Заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша
Барлығы 2021 жылдың 1 тоқсанында 866 өтініш түсіп, оның – 747 тіркеліп, 36 бойынша бас тартылып, 83 құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген.
2020 жылдың осы кезеңінде 176 өтініш түсіп, оның – 139 тіркеліп, 32 құжат бойынша бас тартылып, 5 құжат бойынша тіркеу мерзімі үзілген.
Тіркеуден, қайта тіркеуден бас тартуға негіз болған ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес болмауы, тоқтамдар болуы және с.с.
2021 жылы тіркеуге, қайта тіркеуге ұсынылған құжаттар санының көбеюі, білім мекемелерін қала.аудандық білім бөлімдерінен облыстық білім басқармасының бағыныстылығына беруіне байланысты.
2021 жылдың 1 тоқсанында және 2020 жылдың 1 тоқсанында заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша ҚР ӘҚБК-нің 466 бабымен қозғалған әкімшілік істер болмаған.
Тіркеу үшін төленген алым сомасы 2021 жылдың 1 тоқсанында -1 641 757 теңгені құраған, 2020 жылдың осы кезеңінде ол – 543 469 теңге болған.
2019, 2020 жылы тіркеу мерзімін бұзылуы орын алмаған. Тіркеу органының іс әрекетіне шағымдар болмаған.
Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша
2021 жылдың 1 тоқсанында – 11273 азаматтық хал актілері тіркелген, оның ішінде: туу - 6824, өлім – 2166, неке қию- 1918, неке бұзу - 261, , атын, тегін ауыстыру – 104.Заңнамадағы өгерістерге байланысты, 2021 жылдан бастап әкелікті тану, бала асырап алу казіргі уақытта АХАТ бөлімдерінде тіркелмейді.
2020 жылдың осы кезеңінде –11120 хал актілері тіркелге, оның ішінде, туу - 5900, өлім -1765, неке қию – 1859, неке бұзу – 552, әкелікті тану-632, бала асырап алу – 26, тегін өзгерту – 100.
2021 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік баж сомасы – 10 995 239,05 теңге, 2020 жылы бұл көрсеткіш -7 942 855 теңге болған.
2021 жылдың 1 тоқсанында 1623 құжат апостильден өткізілді, 2020 жылдың осы кезеңінде – 1694 құжат болды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдердің бұзылуы болмаған.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша
2021 жылдың 1 тоқсанында ҚР ӘҚБК-нің 460 бабымен - 250 әкімшілік іс қозғалып, қаралған. Барлығы 268775 теңге көлемінде, айыппұлдар салынып, толығымен өндірілген.
7 ақпан 2021 жылдан бастап ҚР ӘҚБК-нің 460 бабы күші жойылуына байланысты, әкімшілік істер қозғалмайтын болған.