Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша
Барлығы 2021 жылдың 1 жартыжылдығында өтініш 1841 тіркеліп, 107 бойынша бас тартылып, 187 құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген.
2020 жылдың осы кезеңінде өтініш 183 тіркеліп, 45 құжат бойынша бас тартылып, 10 құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген.
Тіркеуден, қайта тіркеуден бас тартуға негіз болған ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес болмауы, тоқтамдар болуы және с.с.
2021 жылы тіркеуге, қайта тіркеуге ұсынылған құжаттар санының көбеюі, білім мекемелерін қала,аудандық білім бөлімдерінен облыстық білім басқармасының бағыныстылығына беруіне байланысты болған.
2021 жылдың 1 жартыжылдығында және 2020 жылдың 1 жартыжылдығында заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша ҚР ӘҚБК-нің 466 бабымен қозғалған әкімшілік істер болмаған.
Тіркеу үшін төленген алым сомасы 2021 жылдың 1 жартыжылдығында -29014827 теңгені құраған, 2020 жылдың осы кезеңінде ол – 1200106 теңге болған.
2020, 2021 жылы тіркеу мерзімін бұзылуы орын алмаған. Тіркеу органының іс әрекетіне шағымдар болмаған.
Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша
2021 жылдың 1 жартыжылдығында – 21316 азаматтық хал актілері тіркелген, оның ішінде: туу - 14422, өлім – 4146, неке қию- 2191, неке бұзу - 337, атын, тегін ауыстыру – 220.Заңнамадағы өгерістерге байланысты, 2021 жылдан бастап әкелікті тану, бала асырап алу казіргі уақытта АХАТ бөлімдерінде тіркелмейді.
2020 жылдың осы кезеңінде – 21225 хал актілері тіркелге, оның ішінде, туу - 13280, өлім -3560, неке қию – 2785, неке бұзу – 695, әкелікті тану-737, бала асырап алу – 35, тегін өзгерту – 133.
2021 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік баж сомасы – 22148702,2 теңге, 2020 жылы бұл көрсеткіш -15518035,3 теңге болған.
2021 жылдың 1 жартыжылдығында 2937 құжат апостильден өткізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдердің бұзылуы болмаған.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша
2021 жылдың 1 жартыжылдығында ҚР ӘҚБК-нің 460 бабымен - 250 әкімшілік іс қозғалып, қаралған. Барлығы 268 775 теңге көлемінде, айыппұлдар салынып, толығымен өндірілген.
7 ақпан 2021 жылдан бастап ҚР ӘҚБК-нің 460 бабы күші жойылуына байланысты, казіргі таңда 460 б. әкімшілік істер қозғалмайтын болған.