ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Талдықорған қаласы 29 желтоқсан 2023 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында, Департамент басшысының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 60/243-вн бұйрығымен құрамына құрылымдық бөлімшелер басшылары енгізілген жұмыс тобы бекітілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық аталған бұйрыққа сәйкес Департамент басшысының орынбасары Е.Е. Ахметбекке жүктелді.
Ішкі талдаумен 2023 жылдың жұмыс мерзімі қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау Департаменттің барлық бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша келесілер анықталды.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әділет органдары туралы» Заңын, басқа да әділет органдары қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес, Департамент келесі салалардағы функцияларды жүзеге асырады:
- коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, Жетісу облысы мәслихатының, әкімдігінің, әкімінің және тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық актілерін есептік тіркеуді жүзеге асыру;
- құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметтерін көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
- зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;
- «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Департамент бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген ішкі талдау қорытытындысы келесіні көрсетті.
Департаменттің ұйымдастыру және басқарушылық қызметі саласында
Персоналды басқару, сонымен бірге кадрлардың ауысымы
|
2023 жылдың штат саны |
||
|
Департамент |
Аумақтық әділет басқармалары |
Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері |
|
26 |
4 |
8 |
|
Барлығы: 38 |
||
|
2023 жылдың бос лауазымдар саны |
||
|
0 |
4 |
0 |
|
Барлығы: 4 |
||
|
2023 жылы қабылданған қызметкерлер саны (басқа МО) |
||
|
Департамент |
Аумақтық әділет басқармалары |
Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері |
|
0 |
0 |
0 |
|
Барлығы 2023 жылы: 0 |
||
|
2023 жылы жұмыстан босатылған қызметкерлер саны |
||
|
3 |
0 |
1 |
|
Барлығы 2023 жылы: 4 |
||
ТАЛДАУ ЖАСАЛҒАН САЛАДАН ТУЫНДАҒАН БАСҚА ДА МӘСЕЛЕЛЕР
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар
БАҚ бойынша талдау 2023 жылы Департамент қызметкерлеріне қатысты (жағымсыз) жариялымдар фактілері болмағандығын көрсетті.
Департаменттің лауазымдық тұлғаларымен жасалған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша мәліметтер
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес Департамент лауазымды қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылық жасағандары үшін жауапкершілікке тартылғандары туралы мәлімет жоқ.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша
2023 жылы департамент қызметкерлері тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық фактілері орын алған емес.
Тәртіптік практика бойынша
Департаменттің тәртіптік практикасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасынығ Заңы, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза өолдану қағидалары негізінде жұзеге асырылады.
Есептік кезеңде 7 әкімшілік мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды, оның 5 - сөгіс, 2 - ескерту.
|
2023 жылы тәртіптік жаза қолдану бойынша ақпарат |
|||
|
Департамент |
Аумақтық әділет басқармалары |
Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері |
|
|
|
4 |
1 |
2 |
|
Барлығы 2023 жылы: 7 (барлық тәртіптік жазалар орындаушылық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылды) |
|||
Департамент қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызметшіге кір келтіретін іс-әрекеттер жіберілген жоқ.
Әдеп нормаларымен еңбек тәртібі сақтау бойынша
Департаментте 2023 жылы әдеп нормаларының талаптарын және еңбек тәртібін сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылықтар фактілері орын алған жоқ.
Конкурс бойынша
Департаментпен бос және уақытша бос орындарды толтыру мақсатында 2023 жылы бәр болғаны 13 конкурс өткізілді, оның ішінде: ішкі конкурс – 6, жалпы конкурс – 7. Өткізілген конкурс нәтижесінде 9 қызметкер тағайындалды.
Мемлекеттік қызметшілерді бағалау мен мониторингін талдау бойынша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі №628 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдестемесінің негізінде есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілерді бағалау мен мониторингін талдау бойынша 29 қызметкерге қатысты «Е-қызмет» жүйесі арқылы саралау әдісі бойынша бағалау жүргізілді.
Құжат айналымы бойынша
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштердің ішінен ағымдағы жылы мерзімін бұза отырып – 2, қайта бағыттау мерзімін бұза отырып – 2 өтініш қаралды. Бұзушылықтарға жол берген барлық қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Департамент қызметінің осы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған емес.
2023 жылы аралығында қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында
2023 жылға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жетісу облысының әділет департаментіне жалпы сомасы 314627,9 мың теңгеге қаржыландыру бөлді, қаржыландыру жоспары бойынша жыл басынан бастап төлемдер бойынша 242554,4 оның 234245,0 мың теңгесі игерілді (11 ай аралығында ғы қорытындысы бойынша бюджет қаражаты 96,6 % игерілді).
2023 жылғы 11 ай аралығында игерудің жалпы көрсеткіші:
Қаржыландыру жоспары бойынша 100 бағдарлама бойынша: 29759,0 мың теңге, 26641,7 мың теңге игерілді (89%)
Қаржыландыру жоспары бойынша 123 бағдарлама бойынша: 167003,3 мың теңге, 163473,5 мың теңге игерілді (98%)
Қаржыландыру жоспары бойынша 102 бағдарлама бойынша: 7810,0 мың теңге 7762,5 мың теңге игерілді (99%)
Қаржыландыру жоспары бойынша 104 бағдарлама бойынша: 7975,5 мың теңге, 5784,8 мың теңге игерілді (75,4%)
Қаржыландыру жоспары бойынша 005 бағдарлама бойынша: 27250,0 мың теңге, 27002,6 мың теңге игерілді (99%).
2023 жылдың 11 айаралығында жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды.
Департамент қызметінің осы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған емес.
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласында
2023 жылы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 457-бабының 1-тармағына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органының лауазымды тұлғаларына қатысты - 3 әкімшілік іс қозғалып, қаралды:
Тіркелген НҚА жүргізілген қосымша мониторинг нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін 19 акт анықталды.
Көрсетілген актілер бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарының атына 10 НҚА қатысты бұзушылықтарды жою туралы 8 ұсыныс, 9 НҚА қатысты 4 ақпараттық хат жолданды.
Көрсетілген ұсыныстарды қарау нәтижесінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен 7 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды (6-ескерту, 1-сөгіс).
Департамент қызметінің осы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған емес.
Зияткерлік меншік құқықтары саласында
Әділет департаменті тарапынан зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын 6 субъектіге тексеріс жүргізілді.
Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша ӘҚтК 158 бабымен 6 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Есептік кезеңде 1 арыз субъектіге қатысты мәліметтер толық болмауына орай, ал 2 өтініш арыз иесінің сұрауымен қараусыз қалтырылды.
Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде айыппұлдардың жалпы соммасы 393 300 құрады.
Жалпы тәркіленген заттар 96 дана телефон акссуарлары мен косметика бұйымдары, жалпы құны 393 600 теңгені құрап отыр.
Сот актілерін орындау салысындағы негізгі нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары.
Тағылымдамадан өткен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестациядан өткізу және өндіріп алушының өтініші негізінде қозғалатын атқару өндірісі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету:
2023 жылдың қыркүйек айында тағылымдамадан өткен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестациядан өткізу бойынша 2 үміткерлер аттестациялаудан өтті.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.
Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау кезде: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларының 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттарды қабылдап алу аяқталған күннен бастап10 жұмыс күн деп көрсетілген.
Алайда, «Е-лицензирование» Мемлекеттік деректер базасында көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетінқызметті алушылардың арызы келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күн беріледі.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-1-бабының 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін міндетті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
Нотариат және адвокатура саласында негізгі нормативтік құқықтық актілер:
Мемлекеттік қызметтер бойынша
2023 жылы 2 аттестаттау комиссиясының отырысы өткізілген, оның ішінде адвокаттық – 1, нотариаттық – 1.
Шақыртылған үміткерлердің саны – 24, оның ішінде адвокатура бойынша – 19, нотариат бойынша – 5. Аттестациялаудан 5 үміткер өтті, оның ішінде адвокатура бойынша – 4, нотариат бойынша – 1. Аттестаттаудан өткен жоқ – 19, оның ішінде адвокатура бойынша – 15, нотариат бойынша – 4. Аттестаттауға келмеген – 3, оның ішінде адвокатура бойынша – 3, нотариат бойынша – 0.
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.
Атап айтқанда, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-2-бабының 3-тармағына сәйкес, құжаттар тиісінше рәсімделмеген не олардын толық топтамасы табыс етілмеген жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары қайтару себебі туралы жазбаша хабарламамен ол түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде үміткерге өзі ұсынған құжаттарымен бірге өтінішті қарамастан қайтарады.
Алайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметі беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, усынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.
Ұқсас қайшылықтар адвокатура саласындағы заңнамаларында анықталған, айтсақ Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңы (әрі қарай – Заң) және Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы №61 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» қызмет көрсету қағидаларының нормаларымен құжаттарды қайтару, немесе дәлелді бас тарту қарастырылған.
Атап айтсақ, Заңның 40-бабының 3-тармағында құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталына келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларды қарамастан, қайтару себебі туралы хабарламамен бірге үміткерге қайтарады деп көрсетілген.
Алайда, аталған Қағидалардың 5 тармағына сәйкес, Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласы бойынша
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен және аумақтық бөлімдермен 1360 мемқызмет көрсетілген (360-заңды тұлға, 1000-апостиль) - ӘМ-нің мәліметі бойынша.
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласы бойынша 415 (299) тіркеу әрекеттері көрсетілген.
Оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 360:
- алғашқы тіркеу – 132;
- қайта тіркеу – 114;
- өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу – 65;
- тарату– 137 (49 ерікті, 88 сот мәжбүрлі).
Электронды мемлекеттік қызмет саны – 4.
Тіркеуден бас тарту –51, тіркеу мерзіміне үзіліс жариялау –42.
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуден бас тартудың негізсіз фактілер жоқ.
Тіркеу бойынша 2 838 085 тенге бюджетке түсті.
Аталған мерзімде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 466-бабы бойынша заңды тұлағаларға қатысты 5 (бес) әкімшілік іс қозғалған (ескертулер).
Сондай-ақ, сот органдарына әділет департаментінің әрекет/әрекетсіздігіне шағымдар түспеген, жауап беруші ретінде қатыспаған.
Аталған сала бойынша қызметкерлердің әрекетіне шағымдар түспеген, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталмаған.
Департамент қызметінің осы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған емес.
Жүргізілген талдаудың негізінде, ұсынылады:
Ұсыныстарды орындау мерзімдері:
Жетісу облысы
Әділет департаменті
басшысының орынбасары Е. Ахметбек
|
№ |
Тегі, аты-жөні |
Лауазымы |
Қолы |
|
1 |
Туменбаев Жанат Кулымбетович |
Әкімшілік бөлімінің басшысы |
|
|
2 |
Кунакбаева Гульнар Имангельдиевна |
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы
|
|
|
3 |
Базарбаева Толкын Амантаевна |
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы |
|
|
4 |
Аубакиров Ельтай Нусипбекович |
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы |
|
|
5 |
Абдығалиев Ерсін Қанатұлы |
Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
|
|
6 |
Ерсайын Жасұлан |
Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы |
|
|
7 |
Исаева Жанна Болатовна |
Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
|