2026 жылдың 23 қазанында Ұлытау облысы Әділет департаментінің ұйымдастырылуымен ұжым арасында 25 қазан - Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында еліміздің тарихы мен тәуелсіздігінің маңызы айтылып, мекеменің дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер еңбектегі жетістіктері үшін марапатталды.
Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
22 қазан 2026 жылы Ұлытау облысы Әділет департаментінің «Жаңаарқа ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалымен «25 қазан – Республика күні» мерекесі қарсаңында «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің қызметкерлеріне «Конституциялық реформалар – Қазақстан егемендігінің нығаю негізі» атты тақырыпта дәріс оқылды.
Қазақстан Республикасының күні — 25 қазан!
«Егемендік. Әділет. Заңдылық» челленджі
2026 жылғы 22 қазанда Ұлытау облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының күніне орай челлендж өтті.
Қызметкерлер егемендік, әділет, заңдылық пен азаматтардың құқықтарын қорғау құндылықтарын дәріптеп, еліміздің өркендеуі мен жарқын болашағына үлес қосудың маңызын атап өтті.
Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
2026 жылғы 22 қазанда Ұлытау облысының Әділет департаментінің бөлім басшысы Г. Рахимжанова Жезқазған бизнес және көлік колледжінің студенттеріне «Конституция, азаматтардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
21 қазан 2026 жылы тікелеу эфир тақырыбы: «Ғаламтордағы алаяқтарға қарсы медиация: ақшаны сотсыз қайтаруға бола ма?»
20.10.2026 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында, мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Адал азамат» тұжырымдамасы мен 2026–2027 жылдарға арналған Жол картасының 17-тармағын іске асыру мақсатында «Жас ұрпақ – ел болашағы»: Ұлытау облысы Әділет департаментінің қызметкері, «Заңгер ІІІ», «Заңгер ІІ» медальдерінің иегері Ж.Ж. Жолдасова Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№8 гимназиясы» оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында патриоттық көзқарастарды қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру және жастарды адалдыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, Республика күні мерекесінің маңыздылығын түсіндіру.
Өз кезегінде мемлекеттік қызметтің қыр-сырын бөлісіп, жастардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
21.10.2026 ж. Республика күні қарсаңында Ұлытау облысы Әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласын бақылау бөлімі үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу: өзекті мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында ғылыми-танымдық және білім беру бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды. Семинарды Департамент бөлім басшысы Айнұр Қабыловна Нургалиева жүргізіп, қатысушыларға ҮЕҰ-ды тіркеу, қайта тіркеу тәртібі және олардың қызметіндегі құқықтары мен міндеттері бойынша түсініктеме берді.
2026 жылғы 19 қазанда Ұлытау облысының Әділет департаменті халықтың конституциялық-құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру мақсатында Жезқазған қаласы әкімдігінің «Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру орталығы» КММ-де медиатордың қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағымдану тәртібі, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігі қағидаттары түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша құқықтық түсіндірмелер мен консультациялар алды.
20 қазан 2026 жылы 2026-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасының 17-тармағын жүзеге асыру мақсатында, Ұлытау облысы Әділет департаментінің «Жаңаарқа ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалымен Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Оқушылар үйі» КМҚК-да мемлекеттік қызметші мамандығын танымал ету бойынша жастармен кездесу өткізілді.
20 қазан, 2026 жылы Ұлытау облысының Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқығы бөлімі Жезқазған қаласындағы (КММ) №1 жалпы білім беретін мектеппен бірлесіп, «25 қазан — Республика күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғыры — білім мен әділдік» атты біріккен зияткерлік ойын өткізді.
Іс-шараның мақсаты
Оқушылардың бойында отансүйгіштік, құқықтық сана және әділдік құндылықтарын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы білімді тереңдету, сондай-ақ жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру.