Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі туралы ереже

  1. I. Жалпы ережелер

Жамбыл облысы Әділет департаментінің  (әрі қарай – Департамент) сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі (әрі қарай - бөлім) құрылымдық бөлім болып табылады.

 Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бұйрықтарын, департамент туралы ережені, департамент басшысының бұйрықтарын және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады;  

Бөлімнің құрылымы мен штат саны ҚР Әділет  министрлігімен  бекітіледі.

Бөлімнің жұмысы департаменттің басқа да құрылымдық және аумақтық бөлімдерімен тығыз қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.

Бөлімнің құрамы: бөлім басшысы  – 1 бірлік, бас мамандар – 4 бірлік, жетекші маман – 1 бірлік.

Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже
Дата публикации
01 февраля 2021