Зияткерлік меншік құқығы бөлімі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

    Жамбыл облысы Әділет департаментінің  (әрі қарай – Департамент) зияткерлік меншік құқығы бөлімі (әрі қарай - бөлім) құрылымдық бөлім болып табылады.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бұйрықтарын, департамент туралы ережені, департамент басшысының бұйрықтарын және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады;  

Бөлімнің құрылымы мен штат саны ҚР Әділет министрлігімен  бекітіледі.

Бөлімнің жұмысы департаменттің басқа да құрылымдық және аумақтық бөлімдерімен тығыз қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.

Бөлімнің құрамы: бөлім басшысы  – 1 бірлік, бас маман – 1 бірлік.

Положение отдела по правам интеллектуальной собственности
Дата публикации
01 февраля 2021