ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Талдықорған қаласы 31 шілде 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында, Департамент басшысының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 60/693-вн бұйрығымен құрамына құрылымдық бөлімшелер басшылары енгізілген жұмыс тобы бекітілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық аталған бұйрыққа сәйкес Департамент басшысының орынбасары Е.Е. Ахметбекке жүктелді.
Ішкі талдаумен 2024 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы жұмыс мерзімі қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау Департаменттің барлық бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша келесілер анықталды.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әділет органдары туралы» Заңын, басқа да әділет органдары қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес, Департамент келесі салалардағы функцияларды жүзеге асырады:
- коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, Жетісу облысы мәслихатының, әкімдігінің, әкімінің және тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық актілерін есептік тіркеуді жүзеге асыру;
- құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметтерін көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
- зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;
- «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Департамент бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген ішкі талдау қорытытындысы келесіні көрсетті.
Департаменттің ұйымдастыру және басқарушылық қызметі саласында
Персоналды басқару, сонымен бірге кадрлардың ауысымы
|
2024 жылдың 30 шілде айы бойынша штат саны |
|
|
|
Департамент |
Мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімдері |
|
|
26 |
8 |
|
|
Барлығы: 34 |
|
|
|
2023 жылдың 30 шілде айы бойынша бос лауазымдар саны |
|
|
|
1 |
0 |
|
|
Барлығы: 1 |
|
|
|
2024 жылы қабылданған қызметкерлер саны (басқа МО) |
|
|
|
0 |
0 |
|
|
Барлығы 2024 жылы: 0 |
|
|
|
2024 жылдың қаңтар-шілде аралығында жұмыстан босатылған қызметкерлер саны |
|
|
|
1 |
0 |
|
|
Барлығы 2024 жылы: 1 |
|
|
ТАЛДАУ ЖАСАЛҒАН САЛАДАН ТУЫНДАҒАН БАСҚА ДА МӘСЕЛЕЛЕР
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар
БАҚ бойынша талдау 2024 жылы Департамент қызметкерлеріне қатысты (жағымсыз) жариялымдар фактілері болмағандығын көрсетті.
Департаменттің лауазымдық тұлғаларымен жасалған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша мәліметтер
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес Департамент лауазымды қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылық жасағандары үшін жауапкершілікке тартылғандары туралы мәлімет жоқ.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша
2024 жылы департамент қызметкерлері тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық фактілері орын алған емес.
Тәртіптік практика бойынша
Департаменттің тәртіптік практикасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасынығ Заңы, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза өолдану қағидалары негізінде жұзеге асырылады.
Есептік кезеңде 5 әкімшілік мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды, оның 1 - сөгіс, 4 - ескерту.
|
2023 жылы тәртіптік жаза қолдану бойынша ақпарат |
||
|
Департамент |
Мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімдері |
|
|
|
2 |
3 |
|
Барлығы 2024 жылы: 5 (барлық тәртіптік жазалар орындаушылық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылды) |
||
Департамент қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызметшіге кір келтіретін іс-әрекеттер жіберілген жоқ.
Әдеп нормаларымен еңбек тәртібі сақтау бойынша
Департаментте 2024 жылы әдеп нормаларының талаптарын және еңбек тәртібін сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылықтар фактілері орын алған жоқ.
Конкурс бойынша
Департаментпен бос және уақытша бос орындарды толтыру мақсатында 2024 жылы конкурстар өткізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерді бағалау мен мониторингін талдау бойынша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 628 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдестемесінің негізінде есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілерді бағалау мен мониторингін талдау бойынша 2024 жылдың 2-ші тоқсанында 33 қызметкерге қатысты «Е-қызмет» жүйесі арқылы саралау әдісі бойынша бағалау жүргізілді.
Құжат айналымы бойынша
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштердің ішінен ағымдағы жылы мерзімі бұзылып қаралған өтініштер жоқ, қайта бағыттау мерзімін бұза отырып – 1 өтініш қаралды (бұзушылыққа жол берген қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды).
Департамент қызметінің осы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған емес.
Департаменттің қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласында және тіркеу қызметін бақылау саласында, мәжбүрлеп орындау саласында, сондай-ақ нотариат және адвокатура саласында 2024 жылғы қаңтар-шілде кезеңіндегі қызметіне ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Өз кезегінде, «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу», «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде, сондай-ақ тағылымдамадан өткен және жеке сот қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу кезінде нормативтік құқықтық актілерде бұрын анықталған қайшылықтар қалыптастырылып, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бірлескен бұйрығымен реттеледі.
Жүргізілген талдаудың негізінде, ұсынылады:
Ұсыныстарды орындау мерзімдері:
Жетісу облысы
Әділет департаменті
басшысының орынбасары Е. Ахметбек
|
№ |
Тегі, аты-жөні |
Лауазымы |
Қолы |
|
1 |
Туменбаев Жанат Кулымбетович |
Әкімшілік бөлімінің басшысы |
|
|
2 |
Кунакбаева Гульнар Имангельдиевна |
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы
|
|
|
3 |
Базарбаева Толкын Амантаевна |
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы |
|
|
4 |
Аубакиров Ельтай Нусипбекович |
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы |
|
|
5 |
Ерсайын Жасұлан |
Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы |
|
|
6 |
Исаева Жанна Болатовна |
Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
|