Қаржылық сауаттылық - қауіпсіздік кепілі: алаяқтардың құрығына қалай түспеуге болады?
Қазіргі уақытта халықтың қаржылық сауаттылығы — бұл жай ғана дағды
емес, қылмысқа қарсы қажетті «иммунитет». Әділет департаменті Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, азаматтарды қырағы болуға шақырады.
Алаяқтықтың негізгі схемалары:
1. «Банктен немесе арнайы қызметтен қоңырау шалу»: Алаяқтар
өздерін қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып, «күмәнді операция» туралы хабарлайды.
Есіңізде болсын: банк қызметкерлері ешқашан сіздің құпия сөздеріңізді сұрамайды және ақшаны «сақтандыру шоттарына» аударуды талап етпейді.
2. Қаржы пирамидалары: Ең аз салыммен аса жоғары пайда алу туралы уәде беру. Егер ұйым бонус алу үшін «достарыңызды» ертіп келуді
сұраса — бұл пирамиданың белгісі.
3. Жалған сілтемелер (Фишинг): Интернетте сауда жасау кезінде мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Карта деректерін тек тексерілген ресурстарға енгізіңіз.
Сіздің қорғанысыңыз — сабырлылық:
• СМС-кодтарды ешқашан үшінші тұлғаларға айтпаңыз.
• Күмәнді қоңырау түскен жағдайда — тұтқаны қойып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз.
• Заңгерлік кеңес алу үшін ауылдық округтердегі «Құқық кабинеттерінің» көмегіне жүгініңіз.
Есіңізде болсын: Сіздің қырағылығыңыз — қылмыскерлер үшін ең сенімді кедергі!