Меню

Страницы

Статья

Зияткерлік меншікті жетілдіру: жеделдетілген тіркеуден цифрлық платформаға дейін

2025 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның қабылдануы зияткерлік меншікті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам болды. Құжат авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, тауар белгілері мен патенттеу саласындағы негізгі нормаларды нақтылауға, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа реттеу тетіктерін енгізуге арналған.

Заңда тауар белгілерін үш айға дейінгі мерзімде жедел тіркеуді енгізу, сондай-ақ қарсылықтар беру мерзімін ұзарту көзделген, бұл бизнеске өз қызметін неғұрлым сенімді әрі болжамды түрде жоспарлауға мүмкіндік береді. Патенттік сенім білдірілген өкілдер институты дамытылуда: олардың мамандануы енгізіледі, бұл өтінімдерді сүйемелдеудің сапасын және зияткерлік меншік нарығындағы кәсіби сараптама деңгейін арттырады.

Заңда құқықтарды ұжымдық басқаруды цифрландыруға ерекше назар аударылған. Бірыңғай цифрлық платформаны (БЦП) құру шарттар жасасудан бастап авторларға сыйақыларды бөлуге дейінгі барлық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етіп, нарықтың барлық қатысушылары үшін қолжетімді болады. Сонымен қатар құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметіне бақылау шаралары күшейтіліп, ұжымдық басқару салалары кеңейтіледі, оның ішінде шығармаларды интернет желісінде пайдалану да қамтылады, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуына мемлекеттік бақылау енгізіледі.

Жалпы алғанда, Заң зияткерлік меншікті қорғаудың заманауи, түсінікті және әділ жүйесін қалыптастырып, құқық иеленушілер, пайдаланушылар мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтады, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шығармашылықтың, инновациялардың және кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына қолайлы жағдайлар жасайды.

Заң 2026 жылғы 25 қаңтарда күшіне енеді. Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу үш кезеңде жүзеге асырылып, 2027 жылғы қаңтарда аяқталады.

Дата публикации
19 января 2026
Дата обновления
19 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 января 2026
Зияткерлік меншікті жетілдіру: жеделдетілген тіркеуден цифрлық платформаға дейін
Инфографика
21 ноября 2025
Басқару нысандары мен басқару субъектілері жұмысының алгоритмдері
Инфографика
17 ноября 2025
Жасанды интеллект цифрлық көмекшісі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы