Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Адвокаттардың, нотариустардың және заң консультанттардың қызметі

Адвокаттық қызмет

Адвокаттық қызмет – адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті және заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа ретте, адвокаттың құқықтары шектелуге жатпайды. Заңды адвокаттық қызметке араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді. Адвокат шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға осындай көмек көрсету нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасауға міндетті. Адвокаттық құпияны адвокатқа өтініш жасау фактiсi, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да тұлғалармен ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiнде қабылданатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.

 

Нотариаттық қызмет

Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады.

Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы. Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды адамдар жасай алады.

Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы, тәуелсіздігі, бейтараптылығы, құпиялылығы қағидаттарына негізделеді. Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушыларының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

 

Заң консультанттарының қызметі

Жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға заң консультанты болып табылады. Заң консультанты заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде өзі дербес көрсете алады.

Заң консультанты көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып отырған кез келген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда көрсетуге құқылы. Заң консультанты өзіне өтініш жасаған тұлғамен өзінің атынан заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт жасасады. Заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін заң консультанты заң көмегін көрсеткен жағдайда, клиентке заң көмегін көрсету туралы жазбаша шартты заңды тұлға жасасады. Заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде елу заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады.

 

Документы
Тізбе
25 декабря 2025
2026 жылға арналған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын ниет білдірген Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарының тізімі.
Тізбе
25 декабря 2025
2026 жылға арналған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімі.
Құжат
23 февраля 2024
Жамбыл облысының Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
Құқықтық мәдениетті қалыптастрыу және құқық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты тұрғындармен жүргізілетін САУАЛНАМА
Новости
Полезные материалы
2026 жылға арналған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімі.
2026 жылға арналған мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын ниет білдірген Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарының тізімі.
Адвокаттардың, нотариустардың және заң консультанттардың қызметі
Медиагалерея
0
Жамбыл облысы Заң консультанттары палатасының заң консультанты Г.Т.Кудабаеваның «Интернет алаяқтық» тақырыбында сөз сөйлеуі
0
Заң консультант Ерханова Токжан Кездикбаевнаның «Алаяқтық қылмыстардың алдын алу» тақырыбында сөз сөйлеуі
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Жамбыл облысының Әділет департаменті
Жамбыл облысының Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Адвокаттық құпия дегеніміз не?

Адвокаттық құпияны адвокатқа өтініш жасау фактiсi, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да тұлғалармен ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiнде қабылданатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.

Адвокаттық құпияға жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келiсуiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.

Адвокаттар, олардың көмекшілері, тағылымдамадан өтушілері, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің жұмыскерлерi адвокаттық құпияны сақтау, оның ішінде оны санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

Адвокаттық құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін не қажет?

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін келесілер қажет:

  1. «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы (kz, www.elicense.kz) лицензия алу үшін құжаттарды жолдау;
  2. Өтініш пен мәліметтер нысанын толтыру (арыз берушінің жеке басына қатысты деректер, диплом, тағылымдамадан өту туралы мәліметтер);
  3. Лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (6 АЕК, 2020 жылы – 16668 теңгені құрайды);
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер,
    судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың нөмірі, қабылданған күні, судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні, босату негізі (Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар үшін);
  5. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес атқаратын лауазымынан босату себебін қамтитын прокуратура немесе тергеу органдарында жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (теріс себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін талап етіледі).

 

  • Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады, яғни бұл құжаттарды тапсыру талап етілмейді.
  • Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны беру мерзімі – 15 жұмыс күні.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі дегеніміз не және оны алуға кім құқылы?

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бюджет қаражаты есебінен "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңда және ҚР заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен оны алуға құқығы бар адамдарға көрсетіледі.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі алуға құқығы бар тұлғалар:

Барлық жеке және заңды тұлғалар мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық ақпарат түрінде тегін алуға құқылы.

І. Азаматтық істер бойынша:

1) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;

2) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшы мен жауапкерлер;

4) заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;

ІІ. Қылмыстық істер бойынша:

1) қорғалуға құқығы бар куә, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелетке толмағандар болып табылатын немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілер;

III. Әкімшілік істер бойынша:

1) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға;

IV. Алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы