"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 69 бұйрығына
1-қосымша

 

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
  2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  3. "Бір өтініш" қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны.

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұдан әрі - аттестация) күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

       - жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші лицензия алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және орындауға береді.

        Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.

      Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;

       2) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер анықталғанда.

  1. Қайтару үшін негіздер болмаған жағдайда құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттерінің жанынан құрылатын Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына беріледі.

       Аттестаттауды өткізу кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысының хаттамасы жүргізіледі.

  1. Аттестаттаудан өту кезінде анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қағаз, электрондық тасығыштағы қандай да бір жазбаларды пайдалануға жол берілмейді.

      Көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан шеттетіледі, бұл туралы Комиссия отырысының хаттамасында тиісті жазба жасалады.

      Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы Комиссия шешім шығарған күннен бастап үш ай өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіпте қайта өтініш беруге құқылы.

  1. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу;

      2) білімді ауызша әңгімелесу түрінде тексеру.

      Көрсетілетін қызметті алушы өз таңдауы бойынша аттестаттауды қазақ немесе орыс тілінде тапсырады.

      Аттестаттаудың сұрақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қалыптастырады.

      Тестілеуге бөлінген уақыт тоқсан минут.

  1. Тест тапсыру үшін сұрақтардың жалпы саны 100.

      Егер сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың саны 70 және одан көп болса, көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өткен болып саналады және екінші кезеңге жіберіледі.

      Тестілеуді тапсыру нәтижелері екі данада басып шығарылады және тестілеу аяқталғаннан кейін жеке қол қою арқылы көрсетілетін қызметті алушыға танысу үшін ұсынылады. Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, екіншісі Комиссияға беріледі.

      Ауызша әңгімелесу кезінде, Комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушыға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін оларды білуі қажет құқықтық пәндер тақырыбына қатысты кемінде үш сұрақ қояды.

  1. Аттестаттаудың қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері көпшілік дауспен тиісті шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді.

      Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және бір жұмыс күні ішінде Комиссия хаттамасымен ресімделеді.

      Комиссия мүшелері дауыс беруден қалыс қалмайды. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Комиссия мүшесі еркін жазбаша нысанда ерекше пікірін білдіреді, ол да Комиссия шешім шығарған кезде ескеріледі.

      Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы Комиссияның шешімі негізінде бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

 

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

  1. Көрсетілетін қызметті алушы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы бір өтінішті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында жолдайды.

      Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім "Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін одан әрі көрсету үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберіледі.

      "Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидалардың және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының талаптары ескеріліп көрсетіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
  2. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органды және/немесе "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы хабардар етеді.

 

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Әділет министрлігіне келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

 

"Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
1-қосымша

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт)

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары көрсетеді.

 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.

 

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттар қабылдайтын біткен күннен бастап 10 жұмыс күн.

 

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны

Электрондық.

 

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім.

 

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем

Алынбайды.

 

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
өтінімдерді қабылдау - 9.00-ден 17.30-ға дейін.
 2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту туралы өтініші.

 

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
 2) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер анықталғанда.

 

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсы - www.adilet.gov.kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында көрсетілген, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініш жолдайды.

 

 

 

 

 

 

"Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
2-қосымша

 

Нысан

         

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау үшін өтініш

       _______________________________________________________________________________

       Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды

       аттестаттау жөніндегі комиссия төрағасына

      ________________________________________________________________________________

       (жеке тұлғаның, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),

      тегi), жеке сәйкестендіру нөмірі)

  1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға мені жіберуді сураймын

      1) Дипломы туралы мәліметтер:

  1. Жоғары оқу орнының атауы _________________________
  2. Мамандық шифрі _______________________
  3. Дипломның нөмірі_______________________
  4. Дипломның берілген күні ____________________________

       2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау немесе

      тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:

      Сериясы және нөмірі ___________________________________________

      3) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

  1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні _____________
  2. ________________ облысының/қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы
  3. Тағылымдаманың жетекшісі____________________________________
  4. Тағылымдаманың басталу күні____________________________________
  5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________

       Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, мекенжайы _______________________, электрондық

      поштасы _____________, байланыс телефоны__________________

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыс болып табылатындығы және аттестаттауға жіберілгені немесе одан бас тарту мәселелері бойынша, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;

      осы өтініште көрсетілген барлық деректер шынайы, ұсынған деректер үшін жеке жауапты болатыны;

      өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;

      денсаулық сақтау ұйымдарына "Наркологиялық науқастар тізімі" және "Психикалық науқастар тізімінен" диспансерлік есепте тұрғандығы туралы анықтама алу үшін электронды түрде сұрау салуға және нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушіге беруге келісетіні расталады.

       ______________________________________________

       (ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________

 

 

"Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру туралы өтініш

       _______________________________________________________________________________

       Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды

       аттестаттау жөніндегі комиссия төрағасына

      ________________________________________________________________________________

       (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

  1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға мені жіберуді сураймын

      1) Дипломы туралы мәліметтер:

  1. Жоғары оқу орнының атауы _________________________
  2. Мамандық шифрі _______________________
  3. Дипломның нөмірі_______________________
  4. Дипломның берілген күні ____________________________

       2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау немесе

      тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:

      Сериясы және нөмірі ___________________________________________

      3) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

  1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні _____________
  2. ________________ облысының/қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы
  3. Тағылымдаманың жетекшісі____________________________________
  4. Тағылымдаманың басталу күні____________________________________
  5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________

      4) Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ______________

  1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беруді сұраймын.

       Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, мекенжайы _______________________, электрондық

      поштасы _____________, байланыс телефоны__________________

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыс болып табылатындығы және аттестаттауға жіберілгені немесе одан бас тарту мәселелері бойынша, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;

      осы өтініште көрсетілген барлық деректер шынайы, ұсынған деректер үшін жеке жауапты болатыны;

      өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;

      денсаулық сақтау ұйымдарына "Наркологиялық науқастар тізімі" және "Психикалық науқастар тізімінен" диспансерлік есепте тұрғандығы туралы анықтама алу үшін электронды түрде сұрау салуға және нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушіге беруге келісетіні расталады.

       ______________________________________________

       (ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________

 

 

"Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ________________ Әділет департаментінің Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттау комиссиясының отырысының хаттамасы

       Төрағағалық етуші:

      Комиссия мүшелері:

      Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттау комиссиясы өтті, оның нәтижесі бойынша шешім қабылданды:

  1. Аттестаттаудан өтті: ______________________
  2. Аттестаттаудан өтпеді: ___________________
  3. Аттестаттауға келмеді: ___________________

       Комиссияның төрағасы _______________________

       (қолы, лауазымы, тегі)

       Комиссия мүшелері _______________________

       (қолы, лауазымы, тегі)

       Хатшы                  _______________________

       (қолы, лауазымы, тегі)

      20___ жылғы "__" ___________

Дата публикации
01 февраля 2021