Жамбыл облысы Әділет департаментінің (әрі қарай – Департамент) коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау (әрі қарай - бөлім) құрылымдық бөлім болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бұйрықтарын, департамент туралы ережені, департамент басшысының бұйрықтары және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады;
Бөлімнің құрылымы мен штат саны ҚР Әділет министрлігімен бекітіледі.
Бөлімнің жұмысы департаменттің басқа да құрылымдық және аумақтық бөлімдерімен тығыз қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.
Бөлімнің құрамы: бөлім басшысы – 1 бірлік, бас мамандар 6 бірлік.