 2020 жылдың осы кезеңінде  – 13792 азаматтық хал актілері тіркелген, оның ішінде: туу - 7824, өлім – 3374, неке қию- 2260, неке бұзу - 243, атын, тегін ауыстыру – 91, әке тану-0, бала асырап алу-0.     Заңнамадағы өгерістерге байланысты, әкелікті тану, бала асырап алу казіргі уақытта АХАТ бөлімдерінде тіркелмейді.   

         2021 жылдың 3 тоқсанында ҚР Әділет органдарының және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға «апостиль» қою мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1540 құжат апостильденген.

         Аталған қызмет түрі бойынша мемлекеттік баж сомасы 2246860 тг құрайды.

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдердің бұзылуы болмаған.

        Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша

        7 ақпан 2021  жылдан бастап ҚР ӘҚБК-нің 460 бабы күші жойылуына байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалмаған.

Дата публикации
04 октября 2021