Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәжбүрлеп орындату

Атқарушылық іс жүргізу-борышкерден атқарушылық санкцияны, өсімпұлды, атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындауға бағытталған шаралар.

Атқарушылық іс жүргізудің міндеттері Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдері, ұйғарымдары, ұйғарымдары мен қаулылары, қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулылар негізінде, мүліктік жазалар бөлігінде берілетін атқарушылық құжаттарды, сондай-ақ Заңға сәйкес өзге де органдардың қаулылары негізінде мәжбүрлеп орындауға бағытталған шараларды міндетті және уақтылы қабылдау болып табылады.

Бүгінгі күні сот актілерін орындауды жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының мүшелігіне кіретін жеке сот орындаушылары жүзеге асырады, олардың саны республиканың барлық аудандарында орналасқан 2 112 бірлікті құрайды.

Олардың құзыретіне өндіріп алу сомасы мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттен және мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы құжаттарды қоспағанда, барлық атқарушылық құжаттарды орындау кіреді.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жанынан кәсіптік оқыту, оның ішінде қашықтықтан, жеке сот орындаушылары мен олардың көмекшілерін оқыту бойынша оқу орталықтары жұмыс істейді.

Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды Әділет министрлігі, аумақтық әділет органдары, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және оның филиалдары жүзеге асырады.

Документы
Ереже
13 сентября 2024
Жамбыл облысының Әділет департаменті
Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Шу ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы туралы ереже
Ереже
13 сентября 2024
Жамбыл облысының Әділет департаменті
Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Талас ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы туралы ереже
Ереже
13 сентября 2024
Жамбыл облысының Әділет департаменті
Жамбыл облысы Әділет департаментінің «Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы туралы ереже
Новости
Полезные материалы
Жеке сот орындаушы лицензиясын қалай алуға болады?
Цифрлық бақылау
Робот сот орындаушысының пайдасы
Медиагалерея
0
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
События
22 января
Атестаттау өткізуге өтініштер қабылдау туралы хабарлындыру
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Жамбыл облысының Әділет департаменті
Жамбыл облысының Әділет департаментінің Тараз қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі
Жамбыл облысының Әділет департаментінің Талас ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін Заңнамамен қандай талаптар қойылған?

Жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болуға құқығы бар.

Жеке сот орындаушысының орындауына қандай атқарушылық құжаттар қабылданады

Жеке сот орындаушысы орындауға:

1) мемлекеттен өндіріп алу;

2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке және олармен үлестес заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғадан өндіріп алу;

3) табиғи монополиялар субъектілерінен өндіріп алу;

4) өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу;

5) мүлікті тәркілеу не мүлікті мемлекетке беру туралы;

6) мемлекет мүддесіне жүргізілетін үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, осы Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңында көзделген барлық атқарушылық құжаттарды қабылдайды.

Жеке сот орындаушылары атқарушылық іс әрекеттер жасау үшін белгілі бір аумағы болама?

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңына сәйкес, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағымен тұспа-тұс келетін, жеке сот орындаушысы қызмет ететін аумақ атқару округі болып табылады. Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді өзінің жұмыс орнынан тыс, атқару округінің шегінен тыс жерде жүзеге асырған кезде ол бұл жөнінде атқарушылық әрекеттерді жасаған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасын хабардар етеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы