Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда борышкерлерді «Цифрлық бақылау» арқылы іздеу іске қосылды

Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және Бас Прокуратура бірлесіп борышкерлерді анықтаудың тетіктерін дамыту бойынша “Цифрлық бақылау” жүйесі мүмкіндіктерін кеңейткен.

Қазіргі таңда Бас прокуратураның «Цифрлық бақылау» (цифровой надзор) жүйесі арқылы қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды тек қала көшелері мен қоғамдық орындарда ғана емес, сондай-ақ әуежайларда, теміржол және метро нысандарында, әлеуметтік маңызы бар ғимараттарда да анықтау мүмкіндігін іске қосты.
Сонымен қатар, борышкерлер халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде немесе әуе және теміржол билеттерін сатып алу барысында деректер базасы арқылы автоматты түрде бет-бейне сәйкестендіру арқылы анықталуда.
Мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айынан іздеуде жүрген борышкерлер саны 4560 адамды құрады. Оның ішінде 2118 тұлғаның тұрғылықты мекенжайлары анықталып, жалпы анықтау көрсеткіші 39,3% болды.
Бұған қоса, аталған жүйе арқылы борышкерлерге тиым салынған автокөліктерді іздестіру мүмкіндігін іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы шаралар Бас прокуратура, Әділет министрлігі және Жеке сот орындаушылардың Республикалық палатасының өзара ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылуда.
Қалалық бейнебақылау камералары мен жасанды интеллект құралдарының көмегімен анықталған, пайдалануға тиым салынған көліктер полиция қызметкерлерінің қатысуымен тоқтатылып, арнайы бекітілген тұрақтарға жеткізіледі. Одан әрі заң талаптарына сәйкес сот актілерін толық әрі уақтылы орындауды қамтамасыз етеді.
Аталған шаралар өндіріп алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ сот шешімдерінің орындалу тиімділігін арттыруға бағытталған.

Дата публикации
14 ноября 2025
Дата обновления
14 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 января 2026
Зияткерлік меншікті жетілдіру: жеделдетілген тіркеуден цифрлық платформаға дейін
Инфографика
21 ноября 2025
Басқару нысандары мен басқару субъектілері жұмысының алгоритмдері
Инфографика
17 ноября 2025
Жасанды интеллект цифрлық көмекшісі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы