Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 69 Бұйрығына
3-қосымша
"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Бірыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;
4) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.;
5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы);
3) портал арқылы жолдайды.
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - АІЖ ОААЖ) тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;
3) мемлекеттік сот орындаушысы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырады, олар барынша қысқа мерзім ішінде көрсетілетін қызметті берушіге беріледі;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды АІЖ ОААЖ-да тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;
3) мемлекеттік сот орындаушы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды АІЖ ОААЖ-да тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;
3) мемлекеттік сот орындаушы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы мәліметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
|
|
"Өндіріп алушының өтініші |
|||
|
"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті атқарушылық әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары көрсетеді. |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
3 (үш) жұмыс күні. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны |
Қағаз/электрондық түрде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулысы. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде алынатын төлем |
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі |
- Қағидаларға 2, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының денсаулығында оның тыныс-тіршілігін шектейтін кенәраты болған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
"Өндіріп алушының өтініші |
|||
|
|
Нысан |
|||
Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және БСН / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) және ЖСН)
Осы өтінішке қоса берілетін атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғауды сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан жерінің
мекенжайы ________________________________________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_________________________________________________________________________.
көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта________________________________________________________.
Телефондары _____________________________________________________________.
Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға атқарушылық құжатты орындау мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
қоса берілетін барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және дәйекті болып табылатыны расталады.
__________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса))
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20 __ жылғы " __" __ (қолы)
Заңды тұлғалар үшін мөр орны (бар болса)
Толтырылған күні: 20 __ жылғы "___" ____
|
|
"Өндіріп алушының өтініші |
|
|
Нысан |
Атқарушылық құжатты жазып беру және мәжбүрлеп орындауға жолдау және атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және БСН / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) және ЖСН
Осы өтінішке қоса берілетін атқарушылық құжат негізінде атқарушылық құжатты жазып беруді және/немесе мәжбүрлеп орындауға жолдауды және атқарушылық іс жүргізуді қозғауды сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді
мекен,_______________________________________.көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта________________________________________________________.
Телефондары _____________________________________________________________.
Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға атқарушылық құжатты орындау мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
қоса берілетін барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және дәйекті болып табылатыны расталады.
__________________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса))
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін
______ 20 __ жылғы " __" _______ (қолы)
Заңды тұлғалар үшін мөр орны (бар болса)
Толтырылған күні: 20 __ жылғы "___" ____
|
|
"Өндіріп алушының өтініші |
|
|
Нысан |
_____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не ұйымының атауы) _____________________________________ (көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын, 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, Сіз құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ….
және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
(көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері) Т.А.Ә. (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. (бар болса) _______________________
Телефон _________________
Алды: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)/қолы
20__ жылғы "___" _________