23.10.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қаратал ауданының жеке нотариустарының қатысуымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында нотариаттық қызметті жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарын сақтау, күмәнді операциялардың алдын алу, құжаттарды тиісінше рәсімдеу және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.
23.10.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық және экономика факультетінің Заң клиникасында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.
Акция аясында білім алушылар мен азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер беріліп, заңнама нормалары түсіндірілді.
23.10.2026 жылы 25 қазан – Республика күніне орай Жетісу облысы Әділет департаментінде салтанатты жиын өтті.
Департамент басшысы Бексұлтан Жандос Елмұратұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұжымды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Ескендирова Гүлнар Ақылбекқызы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметпен зейнет демалысына шығарып салынды.
Жиын барысында бірқатар қызметкерге марапаттар табысталды. Сонымен қатар Талдықорған қаласы әкімдігінің атынан Исаева Жанна Болатқызы Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұдан бөлек, Adilet Quiz интеллектуалдық ойынының жүлдегерлері марапатталды.
22.10.2026 жылы Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен Бірыңғай цифрлық платформаны енгізудің екінші кезеңін іске асыру мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинар барысында Жетісу облысындағы жергілікті телеарнаны, радиостанцияны, филармонияны, театрлар мен кинотеатрларды платформаға қосу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды.
22.10.2026 года 25 қазан – Республика күні мен ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Жетісу облысының Әділет департаментінде бөлімдер арасында «Adilet Quiz» интеллектуалды ойыны өткізілді.
Ойынға алты қызметкер қатысып, үш турда білімдері мен тапқырлықтарын сынады.
Іс-шараның мақсаты – ел тарихын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және қызметкерлердің зияткерлік әлеуетін дамыту.
22.10.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында «Адал азамат» – мемлекеттік қызметшілер мен қоғамның жаңа идеалы» тақырыбында Жетісу облысының Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Аубакиров Елтай Нүсіпбекұлы «Жетісу» радиосына сұхбат берді.
Сұхбат барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі, қоғам алдындағы жауапкершілігі және адал азаматтың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды.
21.10.2026 жылы «Таза Қазақстан» қағидатын ілгерілету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде экосабақ өткізілді.
Сабақ барысында елдегі экологиялық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениет деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
Экосабақты Жетісу облысының Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің басшысы Жанат Туменбаев өткізді.
Заң мен тәртіп қағидаттарын ілгерілету мақсатында 25 қазан – Республика күніне және Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Тәуелсіздікке 35 жыл: ел тарихы, еңбек жолы» тақырыбында Жетісу облысы Әділет департаментінің ардагер қызметкері Ешенов Айдархан Ешенұлымен сұхбат өтті.
22.09.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысының Әділет
департаментінде азаматтарды жеке қабылдау өтті.
Қабылдауды Жетісу облысының Әділет департаментінің басшысы Бексұлтан Жандос Елмұратұлы жүргізді.
Қабылдау барысында азаматтың өтініші қаралып, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірулер берілді.
20.10.2026 жылы Жетісу облысының Әділет департаментінде төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.
Қызметкерлерге эвакуациялау тәртібі, қауіпсіздік шаралары және алғашқы көмек көрсету негіздері түсіндірілді.