Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша
Барлығы 2021 жылдың 2 тоқсанында 1094 өтініш түсіп, оның - 919 тіркеліп, 71 бойынша бас тартылып, 104 құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген.
2020 жылдың осы кезеңінде 44 өтініш түсіп, оның – 26 тіркеліп, 13 құжат бойынша бас тартылып, 5 құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген.
Тіркеуден, қайта тіркеуден бас тартуға негіз болған ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес болмауы, тоқтамдар болуы және с.с.
2021 жылы тіркеуге, қайта тіркеуге ұсынылған құжаттар санының көбеюі, білім мекемелерін қала.аудандық білім бөлімдерінен облыстық білім басқармасының бағыныстылығына беруіне байланысты.
2021 жылдың 2 тоқсанында және 2020 жылдың 2 тоқсанында заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша ҚР ӘҚБК-нің 466 бабымен қозғалған әкімшілік істер болмаған.
Тіркеу үшін төленген алым сомасы 2021 жылдың 2 тоқсанында - 2 904 827 теңгені құраған, 2020 жылдың осы кезеңінде ол – 1 200 106 теңге болған.
Тіркеу мерзімін бұзылуы орын алмаған. Тіркеу органының іс әрекетіне шағымдар болмаған.
Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша 2 тоқсан
2021 жылдың 2 тоқсанында – 12074 азаматтық хал актілері тіркелген, оның ішінде: туу - 7702, өлім – 2257, неке қию- 1780, неке бұзу - 218, атын, тегін ауыстыру –117, 2020 жылдың осы кезеңінде – 10173 азаматтық хал актілері тіркелген, оның ішінде: туу - 7245, өлім – 1763, неке қию- 910, неке бұзу - 129, атын, тегін ауыстыру – 31, әке тану-87, бала асырап алу-8. Заңнамадағы өгерістерге байланысты, әкелікті тану, бала асырап алу казіргі уақытта АХАТ бөлімдерінде тіркелмейді.
2021 жылдың 2 тоқсанында ҚР Әділет органдарының және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға «апостиль» қою мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1314 құжат апостильденген.
Аталған қызмет түрі бойынша мемлекеттік баж сомасы 1917126 тг құрайды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдердің бұзылуы болмаған.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша
7 ақпан 2021 жылдан бастап ҚР ӘҚБК-нің 460 бабы күші жойылуына байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалмаған.